Тіл тарихы: Басқыншылық және тілдер
Біздің заманымызға дейінгі VI ғасырға дейін араб тілі Араб түбегіндегі көшпелілер мен отырықшы халықтың тілі болды. Бұл тіл иврит, финикий және өзге де тілдермен бірге семит тобына кіреді. Араб тілі әлі күнге дейін финикий тілінен дамып шыққан әліпбиде жазады. Грек әліпбиі де финикий тілінен пайда болған, сондықтан оның негізгі принциптері латын жазуының принциптерімен бірдей. Бірақ араб тілінде оңнан солға қарай жазады, әріптердің пішіні оның сөздегі орнына байланысты сөзге жартылай кіріп тұрады. Исламнан бұрын жазу көп қолданылған жоқ, бірақ көшпелі бәдеуилер керемет поэзиялық шығармалар туырды, олардың өлеңдері алғаш рет қағазға жазылды. Мұхаммед пайғамбар (с. ғ. с.) уағыз жүргізді. «Құран» кітабы шықты. Құран мен бәдеуилердің поэзиясы классикалық араб тілінің жазба нұсқасын қалыптастырды. Саясат пен мәдениеттегі жарылыстай тез де түбегейлі прогрестің арқасында араб тілі жаңадан пайда болған империяда дін, билік пен әкімшілік - басқарудың тіліне айналды.
Ауызекі араб тілі де табысты болды. Жаңа елдерге жауынгер және тұрғын ретінде қанша араб кеткенін айту қиын. Бастапқыда олар әр жерде бір топтанып тұрса керек. Олар келген жерінде қалып қойды, өз еліне қайтпады. Араб түбегі сол кездің өзінде - ақ халық санының шектен тыс көптігінен зардап шеккен сияқты. Қалай айтқанда да, арабтар басқыншылық басталмай жатып, қазіргі Сирия мен Ирак жеріне келіп, қоныстанған. Әрине, кейінірек оар келген елінде жағдайын түзеп алды. Алдымен әскери лагерьлерде тұрды, сосын араб тілінде сөйлейтін қалашықтарға көшіп барды. Ондай қалашықтар араб тілін әрі қарай тарату орталығы болды. Ежелгі, қалыптасып үлгерген қалаларды араб қолбасшылары иемденді, олар басқару ісінде де, идеологияда да исламды жалау етіп ұстады. Осылай аз ғана уақыттың ішінде кей қалалар арабтілді болып шыға келді.
Дегенмен бұрынғы Парсы және Византия империяларының арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Персияның жүрегі болып саналатын Иранға кіргенде араб тілі онша ықыласқа бөленген жоқ. Ол жақта қалалықтар да, ауыл тұрғындары да жақсы жетілген, прогрессивті мәдениет туындатқан парсы тілінде сөйлейтін. Бірақ араб тілі кей аудандарға кіріп алып, басымдық танытты. Ежелгі жазба парсы тілі қолданыстан шығып қалды. Дегенмен халықтың басым бөлігі парсы тілінде сйлеуін жалғастыра берді; Х ғасырда бұл тіл нағыз Қайта өрлеу дәуірін бастан кешті. Ол енді араб жазуын қолданды, сондықтан парсы тіліне араб тілі басқа жағынан да әсер етіп жатты. Бірақ парсы тілі жазу тілі ретінде де, ауызекі тіл ретінде де мәртебесін бекітіп алған болатын, сөйтіп араб тілі Шығыста басты тіл бола алмады.
Бұрынғы Месопотамия, қазіргі Ирак мүлде өзгеше ел болды. Бұл елді билеушілер мен басқарушылар парсы тілінде сөйлейтін, ол көп ұзамай жойылып кетті. Иракқа айтарлықтай көп арабтілді қоныс аударғандықтан, көптеген ірі және шағын қалалар араб тілінде сөйлеп кетті. Көп кешікпей ауылдық жерлер де арабша сөйлеуге көшті. Елдің солтүстігіндегі күрдтер ислам дінін қабылдаса да, өз тілін өзгертпеді.
Бұрынғы Шығыс Рим империясында, Сирияда, Палестинада және Мысырда Ескендір Зұлқарнайынның заманынан б. з. д IV ғасырдан билеушілер мен бюрократтардың тілі 1000 жылдай грек тілі болып тұрды. Қала тұрғындарының айтарлықтай бөлігі де грек тілінде сөйлеуі мүмкін. Бірақ халықтың көбі, әсіресе ауылдық жердегілер бұрыннан сөйлеп келген тілінде сөйлеуді жалғастыра берді: Сирия мен Палестина – аримей тілінде. Мысыр – египет тілінде (кейінірек ол «копт тілі» деп аталды).
Арабтар бұл елдерге де араб тілін ресми тіл ретінде енгізді. Грек тілі ығыстырылып, екі ғасырға жетпей - ақ мүлде жойылып кеткен сияқты болды. Саяси қолдау болмағандықтан, жұрт ол тілде сөйлеуден қалды. Бұл елдерде тұрғындарының дені христиан болса да, грек тілі діни жоралғыларда да аз қолданылды. Сирияда шіркеудің тілі сирия тілі болды; Мысырда копт шіркеуі бар еді. Византия биліктен түскеннен кейін грек тілі де үстемдігін жоғалтты. (жалғасы бар)
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Тіл тарихы: Басқыншылық және тілдер
- ramuk_b
- 9 қараша 2024
- 161
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Басқыншылық және тілдер, тілдің шығу тарихы
Ұқсас жаңалықтар:
Тіл тарихы: Латын тілінің ықпалы
Латын тілі кеңінен және өте ұзақ уақыт қолданыста болғандықтан, барлық еуропалық тілге әсер етті. Ол тілдерде ортақ сөздер өте көп, олар негізінен...Тіл тарихы: Латын тілі – халықаралық тіл
Жағдай 800 жылдарға таман өзгерді. Шіркеулерге қарайтын мектептерде реформа жүріп, дамыды. Латынша жазу мен оқуды үйренгендердің қатары көбейе түсті...Тіл тарихы: Латын тілі – халықаралық тіл
V ғасырда Батыс Рим империясына бірнеше герман тайпалары: остроготтар мен вестготтар, суевтер мен вандалдар, бургундтар мен франктер басып кірді....Тіл тарихы: Үндіеуропа тобындағы тілдер
Егіншілік пен мал ұстау адамдардың өмірін қатты өзгертті. Жұрт отырықшы болды, көршілесіп топталатындар саны артты. Топтар іріленіп, ұйымдасып,...Атлах-талас шайқасы
Қазақстан жерінде құрылған ежелгі түрік мемлекеттерінің бірі Түргеш қағандығы еді....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.