Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақтың ұлттық мемлекеттілігінің қайта қалпына келтірілуі

Тақырыбы: §7. «Қазақтың ұлттық мемлекеттігінің қайта қалпына келтірілуі»
Типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақ жерінің Қазақ АКСР – інің құрамына кіруі жөнінде тарихи мәліметтермен таныстыру арқылы оқиғаның тарихи маңызын түсіндіру, оқушылардың білім – біліктілігін арттыру;
Тәрбиелілік: Оқушылардың бойында тақырып бойынша білімдерін тексере отырып оқушылардың шығармашылық қабілетін, ой – өрісін, тіл байлығын дамыту, отан сұйгіштікке тәрбиелеу, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;
Дамытушылық: Оқушыларды ізденімпаздыққа баулу, оқушылардың ойлау қабілеті мен рухани байлығын дамыту, сөздерді оқытудың сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша талдай білуге үйрету;
Әдісі: аралас (сұрақ – жауап, СКТ, тест, тарихи диктант)
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, Ақмешіт, Ақмола, Верный қалалары жөнінде суреттер, Алматы, Астана қалалары туралы дискілер, Қазақ АКСР – інің картасы, көрнекті қайраткерлердің портреттері, т. б.
Пайдаланылған әдебиеттер: Н. А. Оразақынова «СКТ технологиясы» А. 2005. «Үш қиян», «Ақмола энциклопедиясы» А. 1995ж. Нұрғалиев «История Астаны» Е. Калиева, Н. Назарбаев «Еуразия жүрегінде» А. 2005. «Қазақ ұлттық инциклопедиясы» 1, 7 томдар. «Ана тілі» газеті №20, 08. 15 – 21 мамыр, №14 – 19 мамыр. Ж. Әлмашев «Сұлтанбек Қожанов» А. 2003.
Пәнаралық байланыстар: қазақ тілі, әдебиет, география, ән – әуез.
Жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. §7.«Қазақтың ұлттық мемлекеттілігінің қайта қалпына келтірілуі».
Сабақтың мақсатымен таныстыру
1. Мұғалімнің сөзі:
- Патша үкіметі қазақ жерін ертеден – ақ отарлады. Оралдан асып, Тынық мұхитқа жетер жолда Еуразия аумағын мекен еткен бұл жауынгер елді бағындыру үшін 2 ғасырға жуық аяусыз күрес жүргізілді:
Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, автономиялық, ұлттық мемлекет құру идеясы қозғалыстың негізгі көзіне айналды. Осылай ХХ ғ. б. ұлт – азаттық қозғалыс өзінің даму барысында қазақтың ұлттық мемлекеттігі - Алашорда үкіметін құруға алып келген еді.
2. СКТ. Бойынша тақырыпты түсіндіру – 1 таблица
1 тақырыпшаға қосымша материал:
1. В. И. Ленин.
2. Алашорда үкіметі туралы мәлімет.
3. СКТ. Бойынша 2 тақырыпты түсіндіру – 2 таблица. Слайдтар:
1. В. И. Ленин + Пестковский. Қаз АКСР – ң ревкомының құрамы
4. Ревкомның, Қаз АКСР құрамы. таблица
5. Астаналар. Әр астаналар жөнінде көне кезеңдері және жаңа ХХ ғасырдағы
сәулет өнері ескерткіштеріне көрініс – слайдтар көрсету.
Слайдпен жұмыс: карта 4 астанның суреттері.
І. Орынбор (1920 – 1924 ж. ж.) – слайд. Республиканың оңтүстік облыстарында тұрып жатқан қазақ халықтарының басым көпшілігі бөлігінің Орынбордан алыстау болуы астананы көшірудің қажеттіліктерін туғызған шарттардың бірі еді.
ІІ. Ақмешіт – Перовск – Қызылорда. (1924 – 1929 ж. ж.) Сұлтанбек Қожанов – Қазақ өлкелік партия комитетінің екінші хатшысы астананы Қызылордаға көшіруді ұсынған. Қызылорда құрылғанына – 190 жыл, астана болғанына – 80 жыл.
ІІІ. Алматы (1929 – 1997 ж. ж.) слайдтар, қаланың эмблемасы.
ІV. Ақмола – Целиноград – Астана (1997 ж. б.) Қазақстан астанасын Алматыдан елдің басқа бір өңіріне көшіру міндеті қойылды. Ал астананы нақ Алматыға ауыстырылғаны оны қайда көшіру керек еді деген сұраққа мейлінше жақын жауап еді
СКТ бойынша фонологиялық талдаудың үлгісі.
Қазақ
1. Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай жуан буынды сөз. Себебі сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жуан дауыстылар.
2. Бұл сөз: қа - зақ болып екі буынға бөлінеді. Себебі сөздің құрамында екі дауысты дыбыс бар. Қа - буыны ашық буын. Себебі буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұр; зақ - буыны бітеу буын. Себебі буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр.
Қа – зақ А. б. б. б
3. Бұл сөз Қа - зақ болып бір жағдайда тасымалданады. Себебі сөз екі буыннан тұр немесе сөз буын жігіне сәйкес тасымалданған.
4. Бұл сөзде екпін - зақ буынындағы а дауысты дыбысына түсіп тұр.
Қазақ
5. Түбір мен қосымшаның арасында буын үндестігі жоқ.. Себебі түбір сөз.
6. Сөзде дыбыс үндестігі жоқ.. Себебі түбір сөз.
Тарихи диктант
1................ қаласы............. жылдар аралығында Қазақ АКСР – нің тұңғыш астанасы болды.
2. 1919 жылы 10 шілдеде.......................... Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет туралы.............. қол қойды.
3. Қазревкомның органы................ газеті.
4. Қостанай аймағын Қазақстан құрамына қосу қажет екенін.................................. мен................... жан – жақты дәлелдеп берді.
5. Қазақстан астанасы 1929 жылы.......................... ауысты.
6. Семей облысының құрамына................,........................,............................,..........................,...................................... уездері кірді.
7. Республика халқының саны.......... адамға жетті.
8. 1921 жылы................. және................. облыстары Сібір ревкомы қарамағынан Қазақ АКСР – іне берілді.
ІІІ. Мұғалімнің сөзі:
- Көріп тұрғанымыздай, адамзат тарихында мемлекеттер астаналарын көшірумен қайта атау мысалы өте көп. Бірақ іс жүзінде әлемде бірде – бір мемлекет мекені ол қуаты күшті алып болсын, мейлі орташа болсын, бәрібір астананы көшіру қажеттілігінен қашып құтыла алмайды. Олардың қатарына өзіміздің Қазақстан да жатады. Оны рекорд деп санауға бола ма, білмеймін, бірақ бір ғана ХХ ғ. ішінде тұтас 5 қала біздің мемлекетіміздің астанасы болып белгіленді.
ІV. СКТ технологиясымен сөздерді фонологиялық талдау:
1. қазақ -
V. Тарихи диктант (интерактивті тақтамен жұмыс)
VІ. Тест алу (бірін – бірі тексеру).
VІІ. Әнұран. СКТ технологиясы бойынша. «Тарихтың тал бесігі тербеледі».
VІІІ. Қорытындылау.
ІХ. Бағалау.
Х. Үйге: 1) §7, оқу, түсінік айту.
2) Реферат: «Сұлтанбек Қожанов – ол кім?».
3) СКТ технологиясы бойынша екі сөз талдап келу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×