Факультатив сабағының тақырыбы: Алаш автономиясы және Алашорда үкіметінің құрылуы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметі құрылуы қарастырылған ІІ Жалпықазақ съезінің қаулысын талдап, құрылуының алғы шарттарымен танысу
2. Дамытушылық: Алаш автономиясы мен қазіргі тәуелсіз Қазақстанның даму бағытындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыру арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Қоғамның патриот азаматын қалыптастыру
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдіс - тәсілі: топтық жұмыс
Көрнекілігі: «Алаш» қозғалысы, Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметі туралы еңбектер көрмесі, слайд материалдары.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Ұй жұмысын сұрау
3. Жаңа сабақ
4. Сабақты бекіту
5. Үй жұмысын беру
Қазақ қоғамы және Алаш партиясы тақырыбы бойынша
үй жұмысын тексеру тесті
1. Қазақ зиялылары партия құру әрекетін қай кезде қолға алды?
А) Бірінші орыс революциясы жылдарында
В) Ақпан буржуазиялық - демократиялық революция кезінде
С) Қазан төңкерісі кезінде
D) Азамат соғысы жылдарында
2. 1905 Орал қаласында өткен қазақ облыстары өкілдерінің съезі қандай партия құру туралы шешім қабылдады?
А) «Қазақ конституциялық - демократиялық партиясын»
В) «Халық еркіндігі» (кадеттер) партиясын
С) «Үш жүз» партиясын
D) «Эсерлер» партиясын
3. Қазақтың тұңғыш ұлттық - демократиялық партиясы
А) Үш жүз
В) Кадеттер
С) Алаш
D) эсерлер
4. Қай съезде қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қаралды?
А) Сырдария қазақ - қырғыз съезінде
В) 5 - 13 желтоқсандағы ІІ Жалпықазақ съезінде
С) 21 - 26 шілдедегі І Жалпықазақ съезінде
D) Жетісу қырғыз - қызық съезінде
5. «Алаш» партиясының бағдарламалық жобасы неше бөлімнен тұрды?
А) 5
В) 8
С) 12
D 10
6. «Алаш» партиясының бағдарламасы қай баспада жарияланды?
А) «Айқап» журналында
В) «Қазақ» газетінде
С) «Сарыарқа» газетінде
D) «Жұлдыз» журналында
7. «Алаш» партиясы бағдарламасының бөлімдерін жаз....
8. 1917 жылғы қарашада өткен Бүкілресейлік Құрылтайға қазақ қайраткерлері қай партияның атынан тіркелді?
А) Үш жүз
В) Кадеттер
С) эсерлер
D) Алаш
9. «Алаш» саяси партия ретінде толыққанды қашан ұйымдасты?
А) 1917 ж қараша
В) 1917 ж шілде
С) 1917 ж желтоқсан
D) 1917 ж тамыз
10. «Алаш» партиясының жетекшілері қандай бағдар ұстанатынан жариялады?
А) Шығысқа бағдар ұстанатынан
В) Большевиктер партиясы бағдарын ұстанатынын
С) Батысқа бағдар ұстанатынын
D) Кадеттер партиясы бағдарын ұстанатынын
- Тестті орындап болған соң, оқушылар бір - бірімен дәптерлерін алмастырып, өздерін өздері тексереді.
- Қателерін мұғаліммен бірлесе отырып, талдайды.
Қазақ қоғамы және Алаш партиясы тақырыбы бойынша
үй жұмысын тексеру тестінің кілті
1 - А
2 - А
3 - С
4 - С
5 - D
6 - В
7 - 1. Мемлекет қалпы
2. Жергілікті бостандық
3. Негізгі құқық
4. Дін ісі
5. Сот билігі
6. Ел қорғау
7. Салық
8. Жұмысшылар
9. Ғылым - білім үйрету
10. Жер мәселесі
8 - D
9 - B
10 - C
Жаңа сабақ Жаһанша Досмұхамедовтың «ЕНДІГІ ЖЕРДЕ ҚАЗАҚТЫ - ЕЛ ТҰРМЫСЫН, ТІЛІН, МІНЕЗ - ҚҰЛҚЫН, ӘДЕТ - ҒҰРПЫН БІЛЕТІНДЕР ҒАНА БАСҚАРАДЫ» деген эпиграф сөзімен басталды. Сынып оқушылары «Алаш айнасы», «Алаштанушылар», «Алаш ұрпағы» атты үш топқа бөлінді. Топтарға мынадай тапсырмалар берілді:
Оқушыларға алдын ала «Алаш Орда» энциклопедиясындағы
ІІ Жалпықазақ съезінің қаулысының толық нұсқасын әкелу тапсырылады.
1. «Алаш айнасы» тобына - ІІ Жалпықырғыз - қазақ съезінде Алаш автономиясын құрудан басқа қандай мәселелер қарастырылды?
2. «Алаштанушылар» тобына – ІІ Жалпықырғыз - қазақ съезінде Алаш автономиясын құру мәселесін талқылау
3. «Алаш ұрпағы» тобына - ІІ Жалпықырғыз - қазақ съезінде Алаш милициясы мәселесін талқылау тапсырмалары берілді.
Әр топ берілген тапсырма бойынша талдау жұмыстарын жасап, өз тапсырмалары бойынша қорғау жүргізеді. Жақсы жұмыс жасаған топ анықталады.
ІІ Жалпықазақ съезінің қаулысы талданып болған соң, қорытынды ретінде «Алаш Орда» деректі фильмінен үзінді көрсетіледі. (фильмнің мазмұны – ІІ Жалпықазақ съезінде қабылданған қаулылар мазмұнын Жаһанша мен Халел Досмұхамбетовтердің Ленин мен Сталинге жеткізу үшін Мәскеуге барғандығы туралы )
Үйге тапсырма:
1. Осы тақырыпқа қосымша материал әкелу (Алаш Орда энцеклопедиясынан)
2. «Алаш орда» деректі фильмін толық көріп, «Алаш игілігі» атты эссе жазу
Алаш автономиясы және Алашорда үкіметінің құрылуы
- hazira
- 16 қаңтар 2015
- 11209
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Алаш автономиясы, Алашорда үкіметінің құрылуы, тарих пәні
Ұқсас жаңалықтар:
Мен жастарға сенемін
Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты....Мен қазақ
Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға Алаш деген атты аламын. Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын?...Міржақыптың қайтарған жауабы
Көке аға, осы күнде мен жаспын ғой, Жай-күйіңді біле алмай адастым ғой. Көп жылдар мешеу қалған халық үшін, Алаш деп, бәлшебек деп таластым ғой....Қазақстан тарихы пәніндегі «Алаш» қозғалысы тарихын оқып үйренудің маңыздыл ...
Халықтың өткен өмірі жалпы қоғамдық мәні бар тәжірибе ретінде қорытылып, белгілі бір дәрежеде ұлт игілігіне асқанда ғана құндылыққа айналады. Онсыз...Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылығына арналған дидактикалық материалдар
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.