Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның Ресейге қосылуының ауыр зардаптары
Сабақтың білімділік мақсаты: оқушыларға еліміздің Ресей империясына қосылуының саяси, рухани зардаптары және оның қоныстандыру, орыстандыру саясаты туралы тереңірек түсінік беру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, өскелең ұрпақтың ата тарихын терең оқып - тануға деген қажеттіліктерін арттыру, өз білімдерін жетілдіруге, ойларын ортаға салуға, жеткізе білуге, дағдыландыру, сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын асыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: тарих тағылымынан сабақ алып, өз болашағына батыл қадам жасайтын, халқымыздың біртуар перзенттеріне құрметпен қарайтын, елін, туған жерін сүйетін саналы ұрпақ тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндірмелі, ойын.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд
Сабақтың жабдығы: компьютер
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзілік тарихы, қазақ әдебиеті, география.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Кезекшімен жұмыс
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Орыс демократиялық өкілдерінің Қазақстанға жер аударылуы.
Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында «Тұлғаларға тағзым ету!» атты ойынын ұйымдастыру. Оқушылар тақтадағы ұяшықтарда жасырылған адам бейнесін анықтап, сол тұлға туралы мағлұмат береді. Сұраққа толық жауап берген оқушы саяси қуғын - сүргін құрбандары ескерткішіне гүл шоғын қояды.
Сұрақтар:
• М. Муравьев
• С. Дуров
• Ф. Достоевский
• Т. Г. Шевченко
• Е. Михаэлис
• С. Семенов
• А. Федоров
• А. Майков
ІІІ. Жаңа сабақ
Ресей империясының шаруаларды қазақ жеріне жаппай қоныстандыруы қазақ халқының ежелден қалыптасқан салт - дәстүрін, шаруашылық жүйесін үлкен өзгеріске ұшыратты.
Қазақстан қоныс аударатын аудан ретінде басқа республикалардан келген адамдарға қолайлы болды. Патша өкіметінің орталық саясатының барлық кезеңдерінде қазақ жері талан - таражға түсті. Жергілікті тұрғындар жайлы мекендерін тастап, амалсыз ішкері қарай қоныс аударуға мәжбүр болды. Яғни шұрайлы жайылымдар мен құнарлы егістік алқаптары қоныс аударған орыстар мен казактарға бөлініп берілген. Көшпелілердің ата-мекендерінен, шұрайлы жайылымдарынан айырылуы салдарынан ежелден қалыптасып келе жатқан шаруашылықты жүргізудің тиімді әдістері жойыла бастады.
Отарлау саясатының салдарынан қазақ халқы материалдық жағынан ғана емес, рухани жағынан да зардап шекті. Қазақтарға мөлшерден тыс, ауыр салықтар салынды. Қазақ хандығына бодан мемлекеті ретінде емес, отар мемлекет ретінде қарады. Оның үстіне, барлық қазақ жері Ресей мемлекетінің меншігі болып есептелді.
Шаруашылықтың негізгі саласы – мал шаруашылығы да қатты зардап шекті. Қыста қыстауда, жазда жайлауда көшпелі халықтың жүргізетін мал шаруашылығы Ресей әмірімен күйзеліске ұшырады. Мысалы, Жайықтың оң жағалауына малды жаюына тиым салудан басталды. Тәртіп бұзғандардың малы олжаланып, өздері жер аударылатын болған. Нәтиже болмаған соң Патша өкіметі 1747 жылы 11 мамырда Еділ мен Жайық арасындағы кең даланы өртеп жіберуге әмір етеді.
Патша өкіметінің орыстандыру саясаты қоныстандыру саясатынан асып түспесе, кем болмады.
1. Алфавит
2. Мектептер ашылды
3. Орыс тілі
Отарлаушылар қазақты оқытуға құмар болған жоқ. Оқу - ағарту жүйесінің барлығы қазақты тәуелді етуге және діні мен тілін өзгертуге бағытталды. Мақсаты жергілікті халықтың сауатын ашу емес орыс тілін насихаттау, Ресей империясын, тарихын құрметтеп үлгі тұту, салт - дәстүрімен әдет - ғұрыптарын насихаттау болды.
Патша өкіметінің қазақ даласындағы отарлау, орыстандыру саясатын жүргізуінің басты бағыттарының бірі – жергілікті халықты христиан дініне тарту, шоқындыру, рухани отарлау. Отарланған халық ұстанған дінін жойып, отарлаушы үстем жұрттың дінін енгізу, бұл еуропалықтар тарапынан тәжірибеден өткен, өте тиімді тәсіл ретінде тарихта қалды. Африка құрлығын отарлау барысында «шоқындыру» тәсілін қолданған. Орыс емес халықтарды шоқындыру әрекетін түбегейлі жүргізу үшін 1731 жылы «Шоқындыру кеңесі» құрылды. Қазан қаласында миссионерлер мамандарын даярлай бастады. Миссионерлер дегеніміз – басқа діндегілердің арасында өз дінін уағыздаушылар. Қазақтарды шоқындыру тапсырмасы миссионер Ильминскийге жүктелді. Миссионерлік саясаттың бағыттары:
1. Казак - орыс қоныстарына шіркеу, мінәжат үйлерін салу, осыған жергілікті халықты тарту;
2. Шіркеу - приходтық мектептерін ашу, онда қазақ балаларын оқыту;
3. Жергілікті халық арасында үгіт - насихат жүргізу;
4. Мектепте христиан діні негіздерін оқыту.
Христиан дінін қабылдаған қазақтарға көмек көрсету, олардың құқығын қорғау туралы ерекше нұсқау болған. Құнарлы жерді меншіктеуге, кәсіпкерлікпен айналысуға, тегін несие алуға келгенде оларға орыстармен бірдей жеңілдіктер берілді. Сыйлық ретінде ақшалай қаражат та бөлінді. Патша өкіметінің миссионерлік саясатына Ы. Алтынсарин қарсы шыққандардың бірі еді.
Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейінгі отарлық жағдай қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресіне қозғау салды. Ол ХІІІ, ХІХ, ХХ ғасырлардағы ұлт - азаттық қозғалыстар. Ресей отарлауы күшейген сайын халықтың ұлттық санасын оятып, қазақтың келешегіне көз жіберу, елдің ертеңі не болмақ деп толғанғандар зиялы қатары көбейіп, белсенді үгіт - насихаттың беделі артты. Олар, А. Байтұрсынұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Шоқай, т. б.
ІV. Жаңа сабақты бекіту:
Жаңа сабақты бекіту мақсатында, оқушылардың еліне, Отанына деген патриоттық сезімдерін ояту үшін «Қазақстан – байтақ елім» атты ойынын өткізу.
Сұрақтар:
• Қазақстанда қоныстандыру саясаты қалай жүргізілді?
• Қоныстандыру салдарынан егін, мал шаруашылығы қалай жүргізілді?
• Ассимиляция дегеніміз не?
• Патша өкіметі орыстандыру саясатын неден бастады?
• Патша өкіметінің қазақтарды христиан дініне тарту туралы не білесіңдер?
• Миссионерлер деп кімдерді айтамыз?
• Миссионерлік саясаттың бағыттарын атаңдар
• Ы. Алтынсариннің орыстандыру саясатына көзқарасы қандай?
• Отарлау саясаты күшейген сайын қазақ халқының іс - әрекеті қандай болды?
V. Қорытындылау
Сабаққа белсене араласқан оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталу, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма:
• Қазақстанның Ресейге қосылуының ауыр зардаптары. Қазақстан тарихы хрестоматия (143 - 146 беттер);
• Кесте толтыру. Қазақстанның Ресейге қосылуы
Жағымды жақтары Жағымсыз жақтары
Қазақстанның Ресейге қосылуының ауыр зардаптары
- Aiga
- 26 наурыз 2015
- 12211
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақстанның Ресейге қосылуының ауыр зардаптары
Ұқсас жаңалықтар:
1837-1847 жылдардағы К. Қасымұлының көтерілісі
Мақсаты: 1. К. Қасымұлы көтерілісін саралап, ол отарлық езгіге қарсы ең ірі көтеріліс екенін айқындап, тарихи маңызына сипаттама бере отырып, оның...Сырым Датұлы бастаған көтерілісі
СҚО, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан, Мұқыр ауылы Жеңіс негізгі мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Құлмағанбетов Елеусіз Елтайұлы...Қазақстанның Ресейге қосылуының салдары мен маңызы
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназияның тарих және құқық пәндерінің мұғалімі: Бакеева Гульшат Кайржанқызы...Елі үшін еңіреген ұлы тұлға ...
Жезқазған қаласы № 10 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Қазанғапова Венера Орынбековна...Елі үшін еңіреген ұлы тұлға ...
Жезқазған қаласы № 10 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қазанғапова Венера Орынбековна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.