Тәрбие сағат тақырыбы: Ана тілім – ардағым.
Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Тәрбие сағат барысы:
Жүргізуші: Армысыздар! Құрметті оқушылар даярлаған тәрбиелік іс - шарамызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
Әнұран.
Жүргізуші: Мемлекетіміз егемендік алып, ана тіліміз қанатын жайып, көптен күткен арманымыз орындалды. Ия, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрлері, тіл ерекшелігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз - ананың тілінен бастау алады.
"Тіл – біздің тұтастығымыз”, "Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы.
Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.
Тіл – таусылмайтын байлық.
Видеоролик: «Тіл – ұлттың басты негізі»
Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау – парызым бүгін менің,
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Ән. «Бақыт»
Джамазова Замира
Қуан анам! Ұстазыңнан сүйініп,
Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп.
Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді
Пір тұтамын мен алдыңа иіліп.
- Қуан балам! Туған тілдің киесі.
Жебеп сені болғаныңа иесі.
Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс,
Дүниеде тіршіліктің күресі.
- Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы,
Сүйінші деп ақын ұлың жырлады
Ел елдігі бағаланар тілімен,
Сол арқылы құлпырады, гүл бағы.
Оқушылар өлең оқиды
Жүргізуші:
- Туып өскен Торғайдың даласында
Қайран елі - қазағы санасында,
Тілі үшін жазықсыз жапа шеккен
Арысың кім, ойланбай табасың ба?
Оқушылар: Хормен Ахмет Байтұрсынов!
Жүргізуші:
- Алтын тілім деп соққан сом жүрегі
Біріксе деп армандаған түркі елі.
Жырлап өткен баба тілін, танытқан.
Ақынның есімін кім біледі?
Оқушылар: Хормен Мағжан Жұмабаев!
Жүргізуші:
Ана тілім - бақытым.
Ана тілім, дана тілім бақытым
Қазақ тілін білу менің парызым.
Тілім менің ұмытылмас тірлігім,
Кім біледі тіліміздің тағдырын.
Темирбаева Айжан мен Қаныбекқызы Фаризаның орындауында ән «Туған жер».
Жүргізуші:
Мәртебесі тіліміздің биік екен
Қазағыма қазақ тіл боп енген екен.
Тілімізді ұмытпайық әрқашан
Қазақ тіл боп мәңгілікке қалған екен.
Тілім саған арналады бар күнім
Сен арқылы таси түсті шаттығым.
Қазақ тілін білмесең сен егер де,
Онда сенің қазақ тілге жоқтығың.
Қазақ тілім сенсің бар гүлім
Арналады менің саған бар күнім.
Ана тілін ұмытпасаң ешқашан,
Жоғалмайды ешқашанда пәктігің.
Жүргізуші: Келесі кезекте біздің оқушылардың мақал - мәтелдерді қаншалықты білетіндіктерін байқап көрейік.
Мақал - мәтелдер сайысы:.
1. Тіл тас жарады, тас жармаса... (бас жарады).
2. Дәлелсіз сөз... (желмен тең).
3. Ине көзінен сынады,... (шешен сөзінен сынады).
4. Піл көтермегенді,... (тіл көтереді).
5. Сөз тапқанға... (қолқа жоқ).
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
7. Шебердің қолы ортақ,... (шешеннің қолы ортақ).
8. Қаһарлы сөз... (қамал бұзар).
9. Бас кеспек болса да,... (тіл кеспек жоқ).
10. Айтылған сөз, атылған... (оқпен тең).
1. Бал тамған тілден... (у тамған).
2. Тауды, тасты жел бұзар,... (адамзатты сөз бұзар).
3. Жақсы сөз... (жарым ырыс).
4. Жақсы байқап сөйлер,... (жаман шайқап сөйлер).
5. Тіл қылыштан... (өткір).
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі... (ой өсіреді).
7. Жыланның уы тісінде, адамның уы... (тілінді).
8. Көре - көре көсем боларсың, сөйлей - сөйлей... (шешен боларсың).
9. Тілден артық... (қазына жоқ).
10. Сүңгі жарасы бітер,... (тіл жарасы бітпес)
Енді біздің оқушылардың мемлекеттік тілді қалай меңгергендігін викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы сынап көрейік.
Викториналық сұрақтар:
1. Күй атасы кім? (Құрманғазы).
2. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).
3. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).
4. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).
5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А. Байтұрсынов).
6. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай).
7. Алғашқы романист жазушы кім? (М. Дулатов «Бақытсыз Жамал»).
Жүргізуші:
Тіліміздің тарихы бар қол жетпес,
Айтсаң оның тарихына сөз жетпес.
Өткеніне тіліміздің көз жүгіртсек,
Тіліміздің тарихы бар сан жетпес.
Тіл деген қасиетті ұғым екен,
Қазақ тілі жырлайтұғын жырым екен,
Ұмытпайық тілімізді ешқашан.
Қасиетін сақтайтұғын сырым екен.
Тілім саған әрқашанда бас иемін,
Бар ғой сенің бойыңда қасиетің,
Тіліміз деп әрқашан мақтан тұтқан,
Ұмытпайық бабалардың өсиетін.- деп мына бір көріністі тамашалайық. (видеоролик Қазақ ойшылдарының тіл туралы айтқаны).
Жүргізуші: Осымен 8 - 9 сыныптары оқушыларының даярлаған сыныптан тыс іс - шарасы аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет!
Ана тілім – ардағым
- Милана
- 10 қыркүйек 2016
- 14279
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ана тілім ардағым, тәрбие сағаты, тілім менің, 22 қыркүйек тілдер мерекесі
Ұқсас жаңалықтар:
Ана тілім-мақтанышым, мерейім
Ана тілім - мақтанышым, мерейім Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүйуге, мемлекеттік тілді аяққа...Ана тілін құрметтейік!
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №6 Талап орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шотыбасова Баян Асановна...Ана тіліңді құрметте (тәрбие сағаты)
Атырау қаласы, Қ. Смағулов атындағы орта мектебі бастауыш сынып муғалімі Ислямгалиева Ардақ Тақырыбы: Ана тіліңді құрметте...Ана тілі
Ана тіліңді құрметте Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай,...Ана тіліңді құрметте
Жезқазған қаласы №10 орта мектеп Наурызбева Айнур Муханбедияровна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.