Сайтқа кіру Тіркелу

Ұлт әдебиетшілерінің «Алқа» тұжырымдамасы

Мақсаты: білімділік, «Алқа» тұжырымдамасының шығу себебі, нәтижесі, ұлттық құндылығы мен тарихи маңызы туралы білімдерін молайту;
тәрбиелік, ұлт зиялыларының идеялары арқылы Отансүйгіштікке, саяси сауаттылыққа тәрбиелеу;
дамытушылық, саяси дүниетанымын, шығармашылық ойлауын дамыту

Типі: жаңа сабақ
Түрі: практикалық
Көрнекі құралдар: фотосуреттерден слайд, «Алқа» ұйымы мүшелерінің кітаптары
Барысы:
Қызығушылықты ояту сатысы.
Оқушыларды 6 топқа бөлу. Әр топқа «Алқа» мүшелерінің атын беру, топ өз атын сол тұлға туралы «Біз үшін кім?» сұрағына жауап беру арқылы қорғап шығады.
1. Әлихан Бөкейханов
2. Мағжан Жұмабаев
3. Жүсіпбек Аймауытов
4. Мұхтар Әуезов
5. Сәбит Дөнентаев
6. Ахмет Байтұрсынов
Мағынаны ажырату сатысы.
6 топқа мәтін таратылады. «Рөлдегі оқушылар» стратегиясы бойынша мәтінге талдау жасалады.
Баяндаушылар – негізгі мәліметтерді баяндайды.
Журналист – осы мәтін негізінде бір проблеманы көтеріп, үндеу мақала жазады.
Фотосуретші – берілген фотосуреттерден «Алқа» фотоколлажын жасайды.
Тарихшы – мәліметті сол кездегі тарихи жағдайлармен байланыстырады.
Дәнекер – бүгінгі күнмен байланыстырады.
Әдебиетшілер – «Алқа» мүшелігіндегі ақындардың ұлттық рухтағы өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
«Алқа» ұйымы – ХХ ғасырдың 20 - жылдары Алаш қайраткерлері бейресми құрған әдеби - мәдени шығармашылық ұйым. 1920 жылы большевиктік диктатура толық орнағаннан кейін Алаш серкесі Әлихан Бөкейхан әріптестерімен: «Не балаларға сабақ беріп, не жорналға, газетке мақала жазып, Алашқа қызмет қылмасақ, не қазақ тілінде кітап жазбасақ, өзге жол бізге бөгеулі ғой» деп сырласты.
Алаш қозғалысының жаңа кезеңі басталды. Бұл кезеңнің рәмізді атауы – Алқа. 1920 - 1924 жылдары идеясы пішіліп - сызылып, талқыланған, ал 1925 жылдың басында зиялылар арасына таратылған Алаш қаламгерлерінің ұйымдасқан шығармашылық жобасының аты – «Алқа» еді. Егер өкімет ресми түрде 1919 жылдан Алаштың іс - әрекеті түгіл атауына тыйым салғанын білсек, бұл «Алқа» – Алаш ныспысымен үндес қана емес, оның идеясының жалғасы болып шығады. Қазан төңкерісінен кейін көркем әдебиеттен таптық принципті талап ете бастаған кезде қазақ қаламгерлерінің оған қарсылық, балама бағыт ретінде құрмақшы болған шығармашылық ұйымының бағдарламасын М. Жұмабаев бастаған ақын - жазушылар 1924 жылы дайындап, 16 данасын қолдан көшірілген пікір білу мақсатымен сол кездегі көрнекті қаламгерлерге таратқан.

“Алқаның”бағдарламасын Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, А. Байтасов, М. Әуезов, С. Сәдуақасов, С. Қожанов, С. Дөнентаев, Ж. Тілеуұлы, Е. Омаров, Е. Алдоңғаров, Ж. Сәрсенбіұлы сияқты қазақ зиялылары, мәдениет - әдебиет қайраткерлері қолдаған. Қолжазба күйінде сақталып қалған “Алқаның” бағдарламасы “Әдебиетіміз”, “Бұл күнге шейін төңкеріс һәм әдебиетіміз”, “Ендігі төңкеріс һәм әдебиетіміз”, “Әдебиет не нәрсе? Әдебиеттің жалпы заңы”, “Марксшілдік һәм әдебиет. Не жазуға” деген негізгі бес бөлімнен тұрады. “Табалдырық” аталған кіріспесі “Қазақ әдебиеті тоғыз жолдың торабында тұр.

Артында бір жол, алдында мың жол” — деген жолдармен басталады да қазақ әдебиеті қандай жолмен дамуы керек деген сауалға жауап іздейді. Қоғамдық, өндірістік қатынастар дамуынан кенжелеу қалған қазақ халқының әдебиеті де дамымаған деген таптық теорияны жоққа шығарып “Шынында қазақтың өзгеше терең әдебиеті болған һәм бар” — деп мәлімдейді. Қазақ әдебиетінің алыбы Абайдың ақындығын аса жоғары бағалап, қазақ әдебиеті өзінен үлгі алатын дәрежеге жеткен жоқ деген сияқты солақай пікірлерді теріске шығарады. Төңкерістің қазақ даласына сырттан әкелінгендігі, сол себепті де қазақ әдебиетінің революцияны жырлауына негіздің жоқтығы, “ұлттық әдебиет өз соқпағымен жүру керектігі” айқын айтылды. “Алқаның” бағдарламасында “искусствоның негізі — сезім, құралы — сезімнен туған сурет, мақсаты — білім беру емес, сезім ояту” деп көрсетілді.

Сондықтан да қырағы НКВД 1929 жылы Алаш арыстарын бірінші мәрте жазалағанда, «Алқа» бағдарламасын шығармашылық ұйымның құжаты емес, саяси ұйымның құжаты деп тапты. Елшіл азаматтарға 1930 - 1937 жылдары үкім шығарарда, олардың «Алқаға» кіргені, ұйым мүшелерімен араласқаны басты айып ретінде тағылды.
« Алқа» дүниеге келгенге дейін өлкелік баспасөзде саясатқа байланбаған еркін шығармашылық туралы Ахмет, Жүсіпбек, Мағжан, Смағұл, Мұхтар т. б. тұлғалардың ой - пікірі жарық көрді. Осы және басқа да сұранысты ескеріп, Мәскеудегі «Күншығыс» баспасында қызметте жүрген Ә. Бөкейхан, М. Жұмабаев Қазақстандағы А. Байтұрсынұлы, С. Сәдуақасұлы т. б. қайраткерлермен ақылдасып, жаңа әдеби ұйымның бағдарламасын жасады. Ол елдегі және сырттағы қалаларда жүрген басты 16 қаламгерге таратылды.

Руханият тарихында ешнәрсе кездейсоқ тумайды. Шешiмдi, табанды әрбiр қадамның себебi бар. 1924 - 1925 жылдары өмiр жүзiне шыққан «Алқа» мұраты тарихи қажеттiлiктен пайда болды. Оны ешкiм сырттан таңған жоқ: “Алқаны” қазақ ой - санасының сұранымы дүниеге әкелдi. Шығармашылық қауымды біріктіретін жобаның хатқа түсуi – азат мұраттың, зиялы елдiк нышанның нақтылануы едi.
Олар "Алқа"журналының 16 данасын қолжазба күйiнде жарыққа шығарды.
Аталмыш "Алқа" ұйымының ең басты ұстанымы — әдебиеттегi таптық принциптi мансұқтау болатын. "Алқаға" мүше болған арыстарымыздың аман қалғаны жоқ; кейiнiрек барлығы дерлiк сталиндiк қанды жазалаудың бейкүнә құрбандарына айналды. “Алқа” бағдарламасының қолжазбасынан көшірілген фотонұсқасы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің архивінде сақтаулы.

Ой толғаныс сатысы.
Кері байланыс парағы таратылады.
Бағалау.
Үйге тапсырма. Негізгі мәліметтерді, «Алқа» ұйымы мүшелерінің өлеңдерін жаттау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстан тарихы пәніндегі «Алаш» қозғалысы тарихын оқып үйренудің маңыздыл ...

Қазақстан тарихы пәніндегі «Алаш» қозғалысы тарихын оқып үйренудің маңыздыл ...

Халықтың өткен өмірі жалпы қоғамдық мәні бар тәжірибе ретінде қорытылып, белгілі бір дәрежеде ұлт игілігіне асқанда ғана құндылыққа айналады. Онсыз...
Әлихан Бөкейханов Алаштың ардақтысы дөңгелек үстел

Әлихан Бөкейханов Алаштың ардақтысы дөңгелек үстел

Алаш партиясының бірінші төрағасы Әлихан Бөкейханов туралы жан – жақты түсінік бере отырып, Ә. Бөкейхановтың қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі...
Алқа тұқымдастар – кіріккенкүлтелі өсімдіктер

Алқа тұқымдастар – кіріккенкүлтелі өсімдіктер

Алқа тұқымдастарының ғаламшарымызда 2900 - ге жуық түрі бар. Бұлардың көпшілігі мәдени өсімдіктер. Алқа тұқымдастарының жабайы түрлері де көп. Ауа...
Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылығына арналған дидактикалық материалдар

Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылығына арналған дидактикалық материалдар

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?...
Ахмет Байтұрсынұлы өмірі және шығармашылығы

Ахмет Байтұрсынұлы өмірі және шығармашылығы

Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×