Сайтқа кіру Тіркелу

Тілім менің-тірлігімнің тірегі

Қызылорда облысы, Арал қаласы
№2 Облыстық арнаулы санаториялық
мектеп интернатының тәрбиешісі
Қалыбаева Нұрсулу Әлижанқызы.

Тақырыбы: Тілім менің-тірлігімнің тірегі.
Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру.

Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қабырға газеті, ақын-жазушылардың суреттері..
Әдісі: Мерекелік іс-шара.
Барысы:
Мемлекеттік Гимн орындалады.
Жүргізуші:
Балалар, қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде.
1989 жылы,22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген.
Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасіретемес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.

Өз өміріңді сақта

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы
№50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназия
тарих пәнінің мұғалімі Изетова Ханым Басқанқызы

Өз өміріңді сақта
Мақсаты:

Оқушылардың қала көшелеріндегі өз өмірлеріне төнетін қауіптің алдын алу үшін жолда жүру ережелерін үнемі есте ұстап, өз өмірлерін өздері сақтай білуге тәрбиелеу
2011 жылдың алғашқы 7 айында 300-ге жуық адам жол-көлік оқиғасынан көз жұмып, 1500 адам ауыр зардап шеккен. (ОҚ облысы бойынша)
Осы 7 ай ішінде1000 адам көлік жургізу құқығынан айрылған. ( ОҚ облысы бойынша)
Қазақстанда күніне 3 бала, жылына 180 бала жол-көлік апатынан қаза табады екен.

Мен - Азия барысы!

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы
№50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназия
тарих пәнінің мұғалімі Изетова Ханым Басқанқызы

Ашық тәрбие сағатының мақсаты:
а) Оқушыларға қазақ халқының егемен елдік үшін күресі және тәуелсіздік таңы атқан 20 жыл ішіндегі тарихынан тағылым алуға үйрету
ә) Жасөспірім балалардың интеллектуалдық қабілеттерін қазақтың дара тұлғаларының жалынды жырлары арқылы дамыту
б) Оқушыларды отаншылдыққа, мемлекетшілдікке және имандылыққа, Қазақстанның ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсап жеткен егемен ел болуының қаншалықты қымбатқа түскенін түйсіне отырып, еліміздің Тәуелсіздігін құрмет тұта білуге тәрбиелеу
Әдіс-тәсілдері мен көрнекілігі: жатқа монолог, өлеңдер оқыту, деректі фильм көрсету, сахналық қойылымда рөлдік ойын беру, плакаттар, карта, суреттер пайдалану, ән-күй мен би шығармаларымен көркемдеу т.б.

Алаштың бес арысы

Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай Уақытша үкіметтің басқа да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ұлт өміріне қатысты ең өзекті мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық пен зомбылыққа ұласуы еді.

«Жыл басы - Наурыз»

Бекбауов Нұрбек Сембайұлы
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосы
№9 орта мектеп мұғалімі.
«Жас ұрпаққа тәрбие берудегі жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер» атты әдістемелік-көмекші құралдың авторы.

Тақырыбы: « Жыл басы - Наурыз »
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Мазмұны: Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады.
Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйінің жабдықтары, ұлттық тағамдар, алтыбақан. т.б.с

«Жан қазынасы - адамгершілік негізі»

Бекбауов Нұрбек Сембайұлы
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосы
№9 орта мектеп мұғалімі.
«Жас ұрпаққа тәрбие берудегі жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер» атты әдістемелік-көмекші құралдың авторы.

Тақырыбы: «Жан қазынасы - адамгершілік негізі» /10сынып/
Мақсаты: 1. Білімдік - танымдық: Оқушылардың білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, діни бағыттағы сауаттылығын жетілдіру арқылы сөйлеу тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін шыңдау. Әр ортада өздерінің жан-жақтылығын жетілдіру, таныту, толеранттылыққа баулу.
2. Тәрбиелігі: Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.

Біз – Тәуелсіз Қазақстан балаларымыз

Семей қаласы, Қ.Рысқұлбеков атындағы
33 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Ерменова Алмагул Мұқатаевна

Тақырыбы: Біз – Тәуелсіз Қазақстан балаларымыз.
Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын
қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға тәрбиелеу;
Оқушыларды өз елін, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын, көркем жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу.

Мен және менің міндеттерім, құқықтарым

Семей қаласы, Қ.Рысқұлбеков атындағы
33 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Ерменова Алмагул Мұқатаевна

«Мен және менің міндеттерім, құқықтарым»

Мақсаты:
1) адамзаттың басты құндылықтарын айыра білу;
2) дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, заң, құқық, міндет, борыш сияқты сөздердің мағынасын ашу;
3) оқушыларды жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз

Қызылорда облысы, Арал ауданы,
№2 Арал кәсіптік лицейі
физика - информатика пәндері мұғалімі
Гүлден Жансүгірова

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»

Мақсаты: Оқушыларды халқын, Отанын сүйе білуге тәрбиелеу.
А) Білімділік: Ұлыстың ұлы күні туралы білімдерін кеңейту.
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың халқымызың салт-дәстүрлері арқылы ойлау қабілетін дамыту, дәстүрлерімізді насихаттап, жаңғырту
Б) Тәрбиелік: Отанын сүйгіштікке, жауапкершілікке, жолдастыққа тәрбиелеу.

Ерлер - жердің қорғаны, елдің тұтқасы

Қызылорда облысы, Арал ауданы,
№2 Арал кәсіптік лицейі
физика - информатика пәндері мұғалімі
Гүлден Жансүгірова

Ерлер - жердің қорғаны, елдің тұтқасы
№2 Арал кәсіптік лицейінің ер-азаматтарына арналған мерекелік кештің сценарийін назарларыңызға ұсынып отырмын.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×