Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7. 2A Х – XІІІ ғғ. басындағы Қазақстан
Мектеп: № 40 орта мектеп
Уақыты: Мұғалімнің аты - жөні: Абдуллаева Айжан Абилашимовна
Сынып: 7 В Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар:
Сабақ тақырыбы Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
6. 2. 2. 5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау;
6. 2. 2. 2 ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру.
Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы: көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін, ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі: түркі халықтарындағы ұсталық өнердің қалыптасуы жайлы біледі.
Оқушылардың кейбіреулері: түркі халықтарының мәдениеті, шаруашылығы мен өмір салтының әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін анықтайды.
Бағалау критерийлері Көшпелілерде қолөнер саласының дамығанын дәлелдейді.
Сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіреді.
Тілдік мақсаттар
1. Түрлі деректермен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы);
2. Өз жұмыстарын қорғайды, қалалар мен сәулет өнерінің ескерткіштерін сипаттайды (тыңдалым және айтылым дағдысы)
Пәнге қатысты лексика мен терминология
махалла, керуен сарайы, ташнау, цитадель, шахристан, рабад.
Құндылықтарды дарыту
Мәңгілік Ел» идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы» құндылығын түркі тілдес мемлекеттермен тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы екендігін бойларына сіңіру.
Пәнаралық байланыстар Дүниежүзі тарихы, қазақ әдебиеті, география
АКТ қолдану дағдылары Интернет, слайдтар, видеоматериалдар
Бастапқы білім
Оқушылар Ұлы Жібек жолының ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына қалай әсер еткенін біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
3 мин
9 мин
2 мин
2 мин
Ұйымдастыру бөлімі
Сәлемдесу
Оқушыларда жағымды ахуал қалыптастыру
Шаттық шеңбері арқылы оқушылар бір - біріне жылы лебіздер айтып, түстер арқылы топқа бірігеді.
1 - топ. Қолданбалы өнер
2 - топ. Сәулет өнері
3 - топ. Ұсталық өнер
Үй тапсырмасын сұрау
«Конверт - сұрақ» әдісі бойынша оқушыларға өткенді қайталауға 2 - 3 сұрақ жазылған конверттер беріледі. Оқушылар стикерлерге жауаптарын, аты - жөнін жазады.
1 - топ
1.«Ұлы Жібек жолы» атауының шығу себебін түсіндіріңіз.
2. Ұлы Жібек Жолының шығыс және батыс нүктелерін жазыңыз.
2 - топ
1. Жібек матасы алғаш қалай пайда болды?
2. Жібек құртын қытайлықтардан кейінгі меңгерген халық?
3 - топ
1. Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қандай қалалары арқылы жүріп өтті?
2. ҰЖЖ қай уақытта және не себепті тоқтады?
3. ҰЖЖ - ның маңызын түсіндір.
М. Оқушыларды бағалау «Жұлдызша» тәсілі.
Сурет арқылы сабақтың тақырыбын болжау.
- Суреттерден нені көріп тұрмыз? Не сезіп тұрмыз? Оларды қандай ортақ тақырып байланыстырады?
Сабақтың тақырыбы таныстырылып, оқу мақсатын ұсынылады.
Слайд № 1
Слайд № 2
Слайд № 3
карта
Слайд №5 - 6
Сабақтың ортасы
3 мин
10 мин
3 мин
3 мин Видеоматериал ұсынылады.
Тақырыпқа қысқаша шолу жасаймын.
1. Көшпелілер өркениеті мен отырықшы мәдениеттің жетістіктері (көшпелілердің тұрмыста қолданатын ыдыс - аяқ, қару - жарақ, ер тоқымның, ер адам киетін шалбардың және т. б. ойлап табулары).
2. Қалалардың қалыптасуы, сәулет ескерткіштерінің қалыптасуы жайлы қысқаша мәлімет беремін.
Топтық жұмыс
3 топқа суреттер топтамасын беремін. Суреттер топтың қарастыратын мәселелерін білдіреді.. Топтардың міндеті өз тақырыптары аясында ақпарат жинақтап - сұрыптау, жұмыстарын қорғау.
1 топ: Көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктері
Бағалау критерийі: Көшпелілерде қолөнер саласының дамығанын дәлелдейді.
Дескрипторлар:
Зергерлік өнердің дамығанына 2 дәлел келтіреді.
Шыны өндірісі мен қыш - құмыра кәсіптерінің дамығанына 2 дәлел келтіреді.
2 топ: Сәулет өнері
Бағалау критерийі: Сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіреді.
Дескрипторлар:
Махалла, керуен сарайы, ташнау, цитадель, шахристан, рабад ұғымдарының мағынасын біледі;
Қаладағы тұрғын үйлер мен қоғамдық құрылыстарды сипаттайды.
3 топ: Ұсталық өнер
Бағалау критерийі: Ұсталық өнердің қалыптасуына баға береді.
Дескрипторлар:
«Ұсталық кәсіптің мазмұнын сипаттайды;
Тері өңдеу мен ұсталық кәсіптерінің дамығанына 2 дәлел келтіреді.
Әр топ өз жұмыстарын қорғайды..
Топтап бір – біріне сұрақ қойып, бағалайды.
Әр топты «жұлдызша» арқылы бағалап отырамын.
М Термин сөздерді үш тілде тақтаға жазып, көрсетемін.
сәулет өнері - архитектурное искусство - architectural art
ұста - кузнец - blacksmith
қыш - керамика - ceramics
«Түртіп алу» әдісі жүзеге асады.
«Судоку» ойыны арқылы сабақты бекітемін.
Слайд № 9 - 11
Суреттер: құмыра, ғалым, ескерткіш, кітап, ортағасырлық қалалар, архитектуралық ескерткіштер
А 3 қағазы, маркерлер, суреттер
Сабақтың соңы
5 мин Рефлексия.
Әлем өркениетінің дамуына түркі мәдениеті қаншалықты үлес қосты?
Қағаз қиындыларын тарату арқылы, сұраққа жауап алу
ББҮ әдісі бойынша кері байланыс
Үй тапсырмасы: Әлем өркениетінің дамуына түркі мәдениеті қаншалықты үлес қосты?
Эссе жазу
Өмірдегі қолданыс
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Оқушыларды топтарға бөлгенде әр топта қабілеті жоғары оқушылар болғанын қадағалаймын.
«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы барлықтарын сөзбен қолдап және ынталандырамын.
«Конверт - сұрақ» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұраймын.
«Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашамын
ББҮ әдісі бойынша оқушылармен кері байланыс жасаймын. Мұғалімнің «жұлдызша» арқылы бағалауы
Топтар бір - бірін бағалайды.
Оқушылар өздерін бағалайды.
Сыныпта, жұптық жұмыс, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау. Қаламмен, сызғышпен, т. б. үшкір заттармен жұмыс жасау барысында өз өміріне қауіп тигізбеу.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті
- Айжанка
- 28 ақпан 2019
- 4693
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті, тарихтан сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Секіру фазаларын қолдану
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 8. 3. 3. 1 түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға...Металдар және бейметалдар
Химиялық элементтердің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау....Сәндік-қолданбалы өнер, негізгі пішіндер мен ерекшеліктері
Сабақ мақсаттары: Бо - Қазақтың ұлттық ою - өрнектері туралы түсіндіре алады. Бб - Қазақтың ұлттық ою - өрнектерін зерттейді (ою - өрнек түрлері,...Қазақстанның XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері
Атырау қаласы, №34лингвистикалық мектеп - гимназиясының мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және тарих пәні мұғалімі Орынбасарова...Қазақстанның ХІV-ХV ғасырлардағы сәулет өнері
Ақтөбе қаласы, № 34 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сагингалиева Бакытгуль Таскинбаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.