Сабақтың тақырыбы: Нәзір Төреқұлов, Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердіұлы еңбектеріндегі экономикалық қатынастар туралы
Мақсаты: оқушыларға ұлт зиялыларының еңбектеріндегі экономика мәселелері туралы ой қозғау және оны бүгінгі өмірімізбен байланыстыра отырып түсіндіру
Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін ашу, ойлау және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, адал еңбекпен байлыққа жетуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: ауызша журнал
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бүктемелер, кітаптар көрмесі, баспасөз материалдары, тірек сызбалар, иллюстрациялар т. б.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, география, экономика.
Сабақтың барысы: Кіріспе сөз
Қазақ елінің, қазақ жүртының сынға түскен тарихи кезеңдерінде, алмағайып замандарда әсіресе қазақ оқығандары, ұлт зиялылары жанқиярлық еңбек көрсетті. Ұлт болашағын ойлап қам жеген, халқы үшін от пен суға түскен, азап шеккен, керек болса осы мақсатта басын бәйгеге тігіп, жан қиған да осы Алаш арыстары болды.
1 - бет
А. Байтұрсынов - өмірі мен қызметі, ақын, қоғам қайраткері
19 ғасырдың жарқын жүлдыздары - Шоқан, Ыбырай, Абай салған ағартушылық — демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл басы, дарынды ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангельдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886 - 1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891 - 1895 жылдары Орынбордағы мүғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмай, өздігінен оқып білімін жетілдіреді. Ахмет Байтұрсынов 1905 жылы ревлюцияны Қарқаралыда қарсы алды. Осы жерде тұрған кезде А. Байтұрсыновтың саяси
көзқарасы жан - жақты кеңейе түсті. Қарқаралыда тұрған кезде А. Байтұрсыновты ел мұңы, халық қамы, әділетсіздік жағдайлар қатты толғандырды.
2 - бет
Ш. Құдайбердіұлы - өмір беттерінен очерктер
19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі ірі ақын, ғұлама ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының орны үлкен. Шәкәрім Құдайбердіұлы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданындағы Шыңғыс тауының бөктерінде 1858 жылы 11 шілдеде дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың бәйбішесі Күңкеден туған. Құдайберді 37 жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймады. Оның ерекеше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады. Жиырмаға толғаннан кейінгі үш жылын Шәкәрім болыс болып, ел басқаруға арнаған. 1905 - 1906 жылдары Шәкәрім ел, жер тану сапарымен Араб, Түрік, Еуропа елдерін аралауға шығады. Меккеде болады. Ой өрісі кеңейіп, өмір, қоғам, жан, тән жайында жаңаша байыптай бастайды.
Ш. Құдайбердіұлы Қазан төңкерісіне дейін сыншыл реалист ақын ретінде қалыптасты. Идеялық мақсаты жағынан демократтық - халықтық, гуманистік - ағартушылық бағытты ұстанды.
2 - бет
Н. Төреқұлов - елші, қоғам қайраткері, тарихи тұлға
Қазақ халқы да тарих саясатына талай саңлақ ұл - қыздарын шығарған. Осындай мақтан тұтар, өмірі - мектеп, ісі үлгі, жұлдызы жарық, даңқы асқақ ардагерлеріміздің бірі - Нәзір Төрекұлов.
Н. Төреқұлов Қоқан қаласында 1892 жылы дүниеге келген. Алғаш ескі әдісті діни мектепте оқып, артынша жергілікті орыс мектебіне ауысқан. 1905 жылы оны бітіріп, сауда - саттық училищесіне түскен.
Н. Төреқұлов - ең алдымен революционер. Патша самодержавиесінің озбырлығына, бұратана елдерге жасаған қысастығына өштігі оны 1916 жылы Батыс майданына, қара жүмыста жүрген түркістандықтардың ортасына апарған.
Нәзір Ұлы Октябрь революциясын Торғай даласында қарсы алды. Бұдан былай большевиктер сапында қимыл жасайды.
Н. Төреқүлов - коғам қайраткері, әдебиетші, сыншы, ақын. Ол ғалым. Ірі - дипломат.
4 - бет
А. Байтұрсынов еңбектеріндегі экономикалық қатынастар туралы ой - толғау. “Маса”, “Жиған - терген ” өлеңдерін талдау.
Ахмет өз ұлтының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресте бұқараның жүрегіне қозғау салар, ұйқысынан оятар қаруы - өлең сөз деп түсінді.
А. Байтұрсыновтың өлеңдер жинағын “Маса” деп атауы да тегін емес еді. Ол ұйқыда, саясаттан тыс жатқан надан халқын қүлағына маса боп ызыңдап оятуды ойлады. Ақын арманы - “адамдық диханшысы” болып халқына қызмет ету.
Адамдық диханшысы қырға шықтым,
Көгі жоқ, көгалы жоқ - қорға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, төгіп,
Көңілін көтеруге құл халықтың.
Бұл үзінді үлкен мұратты танытады. “Көгі жоқ, көгалы жоқ” сусыз қырда диханшы болу,”адамдықтың түқымын” егу - оңай шаруа емес. Оның үстіне халқы еріксіз, біреуге құл болса... Ақын өзі өскен ортаға, қазақ қоғамының қалпына сын көзімен қарап, көңілін жүдеткен, күйіндірген көкейкесті шындықты ашына сынайды.
Ақын “Жиған - терген” өлеңінде халықтың ғаріп күйге түсуінің себебін іздестіреді. Өткенге қарасам, хандар халықты жөндеп баға алмай, басқаға сатыпты. Бері келген соң шен - шекпенге сатылыпты. Халықтан алым алыпты деп келеңсіз жайларды көрсетеді.
Тайыр Мансуровтың “Елші Нәзір Төреқұловтың Арабия дастаны” деген еңбегін талдау.
Н. Төреқұлов қазақтан шыққан түңғыш кәсіби, білікті дипломат, елші болғандығын және оның есімі сол кезде, көзі тірісінде - ақ халықаралық деңгейде танылғандығын, жоғары бағаланғандығын бүгін үлкен мақтанышпен айтуға тиістіміз.
Н. Төреқұлов елшілік қызметін тез арада меңгеріп, жергілікті саяси қайраткерлермен, ірі саудагерлермен өзара сенімді қатынастар орната алды.
1930 жылы сауда шарты жасалмаған кездің өзінде, Н. Төреқұлов Сауд режіміне кеңестік мұнай өнімдерін сату жөнінде қым - қуыт келіссөз жүргізді.
Әңгіме 50 мың “жәшік” бензин, керосин сату туралы. Бұл өнім елдің бір жылғы қажетін өтейтін еді. Сауд жағы мұнай өнімдерінен басқа, КСРО - дан ағаш, ұн, күкірт, қант, және мата сатып алуға тілек білдірді. 1931 жылы 2 тамызда Нәзір мен ханзада Фейсалдың қатысуымен 150 мың доллардың бензині мен керосинін несиеге сату туралы шартқа қол қойылды,
Н. Төреқұловтың еңбегін КСРО Сыртқы істер халық комиссарының орынбасары Л. Қарахан оған жазған хаттарында жоғары бағалаған.
Ш. Құдайбердіұлыньң “Мұсылмандық шарты” еңбегіндегі сауда туралы,”Мал жимақ” өлеңіндегі еңбек етіп мал табу туралы мәселені талдау.
Шәкәрімнің “Мұсылмандық шарты” атты еңбегінде сауда туралы да айтылады. Біреуден біреу мал алса анықтап жазып алу керек. Мұндай несиеге алғанда анықты уақыт айтыспаса, жарамайды. Күзем уақыты, пішен уақыты, қырман басқанда, соғым сойғанда дегендейлер болмайды. Себебі олар кейде ерте, кейде кеш болады.
Сөздікпен жұмыс:
Ал енді балалар осы тақырыптарда экономика туралы сөздер кездесті ме? Ол қандай сөздер? Енді сол сөздерге түсінік бере кетейік.
1. Елші - бір мемлекеттің басқа мемлекеттегі дипломатиялық өкілі - елшісі.
2. Дипломат - 1. елшінің немесе сыртқы істер министрлігінің қызметкері
2. адамдар арасындағы қатынасты, істі өте шебер жүргізе білетін адам.
3. Тауар - еңбектің айырбас, сату үшін жасалған өнімі
4. Экономика - белгілі бір қоғамның экономикалық құрылысын және оның қондырмасын сипаттайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы
5. Ақша - товарлы өндіріске тән экономикалық категория
6. Банк - қарыз беруші және қарыз алушының арасында делдалдық жасайтын, сөйтіп ақша капиталымен сауда жүргізетін және ақша операциясын жасайтын мекеме
5 - бет
Экономика туралы афоризмдер:
1. Экономика - дегеніміз өмірдің ең жақсы жақтарын пайдалана білу.
Б. Шоу
2. Сауда ешқандай халықты жоқшылыққа жеткізген емес.
В. Франклин
3. Адамның кұны - оның жалақысы.
(ағылшын мақалы)
4. Егер біз бір нәрсені сатып алмасақ, онда біз ешнәрсемізді сата алмаймыз. •
У. Мак - Кинли
5. Егер тәуелсіз қоғам кедейлерді қорғай алмаса, санаулы байларды да сақтап қала алмайды.
Дж. Кеннеди
6. Салықтың кереметі болмайды.
У. Черчилль
7. Егер сен жұмыссыз болсаң, жүмыссыздықтың деңгейі жүз пайыз болады.
(халық мақалы)
8. Банкир көрнекті түлға, ол өз иығында бүкіл әлемді көтереді.
Г. Кэссон
Сұрақтар:
1. А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердіұлы, Н. Төреқұловтың еңбектерінен экономикалық қатынастар туралы не білдіңдер?
2. А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердіұлы, Н. Төреқүлов шығармаларындағы экономикалық қатынастардың бүгінгі өмірмен үндестігі бар ма?
3. Бүгінгі әлемдік дағдарыс туралы не айта алар едіңдер?
4. Экономикалық дағдарыстың біздің өмірімізге тигізер зияны қандай деп ойлайсыңдар?
Қорытындылау.
Осылайша қазақ ұлтының бүгінгі жарқын болашағын жақындатуға, оның іргетасын қаласуға сонау өткен XX ғасырдың алғашқы жылдарында аянбай еңбек еткен, қыруар жұмыс жасаған А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердіұлы, Н. Төреқұлов қоғамдық және саяси өміріміздің әр саласында еңбек етіп, сол арқылы әрқайсысының түптің түбінде ұлттық тәуелсіздігімізге қол жеткізуге әрекет жасағандығын аңғарамыз.
Нәзір Төреқұлов, Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердіұлы еңбектеріндегі экономикалық қатынастар туралы
- ПеризатШ
- 5 мам 2013
- 6003
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Нәзір Төреқұлов, Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердіұлы
Ұқсас жаңалықтар:
Пейіл, ынсап, мейірім туралы ұлағатты сөздер
Пейілі кедей байдан сақта. Абай Құнанбайұлы Адамның ең асылы - қиянатсыз, ақ пейіл адам. Шәкәрім Құдайбердіұлы...Иман туралы ұлағатты сөздер
Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды. Абай Құнанбайұлы...Қалқаман - Мамыр поэмасы
Шәкәрім шығармашылығымен таныстыру, поэманың мазмұнын ұғындыру арқылы кейіпкерлерге мінездеме беру, шығарманы композициялық құрылымына талдау....Шәкәрім Құдайбердіұлы. Жолама қулар маңайға, Адамдық борышың өлеңдері
Шәкәрімнің өскен ортасы, шығармашылығы туралы терең білім беру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға, жатқа айтуға баулу, әндерін үйрету. Оқушылардың Шәкәрім...Ахмет Байтұрсынұлы өмірі және шығармашылығы
Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.