Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы
Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп - интернаты
Авторлық бағдарлама
Тақырыбы: «Туған өлке тарихы». ОҚО, Төлеби ауданы туралы мағлұматтар
Пәні: Қазақстан тарихы
Сыныбы: 8 – сынып
Туған өлке тарихы
Түсінік хат
(8 - сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың ұйымдастырушылық негізі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады, сонымен қатар ол қазақстандық білімді жаңғыртуды жалғастыруды қамтамасыз етеді. Бағдарлама мақсаттардың бірі – білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, жалпы орта білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.
8 - сыныбына арналған бұл бағдарлама ҚР Парламенті бекіткен «Білім туралы заңның», Қазақстан Республикасы Мемлекеттік білім стандартының талаптарын ескере отырып жасалды.
Дәстүрлі мектептен бағдарлы оқытудың айырмашылығы оқушыларды тереңдетіп оқу үшін нақты басым бағытты таңдап алуға мүмкіндік береді. Таңдау бірнеше нұсқаларды ұсынатын болғандықтан, бағдарлау - ең алдымен, білім берудің еркіндігін, вариативтілігін ескереді. Ал оның тереңдетіп оқытудан ерекшелігі - оқушыларға бірін - бірі толықтырып отырған бірнеше пәндер тобын оқуға мүмкіндік туғызылған.
Бағдарлы оқытудың қазіргі жағдайының күрделілігі, ең алдымен, бағдарлы оқытудың жедел қарқынмен енгізілуімен байланысты.
Бағдарлаудың міндеті - мектептегі әрбір оқушы өзін табуы үшін, қандай қызмет саласына өзінің бейім екенін түсіну үшін оларға жағдай туғызу болып табылады.
Білім саласын реформалау мен дамытудың ауқымды міндеттерінің бірі оқушылардың тарихи білім беруді жетілдіру, жаңа сапалық деңгейге көтеру.
Курста білім алушылардың ойлау, таным қызметін дамытуға осы мақсатта оқытылып жатқан материалдағы оқиғаларға, тарихи қайраткерлердің қызметіне баға беру, өз пікірін білдіру, зерттеу жұмысы, жоба қорғау сияқты тапсырмаларға көбірек орын беріледі.
Бұл курс 34 сағатқа негізделген.
Бағыты: қоғамдық - гуманитарлық
Бейіні: тарих – 8 - сынып.
Курстың мақсаты: Берілген тақырыптар бойынша тарихи білім беруді жетілдіру, туған ел тарихын оқытуда Қазақстан Республикасының бір бөлшегі Төлеби ауданы тарихының оқушылар үшін алатын орнын ашып көрсету, оқушыларды туған жер тарихымен таныстыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Курстың міндеттері: Оқушылардың тарихи білімдерді қорытындылап, себеп - салдарлық байланыс орнатып, тарихи оқиғалар, құбылыстарды дербес талдай білу, қоғамдық құбылыстарға өзіндік көзқарастарын білдіру, күнделікті өмірде білімін қолдана білу дағдыларын дамыту; мемлекеттік стандартта белгіленген міндетті деңгейден мүмкіндік деңгейіне жету; тарихи деректермен жұмыс жасай білу және тарихи білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен өткізуге дағдыландыру; жас жеткіншектердің Отаны мен халық алдында жауапкершілікті сезінетін азаматтық позициясын қалыптастыру; еліне қызмет етуге дайын отансүйгіш, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін және Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың тарихы мен мәдениетін құрметтейтін белсенді азамат тәрбиелеу; оқушылардың Отан тарихын оқып - білуде жүйелі білім алуы; оқушыларда Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді дамыту; аудан, ауыл тарихы туралы деректер жинау; туған жер перзенттерін дәріптеу.
Пән аралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, әдебиет, география, биология.
ІІ. Мазмұндық бөлім.
Таңдау курсының мазмұны мен құрылымы:
Курста аудан, ауыл тарихы және туған жер перзенттерінің ауыл тарихындағы еңбегі туралы дәріптеледі.
Кіріспе - 1 сағат
І бөлім. Аудан туралы анықтамалар – 11 сағат.
Төлеби ауданы туралы мағлұматтар, халқы, географиялық орналасуы, халықтың демографиялық дамуы мен жер бедері, таулы аймақтар, климаты, гидрография және гидрологиясы, өзен – көлдері мен өсімдіктері, далалы және шөлейтті аймақ өсімдіктері, кен байлықтары мен топырағы, таулы жер топырағы және жазық жер топырағы;
Туризм ісі: мүмкіндіктері мен міндеттері, экскурсиялық аймақтар, Ақсу Жабағылы қорығы мен Сайрам - Өгем ұлттық табиғи паркі, Біркөлік емдеу санаторийі мен Ақмешіт демалыс аймағы;
Қайталау
ІІ бөлім. Аудан орталығы Ленгер қаласының тарихы – 8 сағат.
Қала туралы мәліметтер, «Ленгер» атауының шығу тарихы, қала тарихы, атаудың шығуына байланысты аңыз әңгімелер мен тарихи деректер;
Қаланың жаңа тарихы, Ленгер - кеншілер қаласы, Кеңес дәуірінде, Ұлы Отан соғысы жылдарында, бейбіт өмір кезінде;
Қайталау
ІІІ. Бөлім. Төлеби ауданындағы елді мекендер – 13 сағат.
Елді мекендердің әлеуметтік анықтамалары, ауылдар тарихы, жер - су атаулары, ауыл - аймақ атауларының шығу тарихы, тарихшылар деректері;
Географиялық атаулардың тегі, халықтардың қоныстануы, көпұлттылықтың қалыптасуы;
Есімхан ордасы: аңыздар мен тарихи деректер, Сайрамсу өзені аңғарындағы жер - су атаулары;
Спорт және туризм саласы, өнеркәсіп орындары мен шаруашылығы;
Қорытынды қайталау (1 сағат)
ІІІ Нормативтік бөлім
Реттік сан Тақырыбы Сағат саны Мерзімі Ескертулер
1 Кіріспе 1
І Бөлім. Аудан туралы анықтамалар – 11 сағат
2 Төлеби ауданы туралы мағлұматтар 1
3 Халқы 1
4 Географиялық орналасуы 1
5 Халықтың демографиялық дамуы 1
6 Жер бедері, таулы аймақтар 1
7 Климаты, гидрография және гидрологиясы 1
8 Өзен – көлдері мен өсімдіктері 1
9 Кен байлықтары, топырағы 1
10 Өсімдіктері мен жануарлары 1
11 Туризм ісі: мүмкіндіктері мен міндеттері 1
12 Қайталау 1
ІІ бөлім. Аудан орталығы Ленгер қаласының тарихы – 8 сағат
13 Қала туралы мәліметтер 1
14 «Ленгер» атауының шығу тарихы 1
15 Қаланың жаңа тарихы 1
16 Ленгер - кеншілер қаласы 1
17 Кеңес дәуірінде 1
18 Ұлы Отан соғысы жылдарында 1
19 Бейбіт өмір кезінде 1
20 Қайталау 1
ІІІ. Бөлім. Төлеби ауданындағы елді мекендер – 13 сағат
21 Елді мекендердің әлеуметтік анықтамалары 1
22 Ауылдар тарихы 1
23 Жер - су атаулары 1
24 Ауыл - аймақ атауларының шығу тарихы 1
25 Тарихшылар деректері 1
26 Географиялық атаулардың тегі 1
27 Халықтардың қоныстануы 1
28 Көпұлттылықтың қалыптасуы 1
29 Есімхан ордасы: аңыздар мен тарихи деректер 1
30 Сайрамсу өзені аңғарындағы жер - су атаулары 1
31 Спорт және туризм саласы, 1
32 Өнеркәсіп орындары 1
33 Шаруашылығы 1
34 Қорытынды қайталау 1
Күтілетін нәтижелер:
Бұл курста оқушылар білімді меңгерудің әртүрлі әдіс - тәсілдерін пайдалана отырып, елі үшін еңбек еткен тұлғалардың өмір дерегін, қызметін, ерлігін оқулықтан тысқары мәліметтер арқылы оқып, зерттеп білімдерін кеңейтеді.
Болашақта теориялық білімдерін практикада қолдана алады. Туған өлкесіне деген патриоттық сезімі оянады. Оқушылар ойын жүйелі жеткізе біледі, салыстыра отырып ойланады, идеялар ұсынуға дағдыланады, дәлелдерді сыни тұрғыдан талдай алады.
Курсты жүргізу формалары:
Лекция, семинар, конференция, тренинг, кездесу, дөңгелек үстел, пікір алмасу.
Курсты аяқтау формалары:
Мән жазбаларды қорғау, слайд жұмыстарын қорғау, жоба қорғау, зерттеу деректерін жинақтап мұражайға тапсыру.
ІҮ Ақпараттық бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Төлеби ауданыны: анықтамалар мен мағлұматтар. Әсет Кембаев, «Асқаралы» 2011, Шымкент
2. Тарих пен тағылым. Әсет Кембаев, Шымкент 2006 ж
3. Музей материалдары
4. Естелік - сұхбаттар
5. БАҚ материалдары
6. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» Алматы 1976 ж
Пән мұғалімі: Абдезов Мейржан Ергешұлы
Педагогикалық еңбек өтілі: 7 жыл
Электронды пошта: TKE315@mail. ru
Мекен – жайы: Ленгір қ, Әйтеке би 48/2
Байланыс телефондары: +7 702 971 01 70
+7 747 530 57 71
Туған өлке тарихы
- Daryn
- 19 қыркүйек 2018
- 4318
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Төлеби ауданы туралы мағлұматтар, авторлық бағдарлама
Ұқсас жаңалықтар:
Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...
Бүгінгі жаһандану үдерісінде Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар – тарих куәсі,...Компютерлік техникасының даму үдерісі.
Компьютерлік техниканың даму тарихы жайлы оқушыларға толық мағлұмат беру, ұлы тұлғалардың жаңалықтарымен таныстыру, тарихи деректер аққылы ақпарат...«Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы 10 - 11 - сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы...«Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10 - 11 - сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы...Ақмола бекінісінің салынуы мен дамуы
Сабақ барысында оқушыларға қаланың салыну тарихы, оның саяси стратегиялық, экономикалық маңызы туралы әңгімелеп, қаланың қазіргі тәуелсіз Қазақстан...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.