Сайтқа кіру Тіркелу

Ғасырлар жырлайды

Түсінік хат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы №668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары негізінде құрылды.
Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Қазақ халқы үшін «Рухани жаңғыру» күні бүгін жасалып отырған дүние емес. Іргемізді бекітіп, шекарамызды нақтылап алған біздің жер үшін болашақтың баянды да бағытты іс – шараларының жиыны деп айтуға болады. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында, елбасы Н. Назарбаев: «Егер жаңғыру елдің ұлттық – рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берді. Осы мақаласындағы идеяларды негізге алып, 6 сыныпқа арналған «Ғасырлар жырлайды» факультативтік курс бағдарламасы құрастырылды. Бұл бағдарлама жылына 34 сағат, аптасына 1сағаттан өткізіледі.
Бағдарламаның өзектілігі:
Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған, өнегелі де данышпан тұлғаларды, ұлы адамдардың өмірі, ол адамдар туралы ел аузында қалған аңыз, әңгімелер туралы сыр шерту. Қазақстан тарихының жаңа қырлары мен сырларын оқушыларға ашып, патриоттық сезімдерін нығайту және бағдарламаға «Мәңгілік Ел» құндылықтары енгізілді.
Бағдарламаның негізгі мақсаттары:
- Өсіп келе жатқан ұрпақ ел мерейін бүгінгі жеткен биігінен аласартпай, жаһандану аталатын процестің теріс ықпалын бойына дарытпай, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азаматты қалыптастыру;
- Бар күш - жігер мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсауға тәрбиелеу;
- Тарихи материалдарды игеру барысында танымдық қажеттіліктерін қалыптастыру;
- Білім алушылардың тұлғалар туралы білімдерін кеңейту және тереңдету;
- Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;
- Тарихи білімге қызығушылығын ояту;
- Тарихи тұлғаларды құрметтеуге тәрбиелеу;
- Тарихи сананы қалыптастыру міндетін жүзеге асыру үшін бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет мекемелері, тарихқа деген құрмет пен тағзым, тарихты түйсіну ахуалын туғызу;
- Өзекті проблемаларды айқындау;
- Интеллектіні дамыту және таным көкжиегін кеңейту,
- Шығармашылық, үздіксіз білімін көтеру қажеттілігіне қызығушылық тудыру.
Бағдарламаның мақсатына жету үшін төмендегі міндеттер қойылады:
- Отан тарихы беттерінен және деректерге сүйеніп мәліметтерді анықтап, қарастыру;
- Керек мәліметтерді іріктеп жинақтау жұмыстарын жүргізу;
- Ұлы қазақ әдебиетшілердің шығармаларында жазғандарын қарастыру;
- Тарихи тұлғалар туралы естеліктер мен ақпараттар жинақтау;
- Өздігінен ізденіп жұмыс жасау;

Бағдарламаның ерекшелігі:
Оқушыны өздігінен білімді игеруі үшін белсенді іс - әрекеті ұйымдастырылады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу процесінде оқушылардың ақпараттық - коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру үшін бағыт – бағдар беріледі. Сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді.
Бағдарламаның меңгерудегі күтілетін нәтиже:
- Оқушылар тарихи тұлғалардың өмірі, еңбегі және ерлігі арқылы тәрбиеленеді, болашақта өз елінің дамуына үлесін қосып, әлемдік білім кеңістігінде өз орнын табуына, еліміздің мәртебесін көтеруіне, елінің тарихын құрметтеуге тәрбиеленеді.
- Қарастырылып отырған дәлелге қатысты тарихи тұлғалардың ерекшеліктерін талдайды, мысалы: көзқарастар, аргумент т. б.
- Оқушылардың тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауы. Бастаған істі соңына дейін жеткізу. Өз жұмысының қорытындысы мен маңыздылығын көре білу.
Басылымдарға шығу маңызды:
Оқушының сабақта сөз сөйлеуі, жұмысының түйіндісін анықтап, өзекті мәселелерді шығару жұмысының қорытындысын шығаруы, мақала жазу реттілігін және газетке мақала жариялау. Оқушылардың материалдарды іздестіру кезінде ешқандай бақылаусыз, бұйырусыз өз бетімен жұмыс істеуі
Жұмысты ұйымдастыру түрлері:
- жобалық және зерттеушілік жұмыстар жүргізу;
- таңдалған тақырыптың нақты базасын құру;
- оқушылармен бірлесіп бейне - презентация жасау;
- тарихи тұлғаларға байланысты мәліметтер жинақтау;

Кіріспе бөліміне 1 сағат берілген. Мұнда оқушыларға тарихи тұлғалар деген кімдер, тарихта қандай із қалдырғандары туралы сұрақ – жауап кіріспе әңгіме ұйымдастырылады және қатар жалпы бағдарлама мақсатымен таныстырылады.
Жалпы бағдарлама 3 бөлімінен тұрады. 1 - Бөлім: Түркі дәуіріндегі тұлғалар яғни ерте ортағасырлық кезеңі, қамтитын уақыты VI – XIIIғғ. 2 - Бөлім: Моңғол кезеңіндегі тұлғалар, дамыған ортағасырлық кезеңі қамтитын уақыты X – XIVғғ. 3 - Бөлім: Қазақ хандығының құрылуы және даму кезеңіндегі тұлғалар, қамтитын уақыты XV – XVIII ғғ.
Әр бөлімнен кейін оқушылардың білімін бекітіп тест жұмысы өткізіледі.
Факультативтік сабақ оқыту әдістемесі бойынша
№ Жұмыс түрі Теория Практика
1 Мұғалімнің басшылығымен өтетін оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыстары 28
2 Оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыстары 1 2
3 Білім тексеру тесті 3 -
Бөлінген сағат саны 4 30
Барлық сағат саны 34

Факультатив жоспары

р/с Мазмұны Сағат саны Күні Негізгі ұғымдар Жұмыс түрі Мақсаты
1 Кіріспе 1 Факультативтің мазмұны және маңызы «Номірленген торлар»
Сұрақ - жауап, әңгіме сабақ. Бағдарламаның мазмұнымен таныстыру
1 - Бөлім: Түркі дәуіріндегі тұлғалар яғни ерте ортағасырлық кезеңі, қамтитын уақыты VI – XIIIғғ.
1 Тонынкөк
(646 - 731жж) 1 Түрік қағандарының кеңесшісі қолбасшысы Мәтінмен жұмыс Тұлғаға мінездеме жазу
2 Күлтегін
(684 - 731жж)
1 Жазба мұра, монументальдық жазу Шығарманы талдау жұмысы Мемлекетті ерекше басқаруын анықтау
3 Білге 1 «Ұлы үштік», «Ұлы Аспан» империясы Қағанның айтқан сөздерін талдау Күлтегіннің жүргізген саясатымен салыстыру
4 Әбу Насыр Әл - Фараби.
Әбу Райхан Әл - Бируни 1 Ататек шежіре, трактат Мәтінмен жұмыс Х ғасырда ғылымның даму себебін білу
5 Махмуд Қашғари 1 Жазба мұра Шығарманы талдау жұмысы Араб әліпбиімен түрік тілінде жазуды білу
6 Жүсіп Баласағұни 1 Хас - хажип Терминдік сөздермен жұмыс Шығарманың мазмұнын білу
7 Ахмет Игүнеки 1 Дастандағы алғашқы мақалдар Шығарманың мазмұнымен жұмыс жасау Шығарманың мазмұнын ашу
8 Ахмет Қожа Йасауи 1 Философ, шәкірт Жұмыстарына баға беру Өмірбаянымен танысу
9 Қазақстанда Ғылымның дами бастауы 1 Энциклопедиялық білім «Касса» әдісін қолданып есте сақтау жұмыстарын ұйымдастыру Ғұламалардың жылдарын, еңбектерін ажыратуға үйрету
10 Тест жұмысы 2 Бөлімді тексеруге арналған тест жұмысын топпен құрастыру және топ арасында ауыстырып орындау.
Тест жұмысын бойынша талдау жұмысын ұйымдастыру (сұрақтың дұрыс құрастыру жолы)
2 - Бөлім:
Моңғол кезеңіндегі тұлғалар, дамыған ортағасырлық кезеңі қамтитын уақыты
X – XIVғғ.
1 Шыңғыс хан 2 Орда, шежіре Бейнебаян көру, топта талқылау, ортаға салу. Ханға мінездеме беріп, тарихтағы орынын анықтау
тәңірмен теңеу, теңізбен теңеу Синквей жазу Моңғолдың құпия шежіресінен»
2 Жошы хан 1 Қазақ хандарының арғы атасы Картамен жұмыс (Жошы хан күмбезі) Жошы ханның жерленген жерін анықтау
3 Шағатай хан 1 Ата мұра, Есіммен аталған мемлекет Мәтінмен жұмыс жасау, ортаға салып талқылау Мемлекет басқару ерекшелігін талқылау
4 Үгедей хан 1 Мирасқор, хат - хабар қызметі Жошы мен Шағатайдан ерекше мінезін анықтау Қосымша мәтіндерді қолданып ханға мінездеме беру
5 Төле хан 1 «Қара шаңырақ»,
Ұлы хан. Тұлғаға мінездеме беру Хан тұсындағы саясат
6 Бейбарыс сұлтан 1 Ұлы әскер басшысы Мәлімет жинақтау Ұсынылған ресуртарды қолдануды үйрету
7 Әмір Темір 1 «Темірдің гүлдері» Картамен, терминдермен жұмыс жасау Алтын Орданы күйретуші ретінде қарастыру
8 Тест жұмысы 2 Бөлімді тексеруге арналған тест жұмысын топпен құрастыру және топ арасында ауыстырып орындау Алған білімдерін тексеру
Тест жұмысын бойынша талдау жұмысын ұйымдастыру (сұрақтың дұрыс құрастыру жолы) Тест жұмысы бойынша қатемен жұмыс
9 Мені қызықтырған тарихи тұлға 1 Қызықтырған тақырып бойынша мақала дайындау
3 - Бөлім:
Қазақ хандығының құрылуы және даму кезеңіндегі тұлғалар, қамтитын уақыты
XV – XVIII ғғ.
1 Керей хан 1 «Ұлы көш», сұлтан, Қозыбасы Бейнебаян көру Бейнебаян мазмұнын ашу
2 Жәнібек хан 1 Алғашқы хандар Сурет бойынша жұмыс Тақырыпқа байланысты өзекті мәселені анықтау
3 Мұхаммед Хайдар Дулати 1 «Тарих - и Рашиди», тарихи құжат Қазақстан тарихында еңбегінің маңыздылығы
4 Қадырғали Жалайыри 1 «Жылнамалар жинағы» «Касса» әдісін қолданып есте сақтау жұмыстарын ұйымдастыру Ғұламалардың жылдарын, еңбектерін ажыратуға үйрету
5 Хақназар хан 1 Тұлға,
Оқиға,
Дата,
Территория,
Термин. Алгоритм бойынша жұмыс, «синквей жазу» Өзекті мәселелерді анықтау
6 Тәуекел хан 1 Ішкі саясат Датамен жұмыс Тарихтағы орынын анықтау
7 Жәңгір хан 1 Салқам Терминдік сөздермен жұмыс
8 Қасым хан
Есім хан
Тәуке хан 1 Ата Заң, билік Заңдарымен жұмыс. Сызба құрастыру Пікірлерінен түйін шығаруға бағыттау
9 Қорытынды тест жұмысы 1 Оқушылар бір - бірлерінің жұмыстарын тексереді, соңғы тексеруде дұрыс жауап тақтаға ілінеді. Білім нәтижесін тексеру
10 «Тарих бетіндегі ерекше тұлға» 2 Жоба қорғау.
Оқушылар жұптасып бір тұлға бойынша дайындаған мәліметтерімен бөліседі. Оқушылардың жұмысын бағалау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы

Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат -...
Қазақ хандығына саяхат

Қазақ хандығына саяхат

Жалпы мақсаты 1. Оқушылар қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы аумағы мен алғашқы қазақ хандары туралы мәліметтермен жан - жақты танысады;...
Қазақ хандары, билері, батырлары

Қазақ хандары, билері, батырлары

Сабақтың мақсаты: Оқушылар ханның атқаратын қызметі және билердің тарихтағы алатын орны мен қызметі, сонымен қатар жоңғарларға қарсы шыққан қазақтың...
Ақ Орда

Ақ Орда

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназияның Тарих және құқық пәндерінің мұғалімі: Бакеева Гульшат Кайржанқызы...
Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы

Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы

Ақтөбе қаласы №41 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сәрсенова Нәписа Ысқаққызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×