Сайтқа кіру Тіркелу

Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 30 негізі

Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 30 негізі
Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.
Залдың іші мерекеге лайық безендірілген.
Көк тудың желбірегені әнінің әуенімен балалар залға қолдарына көк туларын желбіретіп кіреді.
Эльмира Батырханқызы: Құрметті аса қадірменді қауым! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 30 жыл болып қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Иә, тарих толқынында толқып отырып, толағай теңіздей тасып жеткен мәртебесі биік тәуелсіздікке 30 жыл толды. Мереке құтты болсын!

Гүлназ:
Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады.

Көрініс: «Алтын адам»
Сахнада «Ертұран» Этно - фольклор группасының әуені ойнап тұрады. Қара киім киген бір топ бишілер этно биді билейді. Би соңында сол бишілердің ортасынан «Алтын адам» бейнесін бейнелейтін оқушы ортада биік тұғырға көтеріледі, ол кезде қара киімді адамдар бас иіп «Алтын адамды» қоршап, тұғырға жығылады.

Көрініс: «Үш бидің Абылайдың хан сайлағаны»
Гүлназ:
Еліміз дүр сілкінді, көгерді,
Көшеміз тұлғамызға өгей еді.
Абылай даңғылымен өрлеп келеді,
Қазақтың болашағы, ел ертеңі,
— деп, ақын ағаларың айтқандай Тәуелсіздік туы аспанымызда желбірегелі сол тумен бірге қазақтың асқақ рухы әуелей түскендей көрінеді. Алматының әр көшесін жаяу аралар болсақ, қазағыңның бүкіл тарихын аударып шыққандай күйге енесің. Иә, иә, дәл солай. Мысалы, Абылай хан көшесі, Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би, М. Мақатаев, С. Сейфуллин, Абай, Ш. Уәлиханов, Д. Қонаев т. т. с. кете барады. Кәне, кім айтады, әрбіреуі бір тарихи кезенді көз алдыңа әкелмейді деп?!
Ендеше, бүгінгі кешіміз сол қазақ халқының тағдыры талауға түскен кезде елін - жерін жаудан қорғап, азат еткен, қазақтың қазақ болып қалуында зор рөлі болған бабаларымыз, қазақ халқының ханы Абылай жайында болмақ.
Үш би сахнада отырып ел ахуалы туралы әңгіме құрып отырады.
Төле би: Уа, халқым, сөз қадірін білетін, сөз таныған жастарға 10 түрлі жұмбағым бар.
Айтсам жұмбағым мынау:
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
Дауыстар: Осындай жұмбақ бола ма екен?
Қазыбек би: Ұлы аға, бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз:
Төле би: Рұқсат, Қаз дауысты Қазыбегім.
Қазыбек би:
Бір дегенің – бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегенің – егесіп өткен ер жаман.
Үш дегенің – үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.
Төрт дегенің – төсектен безген жас жаман.
Бес дегенің – белсеніп шыққан жау жаман.
Алты дегенің – асқынып кеткен дерт жаман.
Жеті дегенің – жас келіншек жесір қалса сол жаман.
Тоғыз дегенің – торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе сол жаман.
Он дегенің – кәрілікке дауа болмас.
Төле би: Рахмет, дәл тауып шештің, ойы да, тілі де жүйрік, тұлпарым менің.
Қазыбек би: Ал, Әйтеке, халқыңа сен не айтасың?
Әйтеке: Уа, халайық!
Көсіліп шабар жерің бар,
Тау көтерген елің бар,
Атадан қалған сара жолың бар.
Тіл қадірін білер болсаңдар!
Төрде Төле би, қасында 1 - 2 ақсақал. Есіктен үсті басы алба-жұлба, шашы сабалақ - сабалақ, бірақ көзі отты, сөзі өткір бір бала кіреді.
Бала: Ассалаумағалейкум, Биеке!, - деп сәлем беріп, анадай жерге отырады, астына биіктеу етіп шапанын бүктеп қояды, өзі қыран бүркітке ұқсайды.
Төле би сынай қарап: Қай баласың, аты - жөнің,
Барма еді әке - шешең, аға, інің?
Адам болсаң — хан текті, құста — сұңқар,
Байқасам, келіседі соған түрің.
Құс болсаң, ақ сұңқардың балапаны,
Адам болсаң қазақтың нағыз ханы.
Шырағым, Төремісің, Қарамысың,
Жөніңді бастан аяқ айтшы қане?

С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абдрахманова Эльмира Батырханқызы

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×