Сайтқа кіру Тіркелу

Хандық билікті мұралану мәселелері

Хандық билікті мұралану мәселелері

Ежелгі және орта ғасырлар дәуірлерінде Қазақстан аумағында үлкенді - кішілі мемлекеттердің сабақтастық принциптері арқылы өмір сүргені белгілі. Ол мемлекеттер белгілі бір тарихи заңдылықтар бойынша қалыптасады, құрылады, күшейеді, нығаяды және әлсірейді, ыдырайды. Бұл мемлекеттердің әлсіреуі мен күйреуінің көп себептерінің біріне саяси факторлар жиынтығы жатады. Ал саяси факторлардың ішіндегі маңызды бір мәселеге билеуші әулет арасындағы тақ үшін өзара күрестердің жататыны дәлелденген. Билік үшін өзара күрестердің біріне билікті мұралану дәстүріндегі бір біріне қарсы тұрған екі дәстүр жатады. Оларға қыпшақтық және моңғолдық деп аталатын дәстүрлер жатады.
Билікті мұраланудағы биліктің әкеден бауырға, немере бауырға өтуі қыпшақтық дәстүр болса, ал биліктің әкеден тікелей ұлға, одан немереге берілуі монғолдық дәстүр болып саналады. Хандық билікті мұраланудағы моңғолға дейінгі қыпшақтық немесе жергілікті дәстүр мен моңғолдық дәстүрлер арасындағы күрес мәселесі XIII - XV ғғ. этносаяси тарихтың маңызды бір тармағы болып саналады.
XIII ғ. басында моңғол жаулап алушылығының нәтижесінде Дешті Қыпшақтың басқару құрылымына моңғолдық жүйе енгізіліп, жоғарғы билікті басқару, оны мұралануда моңғолдық дәстүр орнығады. Ал XV ғ. ортасында билікті мұралануда жергілікті қыпшақтық дәстүр қайта үстемдікке жетіп, моңғолдық дәстүрді ығыстырады. Үлкен мәні бар бұл ауысуды этносаяси дамудағы жаңа кезең деп қарауға болады, яғни Керей мен Жәнібек сұлтандардың жеке мемлекет құрып, онда билікке келуі - моңғолға дейінгі дәстүрдің қайта жаңғыруы болды. Бұрынғы дәстүрдің қайта жаңғыруы, оның күрес арқылы жеңіске жетуі XIII - XV ғғ. этносаяси дамудың қорытындысы болды. Ал оның билікті мұралануда қолданылуы Керей мен Жәнібек сұлтандар тұсында жүзеге асады. Осылайша, моңғолдарға дейінгі Дешті Қыпшақ тайпаларының әдет - ғұрыптары толығымен тек қарапайым моңғолдық этникалық элементтердің ғана емес, сонымен бірге Шыңғыс ұрпақтарының күнделікті өмірі мен ел билеу, билікті мұраланудағы дәстүрлеріне де терең сіңеді. Ал жаңадан құрылған мемлекет Қазақ хандығы толыққанды халықтық мемлекет болып есептеледі. Осыған байланысты Қазақ хандығын басқарған билеушілердің барлығы Шыңғыс хан әулетінен тағайындалды.
Билікке келген басқа әулет өкілдері өздерін хан деп атай алмай, көбіне әмір, тағы басқа лауазымдарды иемденді. Әулеттің Хан сайланбағандары жеке әлеуметтік топ құрып, мемлекеттің ішкі - сыртқы саясатында елеулі рөл атқарды. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы хандық билік бір атаның ұрпағында болғанымен, кез келген адам хан сайлана алмайтын. Хан титулы ол ханның баласы болмаса да, сол әулеттегі қабілетті, әскери істе беделді адамға берілген. Хан тағына отыратын мұрагер түркі кезеңінде ашина руынан шыққандардан сайланса, Шыңғыс заманынан кейінгі кезеңде Шыңғыс ұрпақтарынан сайланған.
Қазақ хандарының билікке келуі ол жеке басының қасиеттерімен халық назарына іліккен, беделді тұлға болуы шарт болған. Ол үшін қол бастар батыр, сөз бастар шешен болуы тиіс. Егер шарт бұзылып таққа хан баласы бірден отырса, артында қаншама елі бар сұлтандардың наразылығына, алауыздыққа апарып соқтырып, ел бірлігіне қауіп төнетін. Бұл шарт сақталып тұрса билік үшін талас болмай, ел ішінде бірлік орнаған. Қатарынан озып, ерлігімен, қабілетімен дараланған тұлға, хан тағына неғұрлым жақындай түсетінін білетін. Бұл негізінен сұлтандарды ақылға сыйымды бәсекелестікке түсіретін, сондықтан олардың бәрі де елдің көзі түсіп, соңынан ел еретін, қалың әскер құрмет тұтатындай ерлік жолына ұмтылатын. Мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейдегі мәселелерді қамтитын жоғары билікті жүргізген хандық билік қазақ қоғамындағы маңызды саяси жүйелердің бірі болды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Кәрібаев Б. Б. Қазақ хандығының құрылу тарихы. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014. - 520 б.
2. Материалы по истории Казахских ханств ХҮ - ХҮІІІ веков (Извлечения из персидских и тюркских сочинений) / сост.: С. К. Ибрагимов, Н. Н. Мингулов, К. А. Пищулина, В. П. Юдин. – Алма - Ата, 1969. - 652с.
3. Кәрібаев Б. Б. Қазақ хандығының күшеюі (ХҮ ғ. соңғы – ХҮІ ғ. алғашқы ширектері). – Алматы: «Сардар»баспа үйі, 2015. - 176 б.
4. Қазақстан тарихы. Көне замандардан бүгінге күнге дейін. – Т. 1. – Алматы, 1996.
5. Қазақстан тарихы. Көне замандардан бүгінгі күнге дейін. – Т. 2. – Алматы, 1998.

Өзенбек Е. Р.
Тарих факультетінің 2 - курс магистранты
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ежелгі замандағы хандық биліктің қалыптасуы мен нығаюы

Ежелгі замандағы хандық биліктің қалыптасуы мен нығаюы

Ежелгі замандағы хандық биліктің тaрихи бaстaулaры өте ертедегі қоғaмдық қaтынaстaрдың қaлыптaсу дәуірінен бaстaу aлaтыны белгілі....
Шыңғыс хан Карл Маркстен озып кетті деген рас па?

Шыңғыс хан Карл Маркстен озып кетті деген рас па?

Коммунизм саяси және экономикалық теория ретінде ХІІІ ғасырда Шыңғыс хан тұсында Моңғол империясында болған жоқ. Алайда, сол кездегі моңғол қоғамы...
Қазақстан президенттік билікті реформалауға дайындалуда

Қазақстан президенттік билікті реформалауға дайындалуда

Билік ұзақ уақыт бір адамның қолында шоғырланбауы керек. Қазақстан Президенті өзі бастамашылық еткен елдегі президенттік билікті реформалау аясында...
Оңтүстік Африканың ақ нәсілді соңғы президенті Фредерик Виллем де Клерк 85  ...

Оңтүстік Африканың ақ нәсілді соңғы президенті Фредерик Виллем де Клерк 85 ...

Оңтүстік Африка — Африканың оңтүстігінде орналасқан мемлекет. Ұзақ уақыт бойы елді ақ нәсілді саясаткерлер басқарды, бірақ 1994 жылы елдің соңғы ақ...
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

Целиноград ауданы, Р. Қошқарбаев ауылы №43 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Рүстемова Жадыра...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×