Ашық тәрбие сабақтың тақырыбы: «Әлихан Бөкейханов Алаштың ардақтысы» сабақтан тыс ашық шара
Пәні: Қазақстан тарихы (сабақтан тыс шара)
Сабақтың тақырыбы: «Әлихан Бөкейханов Алаш ардақтысы» сабақтан тыс ашық шара
Мақсаты: Оқушыларға алаштың Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейхановты таныстыра отырып, адамгершілік, рухани тәрбиеге тәрбиелеу. Қазақ автономиясының құрылуын насихаттау. Тәуелсіздігімізді айқындау.
Түрі: әдеби музыкалық кеш
Көрнекілігі: Фото суреттер, монтаждық фильмдер, мультимедиалық проектор.
Сабақтың жоспары
“Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы” бейне түсіріліміне назар салайық! «Әлихан Бөкейхановты неге ұлт көшбасшысы дейміз»
1 жүргізуші:
Қайырлы күн құрметті ұстаздар, қонақтар, студенттер бүгінгі МБ - 11, МДБ - 11топтары арасында арнайы ұйымдастырылып отырған «Әлихан Бөкейханов алаштың ардақтысы» атты сабақтан тыс ашық шарамызға қош келдіңіздер!
2 жүргізуші:
Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,
Елің алды егеменді теңдігін.
Әнұраным, жанұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым.
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам әнұраны
Әнұран орындау
Облыстық әмбебап кітапханасының оқырманға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі ашып берді
1 жүргізуші:
Бүгін Ұлт - азаттық «Алаш» қозғалысының негізін салған, қазақтың заманауи, демократиялық мазмұндағы тұңғыш үкіметі – «Алашорданың» көшбасшысы болған Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туған күні.
Кеше…
Кеңестік бодандық
Менің күп - күрең қаныма суарып,
Қып - қызыл ту ілген
Кермек жасымды
Кекете сімірген.
Мен содан…
Алаш боп үзіліп
Азат боп қайтадан тірілгем,
Тірілгем…
Жусанның бұрқырап бүрінен..
Әнұран орындау
Көркем сөз оқу
2 жүргізуші:
Көзіме бүгін жас келіп тұр, халайық,
Әрбір істі зердеге алып қарайық
Тәуелсіздік жолына жан пида еткен,
Ерлерімізді есімізге алайық.
Жүрмейікші босқа түнеріп,
Еске алайық, есімдерін білелік.
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ,
Алмайықшы бекер қолдан жіберіп
“Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы” бейне түсіріліміне назар салайық!
«Мен қазақ»
1. Мұғалім сөзі.
Әлихан Нұрмұхамбетұлы Бөкейхан - адамзат баласының тарихында сирек кездесетін тұлға. Әлихан - төрткүл дүниені дүр сілкіндіріп өткен Шыңғыс ханның 23 - ші ұрпағы - Төре тұқымынан бола тұра, Қасым хан, Абылай хан, Бөкей хан, Кенесары сынды халық ақ киізге көтеріп, хан тағына отырған емес - оның заманы өтіп кетті. Қазақ халқының тарихында Шыңғыс ханның кейінгі ұрпақтары қарама - қайшы - екіұшты рөл атқарды: бір жағынан, алғашқы кезеңде олар көшпелі ру - тайпалардың бірігіп, жаңа және қуатты қазақ мемлекетінің құрылуына ұйытқы болса, екінші жағынан - олардың билік үшін ішкі күрес - тартысы салдарынан «қазақ»этнонимді құрағанымен де, бірегей халық, ұлт болып толық пісіп - жетілмеген халықтың Орта, Ұлы, Кіші жүздер ретінде «үштік одаққа»бөлініп бытырауына түрткі болып, ақыр соңында бірінің соңынан бірін орыс империясының отарлығына душар етті. Міне, соңғы жайтты терең зерттеп білген Әлихан: «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!»- деп ертеден - ақ халқы алдында серт беріп, сол сертіне ақырғы демі біткенше адал болып өтті. Бірақ өзінің шыққан тегін мақтан тұтты, шыққан тегінің абырой - намысын көзінің қарашығындай қорғады және атақты хан - сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де шексіз қызмет етуді, Алашына қамқор болуды өзінің өтпес - өтелмес борышы, ер - азаматтық парызы санады.
Алаш зиялы қауымына 1 минуттық үнсіздік жариялау
«Әлихан Бөкейхановты неге ұлт көшбасшысы дейміз
1 жүргізуші:
Алаш туы астында,
Сарыарқаның жері үшін,
Бостандық берген ер үшін,
Төгілсін біздің қанымыз
Аялмасын барымыз
Жасасын, Алаш, жасасын.
Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік»
Тәуелсіздік
2 жүргізуші:
Пірболат осы сен Ұлт мақтаныштары не себепті ұмытылмайтынын білесің бе?
Мұның себебі кезiнде кеңес заманының ұр да жық саясатының құрбаны болып, қызыл империяның қылышына iлiнiп кеткен саңлақтарымыздың салған соқпақтары сайрап жатыр. Сол асыл тұлғаларымыз туралы бүге - шегесiне дейiн бiлмей, туған тарихымыз түгел деп айта алмаспыз, сiрә
Алашорда автономиялы үкiметiнiң тұңғыш төрағасы, бесаспап бiлiмпаз, ғибраты мол ғұлама, ұлт көсемi Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы.
Жаса мәңгі өлеңі
1 жүргізуші:
Замира Әлиханды осы сен білесің бе?
Алаштың арыстары наркескендер, 1917 жылы белгілі Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханов Тірі болсақ алдымыз - үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жуық арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар еді. Бұл болып тұрған заман Алаштың азаматына зор жүк. Бізге бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт - махаббат жолына түседі. Кейінгі үрім - бұтақ не алғыс, не қарғыс бере жүретін алдымызда зор шарттар бар. Осыны аңғар, жұртым қазақ - деп үндеу жолдады
2 жүргізуші:
Иә Әлихан Бөкейхановтың қанында бар қасиет – ұлтшылдығын бүгiнгi ұрпаққа үлгi етсек болады. Ұлт көсемi ұсынған ұлттық идеяның түп қазығы – қазақты, өз жерiңдi, өз елiңдi, өз тiлiңдi шын сүю, сондай - ақ мәдениетiңдi құрметтеу, қадiрлеу. Ұлтшылдық дегенiмiз осы. Осы идея жүзеге аспай бүтiн, толық, тұтас тәуелсiздiк болмайды. Бiз қазiр ұлтшыл болудан тырақайлап қашамыз, не шеке терiмiз тырысып қалады. Ұлтшылдықты нацизммен, фашизммен қосақтап қойып қарап отырмыз. Ұл болсаң, ұлтшыл бол демеймiз. Олай болса ендігі кезекті Алаш орда зиялы қауымына арналған көркем өлең шумақтарына береміз
1жүргізуші: Ә. Бөкейхановтың ақжарма адалдығын айту керек. Өзi хан - сұлтандардың тiкелей ұрпағы бола тұра, сол ата - бабаларын қатал сынға алады. Қазақтың отар елге айналуын сол билiк құрған бабаларынан көредi. Мұндай ерлiктi бұрын - соңды ешкiм айтып та, жасап та көрген емес. Қазiргi таңда қолынан келгендер қонышынан басып, бабаларын тарихта болмаған батыр, аталарын әлемде жоқ ақылды қылып көрсетедi. Шемiшкедей шағып, құрастырған шежiресi шындыққа жанаспайды.
«Қазағым» әні
2 жүргізуші:
Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш алыптары халқына адал да кiршiксiз қызмет еткен. Алдау мен арбауды ар санаған. Әлиханның өзi төре баласымын деп төсiн қақпай, кiшiпейiл болған. “Қазаққа қызмет қылмай қоймаймын” деп ант берген. Сол уәдесiн мүлтiксiз орындаған да. Алғашқы Алашорда үкiметiнiң құрамына кiлең сайдың тасындай тау тұлғалы ұлтшыл адамдар топтасқан. Қазақ үшiн бастарын бәйгеге тiккен. Қазiргiдей ант - су iшкiш, бiрiн - бiрi сүйреп жүрген бiреулер емес. Бiр кiсiнiң бетiне қарап отырмаған. Билiкке жетiп, былыққа батып, бетi күйiп жатпаған. Өз елiнiң мүддесiн бәрiнен жоғары қойған кiлең жайсаңдар болған.
«Алаштың асылдары»
1 жүргізуші: елдiң тұтастай экономикалық тәуелсiздiкке қол жеткiзуiн басты мақсат санаған. Ә. Бөкейхановтың асыл арманы әзiрше әдiре қалып тұр. Бар байлығын басы бүтiн қазақтiкi деп айта алмаймыз. Қазақ жерiнiң түйiр тасы түйме болмады. Уыс жүнi киiм болмады. Мұхит мұнайы “ухит - сухит” болып жатыр
МБ - 11тобының студенті Алиева Раушанның орындауында Атамекен әні
2 жүргізуші:
Әлихан Бөкейханов қазақтың қабырғалы қайраткерi ғана емес, Мұстафа Кемал Ататүрiк, Махатма Ганди секiлдi әлемдiк деңгейдегi алып тұлғалардың бiрi. Ұлт көсемiнiң мұраттары мен асқар мақсаттары, күрескерлiк келбетi мен қымбат мұралары. Ол бүгiнгi қоғам үшiн ауадай қажет, келер ұрпақ үшiн таптырмас қазына.
«Атамекен әні
Бейнеүзінді: «Алаш орда көсеміне 150 жыл» Алатаудың биік шыңына, Алатаудай биік тұлғаның атына лайық
"Қаракемер кәсіптік колледжі" МКҚК
Тарих пәнінің оқытушысы: Оспанбаева Жанар Олжабаевна
Әлихан Бөкейханов Алаштың ардақтысы
- ramuk_b
- 11 қараша 2018
- 2752
- 0
- 0
Ілмек сөздер: сабақтан тыс ашық шара, сабақтан тыс шара, тарих, тарихтан сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Құл туралы ұлағатты сөздер
Бiз құл болып тұра алмаймыз. Бiз ұлт азаттығымызды аламыз. Мұстафа Шоқай Адам баласы – нәпсінің құлы: маңдайы тасқа тимей тоқтамайды. Әлихан...Заман туралы ұлағатты сөздер
Адамның бір атаның баласы екені рас болса, белгілі бір заманның баласы екені де даусыз. Мағжан Жұмабаев...Қазақстан тарихы пәніндегі «Алаш» қозғалысы тарихын оқып үйренудің маңыздыл ...
Халықтың өткен өмірі жалпы қоғамдық мәні бар тәжірибе ретінде қорытылып, белгілі бір дәрежеде ұлт игілігіне асқанда ғана құндылыққа айналады. Онсыз...Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын (Әдеби кеш)
Қандай бақыт қуанышты күн бүгін, Дәлелдеуде Қазақстан елдігін. Арман еткен, қыршын кеткен ағалар, Елің алды егеменді теңдігін....Әлихан Бөкейханов Алаштың ардақтысы дөңгелек үстел
Алаш партиясының бірінші төрағасы Әлихан Бөкейханов туралы жан – жақты түсінік бере отырып, Ә. Бөкейхановтың қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.