Сайтқа кіру Тіркелу

ХІХ ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес

ХІХ ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес жылдары

Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ұлт – азаттық қозғалыстарының себептеріне тоқталып, тарихи маңызын ашып көрсету. Кенесары, Исатай мен Махамбеттің жеке қасиеттеріне сипаттама беруге бағыт - бағдар беру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту, өзара пікір алмасуға үйрету. Ата – баба тарихына деген қызығушылығын арттырып, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды батыр бабалар ерлігіне бас иіп, ұлықтауға, құрметтеуге, өз елін, жерін сүюге тәрбиелеп, адамгершілік тәрбиесін олардың санасына сіңіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: СТО, Кубизм тәсілі, сұрақ - жауап, түсіндіру арқылы ой қозғау, көрсету, баяндау.
Көрнекілігі: Суреттер, буклеттер, кітап көрмесі
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. «Миға шабуыл» сұрақтар қою
2. «Мен саған, сен маған» оқушыларды екі топқа бөліп, екі топ өзара бір - біріне сұрақ қояды.
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
Жүзге, жікке, руға бөлмеген хан
Екі сөзге егессе келмеген хан
Дара туған дарабозсың хан Абылай
Өзі өлсе де, рухы өлмеген хан
Абылайхан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығының әлсірей бастағанын пайдаланып, Ресей патшалығы қазақ жерін отарлауға көшті. Қазақ елі жұтқа ұшырап, орыс - казактары мен шаруаларына тәуелді болды. Осының бәріне шыдамаған қазақтың батыр азаматтары Көтеріліске шықты.
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
1. Кенесары Қасымұлы бастаған 1837 – 1847 ж. ж көтеріліс
2. 1836 – 1838 ж. ж Бөкей Ордасындағы көтеріліс
3. Исатай Тайманұлы
4. Махамбет Өтемісұлы
1. Бірнеше сұрақтар қою
1. К. Қасымұлы мен Абылай ханның қандай жақындығы бар?
2. Ресей үкіметі қазақ жерін қалай отарлай бастады?
3. Кенесары Қасымұлы кім?
4. К. Қасымұлының көздеген мақсаты?
5. Қай жерде үш жүздің өкілдері Кенесарыны ақ киізге отырғызып, хан көтерді?
6. И. Тайманұлының сенімді серігі, әрі досы кім?
7. 1836 - 1838 жылдары Бөкей Ордасында болған көтерілістің басшылары?

2. Хронологиялық сөзжұмбақ
Тігінен:
1. К. Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс қай жылы басталды?
2. Бөкей Ордасындағы Исатай мен Махамбет бастаған ұлт - азаттық көтеріліс қай жылы басталды?
Көлденең:
3. К. Қасымұлы қай жылдан бастап ағасы Сержан бастаған күреске қатысты?
4. К. Қасымұлы қай жылы Алатау баурайында қаза тапты?
5. К. Қасымұлы қай жылы дүниеге келген?
6. Бөкей Ордасындағы Исатай мен Махамбет бастаған ұлт - азаттық көтеріліс қай жылы аяқталды?
3. Адасқан әріптер:
1. К. Қасымұлы дүниеге келген жер? Шекткаөу - Көкшетау
2. К. Қасымұлының атасы: Йалыба - Абылай
3. 1825 ж. орыс үкіметіне қарсы көтерілісті бастаған Кенесарының ағасы: Асажнр - Саржан
4. Орыс үкіметіне арқа сүйеген Бөкей Ордасының ханы: Гржңіә - Жәңгір
5. Исатайдың тұлпары: Набатқа - Ақтабан
6. Исатайдың сенімді серігі әрі досы: Тебмахам - Махамбет
7. 1836 - 1838ж. ж., 1837 - 184ж. ж, болған көтерілістер қай мемлекеттің отаршылдық саясатына қарсы болды? Сейре - Ресей
4. Адаспай тап:
1. Атырау облысы, Исатай ауданы Исатай
2. Бөкей Ордасының ханы Жәңгір
3. Көкшетау өңірі Кенесары
4. Б. Қ обл., Жәнібек ауданы Махамбет
5. Қасым Абылай

VI. Бекіту:
1. Кубизм тәсілі
VII. Қорытындылау:
1. Орнына қой
1. Кенесары 1802 ж______________өңірінде дүниеге келген.
2. Кенесарының әкесі____________Абылай ханның ең мықты ұлдарының бірі
3. Кенесары 1825 ж. бастап ағасы ____________бастаған күреске қатысты
4. Орыс үкіметіне арқа сүйеген Жәңгір хан ______________ ханы болған
5. Махамбеттің жалынды _____________халыққа рух беріп отырды
6. Исатайдың тұлпары ______________өте жүйрік ат болған
Көкшетау, Қасым, Саржан, Бөкей ордасы, өлеңдері, Ақтабан.

VIII. Үйге тапсырма:
Көтеріліс басшыларына сипаттама беру.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі

Туған жердің тарихын, соның ішінде Махамбет пен Исатай бастаған көтерілістің себеп - салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, Тастөбе түбіндегі шайқас оның...
1836 - 1838 жылдардағы Ішкі (Бөкей) Ордасындағы шаруалар көтерілісі.

1836 - 1838 жылдардағы Ішкі (Бөкей) Ордасындағы шаруалар көтерілісі.

"Білген сайын келеді біле бергім, біле беру емес пе тілегі елдің"- демекші, туған жердің тарихын, соның ішінде Махамбет Өтемісұлының өмірі,...
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс

1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс

Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының...
Кенесары Қасымұлы көтерілісі

Кенесары Қасымұлы көтерілісі

Сабақтың мақсаты: Білімділік: «Білген сайын келеді біле бергім, біле беру емес пе тілегі елдің» - демекші туған елдің тарихын, Кенесары Қасымұлы...
Шоқан Уәлиханов

Шоқан Уәлиханов

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы Қуат Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығы Абжаппақызы Мира Ашық сабақ:...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×