Сайтқа кіру Тіркелу

Шығармашылық кеш

1. Әншілік өнерімен көрікті, мектеп сахнасында, түрлі сайыстарда жеңімпаз болып жүрген Сахипжанов Жанболаттың шығармашылық қабілетін өзгелерге таныту.
2. Оқушыларды ұлтжанды халқының өнерін қадірлей біліп, ән өнерінің құдыретін сезіп, әнді - жан - тәнімен түсіне білуге тәрбиелеу.
1 – жүргізуші:
Жаңа өмірдің жемісін теріңіздер,
Балалардың жақсылығын көріңіздер,
дей келе, қара шаңырақ атанған білім ордасы – М. Әуезов атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Сахипжанов Жанболаттың жастайынан өнерге деген құштарлығы әнге деген сүйіспеншіліктен басталған болатын. Олай болса әншілік өнерімен көрікті, талайларды әнімен сусындатып жүрген, талантты Жанболатты өзіміз тану және өзгеге таныту мақсатында «Аялы алақан» атты шығармашылық кешін бастаймыз.
2 – жүргізуші:
Бүгінгі кешіміздің иегері Жанболатты, кешіміздің құрметті қонақтары – Жанболаттың анасы - Әлия апайды, атасы Қайырбек ата мен апасы Күміс апаны құрметпен төрге шақырамыз
1 – жүргізуші:
• Жанболаттың шығармашылық кешін «Аялы алақан» деп атауымыздың себебі неде? Жанболат кім? Жанболаттың салған әндерін тыңдағанда, мазалар сансыз сұрақтар төңірегінде ойлансақ… Бұл сұрақтардың жауабын мына слайд - шоудан көруімізге болады.( слайд - шоу көрсетіледі)

2 – жүргізуші: Ән айтқанда, таңға айтқан,
Таңға айтқанда, жанды айтқан - демекші, Жанболат жас кезінен әншілерге еліктеп, алғаш мектепке келгенде, « Бесік жыры» әнін орындап, көзге түскен болатын, сол әнді Жанболаттың орындауында қайта бір естісек: (Жанболаттың әні « Бесік жыры»)
1 – жүргізуші:
Егеменді ел болудың белгісі -
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
Егеменді деген сөздер естілер
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
Еліміздің егемендігін осылай жырласақ, елін жерін сүйетін мектептің жас таланты Жанболат, өзін толғандырған тақырыптарға әндерін арнады. Соның бірі – тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған аудандық сайыста «Самға» атты әнін орындап, Бас жүлдеге ие болды. Осы қасиетті тәуелсіздікке арналған әнін Жанболаттың өзінің орындауында тыңдаңыздар. (Жанболаттың орындауында «Самға» әні, Тәуелсіздік – киелі ұғым» презентацияны көрсету).
2 - ші жүргізуші:
Уа, жарандар, жарандар.
Бәрің бермен қараңдар.
Бишілер келіп қалыпты,
Бір сәт зейін салайық - деп Жанболаттың сыныптас қыздарының биін тамашалайық. (Қазақ биі)
1 - ші жүргізуші: Ән айту Қайсановтар әулетінде атадан - балаға қалып отырған дәстүр екенін білеміз, өзіміз білетін Қайырбек аға кезінде күйсандықта ойнап, Күміс апай ән шырқап, Кайрат, Зульфат ағалары ансамбль құрып, аудан, облыс көлемінде аттары танымал болған жандар екенін білеміз. Апайы Динара, ағасы Рауан түрлі конкурс жүлдегелері болса, бауыры Ерасылда олардан қалыспай сайыстарда жиі аты шығып жүрген оқушы. Ал, сыныптасы, әрі қарындасы екеуінің бірге салған әндері ерекше, ендеше келесі кезекті Жанболат пен Толғанайға берейік
(«Әсем ән», «Қыдырып қайтайық» Толғанаймен бірге)
2 - ші жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алдар,
Әсем ән мен тәтті күй - демекші, Жанболаттың сыныптастары, ағайынды Әділ мен Әділеттің орындауында «Балбырауын» күйін қабыл алыңыздар:
(«Балбырауын» күйі орындалады)
1 – жүргізуші:

Топырағыңнан нәр алып мен өсемін.
Арман қуып жырақ кетсем өзіңнен,
Сағынышпен құстай ұшып жетермін,-
деп, ақындар жырлағандай, түтіні ыстық туған жердің атын облыста талай шығарған Жанболат үшін биылғы жыл ерекше табысты болды, Өскемен қаласында өткен «Муз арт» лайф жобасына қатысып, әділқазылар алқасының көңілінен шықты. Сол әнін бізде тыңдап көрсек:
(«Астана» Жанболаттың орындауында )
2 - жүргізуші:
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,
Шәкірттерін сүйген таза көңілден
Тағылым беріп, жас ұрпаққа қашанда
Өз соқпағын тапқан мына өмірден,- деп, осы сайысқа қатысуға нұсқау беріп, Жанболатты өнер мен әншілікке баулыған, ұстаздық әрі ағалық көмегін аямаған ұстаздары: Айман Ойратовна, Гулнар Советовна, Берік Секікпайұлы. Ендеше сөз кезегі өздеріңізге, дарынды шәкірттің дарынды ұстаздары. (Ұстаз сөзі).
1 – жүргізуші:
Енді, Жанболаттың сыныптас қыздарының биін тамашалайық. (Үнді биі)
2 - жүргізуші:
Адамзат, ең алдымен, ана алдында қарыздар. Олай болса,
Анажан - баршамыздың тірегіміз,
Мәңгілік - таусылмайтын жыр - әніміз.
Арманның асқарына қанат қаққан
Ана үмітін ақтау біздің тілегіміз,-
дегендей Жанболаттың ата - анасына мектеп оқушыларының атынан рахмет айта отырып ана қарызын адамдық қасиетімізбен өтейміз деп құрметпен сөз кезегін өзіңізге ұсынмыз. (Ата - анасының сөзі)
1 - жүргізуші: Жанболаттың келесі әні өздеріңізге арналады, қабыл алыңыздар («Асыл ана» Жанболаттың орындауында)
2 - жүргізуші:
«Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастырар талап сыйлайды» деген халық даналығындай ұстаздық ақ тілегін айту кезегін мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Мейірлі Жанұзаққызына береміз.
(Мейірлі Жанұзаққызынның сөзі)
1 - жүргізуші: Жанболаттың сыныптастарының әзілдеріне де назар аударалық.
2 - жүргізуші:
«Өнерліге өріс кен», «Өнер - ержігіттің қанаты» деген халық даналығындағы терең ойды жүрегімізбен ұғып, талантты шәкірт қанатың талмай, биікке көтеріліп, еліңнің мақтанышы бол деген ақ тілек айтып, шығармашылық табыс тілеп, сөз кезегін Жанболаттың өзіне береміз. (Жанболаттың сөзі)
(«Мазалын», «Ол, көктем оралмайды» әндерін өзі хабарлап айтады)
1 - жүргізуші:
Толған арман, мақсаттар тұр алдымызда,
Бақыттымыз жақсы адам көп жанымызда.
Күәгері – бар жақсылық ісіміздің,
Болыңыздар әрдайым арамызда, — дегендей, құрметті ата - ана, қадірменді қонақтар, ұлағатты ұстаздар сіздерге зор денсаулық, шабытты еңбек тілей отырып, қабілетті шәкірттің шығармашылығына арналған «Аялы алақан» атты кешімізді аяқтаймыз. Мына шын көңілмен ұсынып отырған сый - сыйпатымыз бүгінгі кештен сіздерге естелік болсын!
(Оқушылар сыйлықтарын ұсынады)
1, 2 - жүргізушілер бірге:
Көңіл қойып таңдағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×