Сайтқа кіру Тіркелу

Фазлаллах ибн Рузбихан Исфаханийдің «Михман наме - йи Бухара» еңбегінің орта ғасырлық қазақ тарихындағы маңызы

Фазлаллах ибн Рузбихан Исфаханийдің «Михман наме - йи Бухара» еңбегінің орта ғасырлық қазақ тарихындағы маңызы

Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және саяси даму саласындағы жаңа қоғамның қалыптасу үдерісіндегі көрнекті жетістіктер еліміздің өткен тарихына негізделген. Қазақстан мемлекеттігінің тарихын зерделеу отандық тарихи ғылымның келелі мәселелерінің бірі болып табылады. Дала өркениеті тудырған шежіре мәлеметтеріне деректік талдау жасау, көшпелілік болмысқа тән тарихи ой - сана мен тарихи таным өрісін, оның табиғатын және құрамдық бөліктерін, әлеуметтік - мәдени қызметін тануға жол ашады.
Шығыстың ұлы ғалымы Әл - Фараби «Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, болашақты болжау қиын» деп жазып кеткеніндей, ұлт ретінде одан әрі дамуымыздың басты кепілі ұлы дала тарихын дәріптеу, тарихымыздың өзекті мәселелерін кеңінен насихаттау және кез - келген тұлға өз ұлтының шежіресін зерделеуі маңызды болып табылады.
Фазлуллах ибн Рузбиханның «Мехман нама - и Бухара» («Бұхаралық қонақтың жазбалары») атты тарихи еңбегі XV - XVI ғасырлардағы қазақ халқының тарихы жайлы көптеген мағлұматтар, өте құнды деректер береді. Шығармада Мұхаммед Шайбани, Убайдулла сұлтан, қазақ ханы Бұрындық, Қасым сұлтан, Жаныш сұлтан, оның ұлы Ахмет сұлтан, Таныш сұлтан секілді қайраткерлердің өмірі, геосаяси көзқарасы, текетіресі, соғыс жорықтары суреттеледі. Автор көшпелі қазақ халқының қазыналарын, малын, кең даласының табиғатын, сахара елінің бақуатты тұрмыс - тіршілігін, салт - дәстүрін, шаруа¬шылығы мен мәдениетін қағазға түсірген.
Рузбиханның «Мехман нама - и Бухара» атты тарихи шығармасы сол дәуір¬дегі тарихи оқиғаларды көз көрген естелік түрінде жазылғандықтан, дерек¬тік, айғақтық мағызы зор бағалы шығарма болып бағаланады.
Ибн Рузбиханның «Бұхар мейманының кітабы» еңбегі XV - XVI ғғ. шебіндегі қазақтар мен көшпелі өзбектердің әлеуметтік - экономикалық, мәдени және саяси өмірінің көптеген жақтарын емін - еркін сипаттайтын нақты айғақтар болып табылады. Ибн Рузбиханның қазақтардың тұрмысы, шаруашылығы, Шығыс Дешті Қыпшақ халқының этникалық құрамы, Қазақстан мен Орта Азия халқының сауда - экономикалық байланыстары, Қазақ хандығының билеушілері мен шайбанилердің өзара саяси қатынастары туралы мәліметтері ерекше.
Ибн Рузбихан еңбегінде қазақтардың қонақтарды қойдың басымен сыйлауы туралы әдет - ғұрыптың бар екендігі жайлы айтып өтеді. Мұндай сый - құрмет көрсету бұл тек - біздің халқымызда ғана осы күнге дейін орын алып келе жатқан қонақ сыйлаудағы құрметтің белгісі болып табылады. Сый - құрметтің бұл түрі - сақ, түркі тайпаларынан бері жалғасып келе жатқан әдет - ғұрып.
Ибн Рузбихан қазақтардың қол өнері, қару - жарақтың түрлері туралы жазып қалдырған. Қойдың жүнінен өздеріне киім тоқып кисе, өлген адамдарына кебін тоқып, онымен орап жерлейді дейді. Ал қойдың ішегінен садақтың кермесін жасаса, қарнынан садақтың ұшын оған салатын қорамсап жасайтындығын жазған. Садақты қайың ағаштан өте мықты етіп жасайды. Олар (қазақтар) қайыңнан әдемі өрнектеп жүк - аяқ (сандық, кебеже) жасайды. Арба үстіне тігілген үйлердің биіктігіне 20 - 30 адам сыйып отыратын кеңдігіне, оларға түрлі - түсті басқұрлар тағылып, әшекейленгеніне Ибн Рузбихан таң - тамаша болып сипаттама жазған.
Шатырлардың үлкен - кішілігіне қарай бір немесе бірнеше түйелер жегілген. Әдемі сұлтан үйлерінің алдында, артында терезелері бар. Олардан сыртқа қарап отырады. Ал алдыңғы жағында арбакеш отыратын орын бар. Бұл жазылған сипаттамалардан қазақтардың XV - XVІ ғасырларда арба үстіне тігілген жылжымалы киіз үйлерде де өмір сүргендерін білуге болады.
Ибн Рузбихан қазақтардың жері Дешті - Қыпшақ деп сипаттама береді. Рузбиханның жазуы бойынша қазақтардың қыстаулары Арал теңізінен Түркістан қаласына дейінгі аралықты алып жатқан. Сол қыстаулардың ішінде мешіт, медресе салып, қазақтар исламға бой ұрған.
Қазақтардың кейбір наным - сенімдеріне қарағанда, қазақтардың көктемде қымыз ашытып, оны ішер алдында шығысқа қарап, қымызды шашып, күнге бас иіп табынуды жасайтындарын жазады. Ал өзі қазақтардың қымызды қалай жасайтындарын, оны ішкенде денеге шипалық жағын мақтайды. Бұл сусын, өзбектердегі (қазақтардағы) өте бір тамаша сусын. Оны ішкен адам денесіндегі анау - мынау ауру - сырқауы жазылып кетеді деп таң - тамаша болған. Қымыз туралы өлең де жазған. Онда қымызды сабада ашытып, одан кейін күбіге құйып алу кезін, құйғанда қымыздың бұрқырап аңқыған иісінің үй ішіне бір ерекше жағымды иіс беретінін суреттеп жазған. Күнге бас июді күн көзінің шөптің шығуына тигізетін әсері, ал шөп жеген жылқының қымыз жасауға, сүт беруге ризашылығының белгісі болар дейді.
Парсы тарихшысы Фазлуллах ибн Рузбихан көлемді және өте бағалы «Мехман нама - и Бухара» («Бұхаралық қонақтың жазбалары») атты тарихи шығармасында қазақ халқындағы хандық биліктің ерекшелігі, әлеуметтік - экономикалық өмірі, мәдениеті мен тұрмыс - тіршілігі, қалалар мен қамалдар, географиялық - аумақтық мәліметтер, сауда - саттық түр¬лері, көшпенділердің көші - қон бағыттары мен әскери өнері туралы мол дерек берген.
Фазлуллах ибн Рузбиханның «Мехман нама - и Бухара» атты тарихи шығармасы сол дәуір¬дегі тарихи оқиғаларды көз көрген естелік сипатта жазылғандықтан, дерек¬тік, айғақтық мәні зор құнды туынды ретінде бағаланады.

ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Кәрібаев Б. Б. Қазақ хандығының құрылу тарихы.- Алматы: Сардар, 2014.- 520 б.
2. Фазлалах ибн Рузбихан Исфахани Михман - наме - йи Бухара (Записки Бухарского гостя). (еревод, предисловие и примечания Р. П. Джалиловой. Под редакцией А. К. Арендса. М., 1976.
3. Семенов А. А. К вопросу о происхождении и составе узбеков Шайбани хана// «Материалы по истории таджиков и узбеков в Ср. Аз. ТИИАЭ АН Тадж ССР. Сталинабад, 1954 т. 12 вып. 1. Ибрагимов С. К. Еще раз о термине «Казах», //«Новые материалы по древней и Средневековой истории Казахстана ТИИАЭ. АН КазССР, А., 1960 т. 8. Ахмедов Б. А. Государство кочевых узбеков. Таджики, М.: 1965, 11 - 17 бб.;
4 Мұхамед Хайдар Дулат. Тарих - и Рашиди. - Алматы: ҚАЗ ақпарат, 2015. - 698 б.

Өзенбек Е. Р.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Алматы қ, Қазақстан
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Танымдық бағыттағы шаралардың ерекшелігі

Танымдық бағыттағы шаралардың ерекшелігі

Шетелдік жастар қара шаңырақ әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде бір үйдің...
Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында көрші Ресейдің архивтерінде ...

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында көрші Ресейдің архивтерінде ...

Үш онжылдық ішінде Қазақстан жаһанға танылған, бәсекеге қабілетті, бейбіт, жетілген мемлекетке айналды. Қазақстан дүниежүзілік тарихқа «дамудың...
Алтын Орда хандығы - қазақтың тарихы

Алтын Орда хандығы - қазақтың тарихы

Биыл Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толып отыр. Шығыстың ұлы ғалымы Әл - Фараби «Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, болашақты болжау...
Қазақстанда көшпелілер өркениетінің пайда болуы

Қазақстанда көшпелілер өркениетінің пайда болуы

Көшпелілер өркениетінің мәні, яғни мал шаруашылығының дамуына байланысты қоғамдық қатынастардың пайда болуы, мәдениеттің қалыптасуы туралы білім...
Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы

Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақ халқының мақтанышы, Қазақ хандығының тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау жолындағы Абылай ханның...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×