Сайтқа кіру Тіркелу

Алтын күз

Сабақтың тақырыбы: Алтын күз
Оқу іс - әрекетінің мақсаты: 1. Балалардың күз туралы білімін қалыптастыру. Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру. Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету. Табиғатқа қамқор болуға, оны аялауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: сары алтындай жайқалған, жиын - терін, берекелі күз, жомарт күз.
Оқу іс - әрекетінің көрнекіліктері: күз мезгілінің суреттері, бақшадағы көкөністер, баудағы жемістер суреттері.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелеу, тыңдау.
1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге хош келдіңіздер. Күз жыл мезгілінің бірі. Күз мерекелі, берекелі ай. Бүлдіршіндеріміз бұл мезгілде алғаш рет білім ордасына қадамдарын басады. Әрбір шаңырақта той тойланып, көңілдері қуанышқа толы болады. Олай болса күздеріңіз мерекелі де берекелі болсын.
2 - жүргізуші: Армысыздар көпшілік өнер сүйер.
Тамашаға тоярлық болар бір ел,
Біздің топтың балалары көрерменге,
Құрметпенен сәлем беріп басын иер.
Алтын күзді қарсы алып,
Би билейміз ән салып
Ұлы тойдай ұлы есім,
Жаралған ел жыр үшін - деп кезекті балаларымыздың тақпақтарына береміз.
1 - жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен, тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй - деп
Ән: «Күз» Ұлболсын, Айнура
2 - жүргізуші: Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп, ал біреулер ән салыпты
Бүгінгі «Алтын күз» мерекеге
Бүлдіршіндер аямай жан салыпты.- деп кезекті « Көкөністер айтысына» береміз
Қызылша: Көкөністің ішінде
Менің атым қызылша
Денсаулығын нығайтып
Қызмет етем адамға
Қызанақ: Қызара піскен бақшада
Қызанақты білерсің
Шырыныммен етіме
Тояттап - ақ жүрерсің
Сәбіз: Қызыл - сары сәбізбін
Жер бетінде бұрымым
Көзге берер күш қуат
Дәруменнің бірімін
Қияр: Бақшада көп өсетін
Мен кәдімгі қиярмын
Жұлып алып жесеңіз
Қырт - қырт етіп тұрамын.
1 - жүргізуші: Жоғары шық кел төрлет
Абыройың, бағың бұл
Көңілдерді ән тербеп
Арнадық саған бұл кешті
Хор: «Күз жомарт»
2 - жүргізуші: Қазақтың түрлі - түрлі дәстүрі бар
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар
Жауаптарын табар ма екен бүлдіршіндер
Сол себептен қоятын жұмбақтар бар.
Ойын: «Шар жару» шардағы жұмбақтарды шешу
1 - жүргізуші: Сәл демалып тынығып ал,
Тақпақ тыңдап ұғып ал - деп кезекті балаларымыздың тақпақтарына береміз.
2 - жүргізуші: Баршаға өнер сүйер жар саламыз
Би билейтін бүлдіршіндерді қарсы аламыз
Күйге енейік баршамыз ерекше бір
Сіздер үшін би билеп, ән саламыз.
Би: «Шакира»
1 - жүргізуші: Қазір біз сіздермен « Күз мезгілі неде?» деген ойын ойнаймыз. Мен күз мезгіліне қатысты сөздер айтамын, сіздер аяқтайсыздар.
Күзде жапырақтар (сарғаяды)
Күзде күн (суытып, жаңбыр жауады)
Күзде құстар (жылы жаққа ұшып кетеді)
Күзде көкөністер мен жемістер ( піседі)
2 - жүргізуші: Жандары жақсылыққа тұнып дәйім
Жол берсін қақ жарылып қырық қайың
Құрметпен ортаға шақырайық
Бір топ өнерлі бишілерді.
Би: Флешмоб
1 - жүргізуші: Алтын нұрдай тамшылап
Жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң шуақ
Біздің өмір көңілді
2 - жүргізуші: Табиғат әсемдіктің төркінісің
Ән саламыз бір сенің көркің үшін
Жан - жануар табынып бір өзіңе
Сенен алып тұрғандай бар тынысын
Хор: «Біз балдырған баламыз»
1 - жүргізуші: Ата - аналарға арналған ситуациялық сұрақтар.
2 - жүргізуші: Табиғат алтын күнім, асыл айым,
Шашылған жұлдыз меруерт жастайынан
Үңілем таңнан тұрып терезеге
Ашық па жабық па деп қас - қабағың.
Егемендік нышаны жарқын жастық
Болашаққа сеніммен қадам бастық
Көркейтейік туған жер табиғатын
Кең даламда жайқалсын алтын астық
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз
Жер бетінің ажары ол сәніміз
Туған жер табиғатын аялап
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.- деп бүгінгі «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Мереке құтты болсын. Күз молшылық алып келсін. Қатысқандарыңыз үшін көп - көп рахмет. Хош сау болыңыздар.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Манашы орта мектебінің
дайындық тобы мұғалімі
Джанабергенова Слушаш
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×