Сайтқа кіру Тіркелу

Діни экстремизмның алдын алу

Сабақтың тақырыбы: «Дін экстремизмның алдын алу»
Мақсаты:
1. Білімдік: Экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру,
Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру.
2. Дамытушылық: Оқушыларды БАҚ құралдары мен ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, дамыта оқыту.
3. Тәрбиелік: Келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дөңгелек үстел
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар / слайд суреттері – плакаттар,
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Келген қонақпен таныстыру, сабақ жоспарымен таныстыру
1 Экстремизм деген не? Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз?
2 Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себеп - салдары қандай?
3 Мектептегі дін тану пәнінің сен үшін қандай маңызы бар, оған қосар ойың?
4 Діни кітаптар шығарып жүрген Бас мүфтиі Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі
5 Мұсылмандар
6 Діни экстремизм және оның алдын - алу үшін не істеу керек деп ойлайсың?
7 Қорытынды

ІІІ. Қорытындылау
10. Соңғы пікір

Кіріспе сөз Құқық пәнінің мұғалімі Узакбаева Д Құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар. Бүгін сіздер «Діни экстремизмнің алдын алу.» атты 8 - 11сыныптар арасындағы дөңгелек үстелде бас қосып отырсыздар. Қоғамның ең әлсіз тұсы дін, жастарымыздың дін туралы сауаттылығы нашарынан ба, әлде бір себеппен ба, секталарға кіру себебі, Бүгінгі «Діни экстремизмнің алдын алу.» тақырыбы да осы арнаға келіп саяды. қазіргі уақытта қоғамның, мемлекеттің ең өзекті мәселесі осы жайында бүгін біздің оқушыларымыз сіздерге ой тастайды.
1 - жүргізуші: Ислам араб сөзі, аллаға бойынұсыну деген мағына білдіреді, Ислам діні VІ ғасырдан Арабия түбегінен тарай бастады, Ислам діні әлемде 1, 3 млрд адам ұстанады, және де мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекеттер де бар, Ислам діні бүкіл әлемде көк пен жерді жаратушы, Аллаға ғана сенуді уағыздайды. Ал ислам дінінің алғышартының бірі Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед алланың елшісі екендігіне куәлік беру. Ислам діні – адам баласын тура жолға бастайтын дін. Адамды мейірімділікке, бауырмашылыққа, қайырымдылыққа үйретеді, Имансыз ұлт болмайтынын түсінген атам қазақ, ислам дініне қатты көңіл бөлген, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас»- деп жырлаған ұлы Абай ислам дініне берік болған ғой, ал қазіргі таңда кездесіп отырған келеңсіз жағдайлар неден,- деп қарастырып көрейік
1 - жүргізуші: Экстремизм деген не? Қоғамға тигізер әсері қандай?
Әлімжан: Қазіргі таңда діни - ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс.
Жадыра: Әлімжанның сұрағына қосатын болсам, я нақты балама жоқ Енді осы экстремизмнің мағынасын объективті түрде түсіндіріп көретін болсам,. Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мәні соңғы, шеткі деген мағынаны білдіреді, ал саяси мағынасы шектен шыққан көзқарас пен іс - әрекет арқылы ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен. Сонымен қатар, бұл – тікелей немесе жанама түрде парламенттік демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет түрі.
1 - жүргізуші Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз?
Азамат менің ойымша біріншіден, мемлекетте диктатура орнатуды ашық жариялайды, яғни бұл дегеніңіз елдегі азаматтардың саяси және азаматтық құқықтарын кемсіту; екіншіден, елдегі конституциялық құрылымды үзілді - кесілді мойындамайды, оны зорлық - зомбылық күшімен жоюға және билікті заңсыз басып алуға ашық түрде насихаттайды; үшіншіден, заңсыз қарулы жасақтар құрады; төртіншіден, елде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни алауыздықты қоздырады, сонымен қатар, осы ерекшеліктер бойынша азаматтардың құқығын шектеуді мақсат етеді; бесіншіден, елде белгілі бір ұлттың немесе діни конфессияның тоталитарлық режимін орнатуға ұмтылады.

1 - жүргізуші Сонымен, «діни экстремизм» дегенді қалай түсіндірер едіңіз?
Асыл - Айжан қоғамдағы дәстүрлі діннің құндылықтарын жоққа шығару. Дәстүрлі дінге жат «идеяны» белсенді насихаттау. Зайырлы қоғамға қарсы әрекет ету. Қоғамға белгілі бір діни конфессия бойынша өз түсініктері мен көзқарастарын насихаттау деуге болады.
1 - жүргізуші Жоғарыда аталған іс - әрекеттерді жасайтындарды, сәйкесінше, экстремистер дейді. Соңғы жылдары экстремистер өз мақсаттарына жету үшін «қанды террорлық» әрекетті құрал ретінде қолданып, әлем жұртшылығын алаңдатып отыр.
1 - жүргізуші: Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себеп - салдары қандай?
Қожантайқызы Перизат Қазақ елінің соңғы бір жылдан бері үсті - үстіне болған жарылыстардан ұйқысы қашып, мазасы кете бастады. Өткен жылы Ақтау абақтысынан басталған діни дүрбелең, іле - шала Ақтөбе, Қазір халық енді қай жерде дүмпу болады деп үрей құшағында өмір сүруде. Кеше Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі қоғам көңілін басқан қалың тұманды сейілту үшін шұғыл жиын өткізіп, діни экстремизмнің алдын алу мәселесін жан - жақты талқылады. Тұрымтай кеңесте Елбасы лаңкестерді түбегейлі жоюға мемлекеттің күш - жігері жететінін нық сеніммен айтты. Десе де, енді бұл дертпен ҚМДБ немесе құқық қорғау орындары ғана емес, бүкіл қоғам болып күресу керек секілді. Өйткені, діни экстремизм мемлекет тұтастығына сызат түсіріп отырған бірден - бір қауіпке айналып отыр. Ендеше, еліміздегі діни шиеленіскен ахуалдың себеп - салдарының күрмеуін ағытуға біз де өз тарапымыздан азаматтық пікір білдіруді жөн санаймын.

Асылхан Бұрын біздің ата - әжелеріміз Кеңес кезінде дінді ашық ұстай алмады. себебі....
Аяжан менің жеке пікірім бойынша Біріншіден, еліміз тоқсаныншы жылдардың басында тәуелсіздікті нығайту үшін мемлекеттің күш - жігерін негізінен экономикалық әлеуетті арттыруға жұмсады. Осының әсерінен руханият саласы мешеулікке ұрынды. Қожа - молдалар үшін аласапыран заман саналған жетпіс жылдық атеистік дәуірдің өзінде дәл тоқсаныншы жылдардағыдай қазақ халқының руханияты тым төмендемеген еді.
Саламат Кеңес билігі кезеңінде ұлт зиялылары руханиятқа деген қажеттілікті әдебиет пен өнер арқылы өтеп, халыққа шама-шарқынша дұрыс тәлім - тәрбие беріп келді. Ал тоқсаныншы жылдардағы әлеуметтік - экономикалық дағдарыс осы тәрбие мектебіне де өз салқынын тигізді. дәлел келтіретін болсам, Мемлекет халықтың рухани бағытын айқындап бермеген соң, қаталаған қалың бұқара шөлі қанбаса да секталардың жалаң діни ақпаратынан су ұрттай бастады. Ал, миссионерлер болса, халықтың осы мағынауи һәм материалдық қажеттілігін өз мақсаттарына ұтымды пайдалана білді. Егер біздің билік Кеңестік кезеңде белгілі бір деңгейге көтерілген мәдениет пен әдебиетімізді аман сақтап қала алғанда, бәлкім, дәл бүгінгідей рухани дағдарыс орын алмаған болар еді.

Дамира Осыған байланысты 2006 жылғы 8 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы «Ғаламдық террормен күрес» стратегиясын қабылдады. Бұл құжатта БҰҰ - ға мүше мемлекеттер экстремизм мен терроризмнің барлық пішінін бір жақты айыптайды және осыған қарсы тығыз ынтымақтастық арқылы әрекет етуге дайын екендігін көрсетеді. Стратегияны әр мемлекет шынайы түрде іске асырып жатса, діни экстремизм мен күрес шын мәнінде өз нәтижесін берер еді.
Елімізде 2005 жылдың 18 ақпанында «Экстремизмге қарсы іс - қимыл туралы» Заң қабылданды. Осы заңның 10 - бабы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шет мемлекеттердің органдарымен және халықаралық ұйымдармен экстремизмнің алдын алу, анықтау және жолын кесу саласындағы өзара іс - қимылы» деп аталады. Осы бап жоғарыда аталған БҰҰ - ның «Ғаламдық террормен күрес» стратегиясына сәйкес еді. Демек, еліміз аталған стратегиядан бір жыл бұрын қабылданған заңы арқылы экстремизм мен терроризмге қарсы басқа мемлекеттермен бірігіп күресуге әбден дайын.
Қазақстан өзі тарапынан аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, сонымен қатар, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнату үшін қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр. Соның бір мысалы ретінде Қазақстанның 1996 жылы «Шанхай бестігі» деген атаумен құрылып, 2001 жылдың 1 маусымынан бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымы аталған құрылым аясындағы экстремизм мен терроризмге қарсы нақты іс - шараларын айтуға болады.

1 - жүргізуші Мектептегі дін тану пәнінің сен үшін қандай маңызы бар, оған қосар ойың?
Нұрбол Оқушылардың бойына діни санасы мен діни білімін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. еліміз бойынша мектептерде «Дінтану негіздері»пәні оқытылуда. Мұны дұрыс шешім деп қабылдауымыз керек.
Асыл - Айжан өкінішке орай, сол пәнді оқытатын мамандар жеткіліксіз, мамансыз дін тану пәнін жүргізу – ең үлкен қателік, егер де жас азаматтардың діни санасын қалыптастыруға дін маманы, дінтанушы білім бермесе оның дүние танымы, діни санасы қайда бағытталары белгісіз.
Перизат Асыл - Айжанға қарсы пікір білдірсем бе деп ем, мысалы мектепте дін пәнінен тарих немесе құқық пәнінің мұғалімдері береді, сонда олар бермесін дегенге мүлдем келіспес едім, өйткені әрбір азаматтардың санасына байланысты, ол сектаға кіре ма, әлде лаңкестік ұйымға кіре ма оны өзінің түйсігіне байланысты деп білем

Жақсыберген Сапасыз оқулықтар, жалған дінтанушылар жарға жығады
Қазақстан билігі діни бостандықты жариялағанымен, дін ахуалға сергек қарау үшін теология ғылымын дамытуы тиіс еді. Алайда, Кеңес дәуірінде елімізде дінтану ғылымының негізі қаланбаған болатын. Осының әсерінен алғашқыда біздің еліміз теолог - мамандарға аса зәру болды. Қазір де шынайы дінтанушылар тапшы десек, қателеспейміз.
Дамира Өткен жылдан бері орта білім беру жүйесіне «Дінтану» пәнін енгізді. Осы пәнге арналып жазылған екі оқулыққа да көңіліміз тола қойған жоқ. Ғ. Есім жетекшілік еткен топтың жазып шыққан оқулығында жалпы дінтану жайлы көбірек айтылса, Д. Кенжетай бастаған топ жазған оқулықта дінтанудың бір саласына (мистикаға) көбірек басымдық берілген. Яғни, бұл екі оқулық белгілі бір деңгейде жақсы жазылған еңбек болғанымен, қоғамның сұранысын толық қанағаттандыра алмайды. Оқулықтардағы әлсіз мәліметтердің діни экстремистік ақпараттарға антивирус қалыптастыра алмайтынын елімізде орын алған соңғы оқиғалар дәлелдеп берді.

1 - жүргізуші Діни кітаптар шығарып жүрген Бас мүфтиі Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі осы уақытқа дейін 10 жуық үлкенді кішілі кітаптар жазған. негізгі тақырыбы исламның адамгершілік, ынтымақ пен бірлік діні екендігі, ислам ғылымы жайында жазылған еңбектері бар.
1 - жүргізуші Мұсылмандар. Мұсылмандарды мазақ еткен фильм туралы түрлі ақпарат құралдары жарыса жазғаны белгілі, мұсылман мемлекеттері осы мәселеге байланысты қандай шаралар қабылдады?
Дулат Бұл мұсылмандардың наразылығын туғызды. Мыс: біздің мемлекетімізді алатын болсақ. бұл фильмді көруге тыйым салды. себебі....

1 - жүргізуші Діни экстремизм және оның алдын - алу үшін не істеу керек деп ойлайсың?

Дамира Қазірде елімізде жайып келе жатқан кері діни ағымдар мен секталар көп. Солардың басты дегендерімен таныстыра кетейін.
Діни ағымдар атаулары
Түсініктері мен ерекшеліктері

Уаһһаб Уаххабилік - діни - саяси
ағым Мухаммед ибн Әбдел УІІІ ғасырда Арабстанның Нәжд өлкесінде пайда болған. Мұхаммед пайғамбарға сыйынудың қажеті жоқ деп есептейді.
«Иегово куәлары» Сиқырлау әдісін қолданады.
Халықаралық Кришна санасы қоғамы
т. б діни секталар\н таныстырамын. отбасынан ажырасып бөлек тұру, транс күйге түсіру бағдарламалары пайдаланады
1. ҚАУІПТІ ДІНИ ӘДЕБИЕТКЕ ТЫЙЫМ БОЛМАЙ, ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ МҮМКІН ЕМЕС – газеттің 14. 02. 08 күнгі №7 санында жарияланған «Маңғыстаудағы майдан. Кім қалай өлді?» атты мақаладағы құқық қорғау органының қызметкеріне (полицияға) қарулы шабуыл жасаған қылмыскерлердің оқыған кітаптарына, әдебиеттеріне сырттай қарағанда оларды қандай діни ағымға жатады деуге болады?
– Тізімде зиянсызынан бастап күдіктілеріне дейінгі түрлі әдебиеттер бар. Саудагерлердің бұл діни әдебиеттерді сатуға лицензиясы жоқ. Мұның өзі – заң бұзушылық. Бұдан кейінгі сұрақ қоғамға қойылады.
I Діни əдебиеттерді сараптамадан өткізуге кімнің құқысы, өкілеттілігі бар?
II Республикаға əкелініп жатқан діни əдебиеттерге кім бақылау жүргізеді?
III Діни əдебиеттерді басып шығаруға кім рұқсат береді?
IY Басылып шыққан кітаптың салдарына кім жауап береді?
2. Экстремизмге қарсы күрестің бірден - бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары.
3. Әйтседе жас өспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес, Секталардың, экстремистік топтардың қауіпі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет.
4. Ол үшін барлық мектептерде «Дінтану» сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп, отырумыз керек деп сөзін аяқтады.

Түйін: әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден - ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер»деп елді бірлікке шақырып отырған. Елбасымыздың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында біз сөз еткен ұғымдардың ерекше аталып өтуі тегін емес, Сондықтан бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысайық. Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз баянды болсын ағайын.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Зайырлы мемлекет – қоғам дамуының кепілі

Зайырлы мемлекет – қоғам дамуының кепілі

2019 жылы маусым айында "Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының" ұйымдастыруымен Алматы қаласында...
Экстремистік және лаңкестік ұйымдар

Экстремистік және лаңкестік ұйымдар

Сабақтың білімдік мақсаты: Оқушыларға діни экстремизм, терроризмнің мағынасын ашу, білімін арттыру арқылы теріс діни ағымдар жайлы білімдерін...
Дінтану мамандығының маңызы

Дінтану мамандығының маңызы

Дін бағзы заманнан бері өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Адам пайда болғалы бері белгілі бір діни сенім қоғамның ажырамас бөлігі болғаны...
Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп

Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп

Арал қаласы, Арал индустриалды техникалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Қараева Айгүл...
Діни экстремизммен бітіспес күрестеміз

Діни экстремизммен бітіспес күрестеміз

Сабақтың мақсаты: білімділік - оқушыларға діни экстремизмнің мағынасын ашу, білімін арттыру арқылы теріс діни ағымдар жайлы білімін тереңдету;...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×