Жаңа Ата Заң жобасының жариялануы - Қазақстанның саяси-құқықтық жүйесін терең жаңғыртуға, мемлекетті басқарудың тиімді моделін қалыптастыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты әрі пәрменді қорғауға бағытталған стратегиялық маңызы зор қадам. Конституциялық реформалар қоғамның барлық топтарының, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың кеңінен тартылуымен, ашық қоғамдық талқылаулар негізінде әзірленуімен ерекшеленеді. Бұл - мемлекет пен қоғам арасындағы сенімге негізделген жаңа сападағы диалогтың айқын көрінісі.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бір палаталы Парламент - Құрылтай құру идеясы, пропорционалды сайлау жүйесін енгізу, саяси институттардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған өзгерістер еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға және өкілді биліктің тиімділігін күшейтуге ықпал етеді. Бұл қадамдар билік тармақтарының теңгерімін сақтауға, азаматтардың мемлекеттік басқару үдерістеріне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.
Жаңа Конституцияның тұжырымдамалық өзегінде адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің басты басымдығы ретінде айқындалуы ерекше мәнге ие. Адам құқықтарына бағдарланған мемлекет қағидатының Преамбуладан бастап Конституцияның барлық бөлімдерінде жүйелі түрде бекітілуі - құқықтық мемлекеттің сапалы жаңа деңгейге көтерілгенін білдіреді. Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, кінәсіздік презумпциясы, «Миранда ережесінің» енгізілуі азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейтеді. Сонымен қатар, білім мен ғылымға, мәдениет пен инновацияларға ерекше басымдық берілуі Қазақстанның ұзақмерзімді даму стратегиясының адами капиталға негізделгенін айқындайды. Бұл бағыт жоғары оқу орындарының, ғылыми ортаның және гуманитарлық білімнің қоғамдағы рөлін арттырып, жастардың зияткерлік әлеуетін дамытуға берік негіз қалайды. Цифрландыру үдерістерін конституциялық деңгейде бекіту, азаматтардың құқықтарын цифрлық кеңістікте қорғау нормаларын енгізу - жасанды интеллект дәуіріндегі заманауи сын-қатерлерге берілген нақты жауап.
АТУ Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы дін мен мемлекеттің ара-жігін нақты ажырату, білім беру жүйесінің зайырлы сипатын конституциялық тұрғыда бекіту, ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған қағидаттарды аса маңызды деп санайды. Егемендік, Тәуелсіздік, аумақтық тұтастықтың өзгермейтін құндылықтар ретінде бекітілуі мемлекеттіліктің тарихи сабақтастығын айқын көрсетеді. Кафедра ұжымы жаңа Конституция жобасының қоғамдық талқылауға ашық түрде ұсынылуын, азаматтардың e-Otinish және eGov платформалары арқылы ұсыныстар беру мүмкіндігінің қамтамасыз етілуін демократиялық үдерістердің маңызды көрсеткіші деп бағалайды. Жалпыұлттық референдум арқылы қабылданатын шешім халықтың ерік-жігерін тікелей білдіретін әділ әрі заңды тетік болып табылады.
ӘГП кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. Самал Сағнайқызы
ӘГП кафедрасының профессор ассистенті, з.ғ.к. Құралай Жұмабаева
Конституциялық жаңғыру: құқықтық, зайырлы және әділетті мемлекет
- Sagnaikyzy Samal
- 1 ақпан 2026
- 7
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Конституциялық жаңғыру, жаңа конституция талдау, жаңа Конституция жобасы
Ұқсас жаңалықтар:

25 Қазан - Егемендік пен білімнің үндестігі
Қазақстан тарихында 25 қазан - ерекше тарихи маңызға ие күн. Бұл - еліміздің мемлекеттік егемендігін жариялаған сәт, болашақ тәуелсіздіктің іргетасы...
Жолдау жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
Қазақ елі әр жылы жаңа үмітпен күтетін Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың биылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті...
Ел өркендеуінің берік негізі
Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауы Қазақстан...
Жолдау – бағыт пен болашақты айқындайды
Әр жыл сайын ҚР Президент жолдауы өз жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуын одан ары өркендетуге, жаңғыртуға...
күнтізбелік жоспар
Адам. Қоғам. Құқық....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.