Сынып жетекші: А. Қ. Сейпулла
Сабақтың тақырыбы: Мүшел жас – мерейлі жас!
Сабақтың мақсаты: Мүшел туралы қызықты пікірлермен балаларды таныстыру. Мүшелде қандай сыр бар, ол қандай сөзден шыққанына түсінік беру. Балаларды алғашқы мүшел жасына сипаттама беру. Оларды ата – аналарын сыйлауға, мейірімділікке, әдептілікке, достарын сыйлауға, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Баяндау
Сабақтың әдісі: СТО
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, шарлар, жыл басы туралы суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Оқушылармен амандасу, түгендеу
- Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, баулу
Әнұран орындау
Психологиялық дайындық. Гүл сыйлау арқылы бір – бірлеріне таңғы тілектерін айту. Бүгінгі күндеріне сәттілік тілеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:
1. Кіріспе сөз
2. Мүшел жастың тарихы, қасиеті туралы
3. Әр мүшел жасқа тоқталу /13 жас, 25 жас, 37 жас, 49 жас, 61 жас, 73 жас, 85 жас/
4. Сөз тапқанға қолқа жоқ. /Мақал – мәтел жалғастыру/
5. 13 жас бізге не берді? /Ойтолғау/
ІV. Кіріспе бөлімі
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар бүгінгі біздің өткелі отырған ашық тәрбие
сабағымыз ата – бабамыздан қалған, бізге жеткен қызықты деректер мүшел жас туралы. Қазақтың ырымы, наным сенімдерінің бірі – мүшелді бәрің білетін боларсыңдар? Адамның ең бірінші мүшел жасы мектеп табалдырығында өтетіндіктен мүшел жастың мән мағынасын аша отырып, осы 13 жасқа дейінгі алған, үйренген, білімдерін көрсету. Мүшел жасты анықтағанда бір ерекшелікті ұстаған жөн, яғни бала 13 жасқа толғанда бір мүшел деп қайырады, кейінгілерге 12 жылдан қосылып отырып береді. 13 жас, 25 жас, 37 жас, 49 жас, 61 жас, 73 жас, 85 жас деп адам жасын оңай шығарады. «Он үште отау иесі» - дейді қазақ. Бұл сөздің мағынасы осы жаста отау құру емес екен. Он үштесің ержеттің, енді мектебімізде сапалы білім алып, саналы тәртіп көрсету. Білім жағынанан да, өнерде де, спортта да үнемі алда болып алтын ұя мектебіміздің мәртебесін арттыра беру. Мүшел есебіндегі жылдар рет саны бойынша аталмайды. 12 түрлі хайуанның атымен аталады екен әр жылға бір хайуанның аты берілген.
V. Мүшел жастың тарихы, қасиеті туралы
Мұғалім сөзі: Мүшел дегеніміз – қазақтың және жалпы шығыстың жыл санаудағы 12 жыл.
«Жыл қайыру» туралы аңызды білесіңдер ме?
Ертеде түркі қағандарының бірі өзінен бірнеше жыл бұрын өткен атышулы бір соғыстың тәсілін үйренбекші болады. Бірақ ол соғыс қай жылы өткенін білмей әбден шатасады. Содан қаған өзінің қауымына былай депті, - «Біз тарихымызды анықтаудан көп жаңылыстық, ал бұдан кейінгілер бұдан да жаман шатасады. Біз жылдарға ат қояйық. Бұл біздің кейінгілерге қалдырған ескерткішіміз болсын».
Сөйтіп, Іле өзенінің екінші басына ау құрғызып, жабайы хайуандарды өзенге қарай қууға бұйрық береді. Нөкерлер хайуандарды қаумалап үркіте бастайды. Бәрі бірдей өте алмай, он екісі ғана судан аман шыққан екен. Ең алдымен судан өткен тышқан болыпты. Осыдан жыл басы тышқан аталыпты. Одан кейін судан сиыр, сосын барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз өтіпті. Сөйтіп, әр қайсысы бір – бір жылдың атын алыпты. Осылай он екі жыл бір айналып шықса бір мүшел жас екі айналып шықса екі мүшел жас болыпты.
Олардың ішінде 25, 37, 49 жастарды қауіпті кезеңдер деп санап, аман – есен өтуі үшін құран бағыштап, өзінің қатты жақсы көретін киім – кешектерін жақын жуықтарына тарату сияқты ырым жоралғыларын жасап жатады.
Мүшел жас – қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толуы алғашқы Мүшелі делінеді, одан кейінгі Мүшел жасы әр 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отырады. Ол 13 - ке толғанда бір Мүшел, 25 - ке тоғанда екі Мүшел, 37 - ге толғанда үш Мүшел, 49 - ға келгенде төрт Мүшел, 61 – ге келгенде бес Мүшел деп есептеліне береді.
Халықтың адам өмірін кезеңдерге бөлуіне байланысты қалыптасқан шартты түрдегі бөліністері қоғам мүшесінің әлеуметтік жағдайын, яғни қоғамдағы орны мен мәртебесін белгілеуді білдіреді. Бірақ бір Мүшел жастағы ерекшеліктен келесі Мүшел жасқа өтуді әлеуметтік құбылыс деп тануға негіз жоқ. Өйткені, ол адамның биологиялық қасиеттеріне де тән құбылыс болғандықтан, әр Мүшел ішінде адамның өзіне тән қасиеттері мен болмысы қалыптасады.
1. 1 мүшел – балиғатқа толуға байланысты болса,
2. 2 мүшел – ат жалын тартып мінген жастың есейген шағы,
3. 3 мүшел – ақыл парасаттың толысу шағы деген адамның физиологиялық – психологиялық жетілулерін меңзейді.
Мүшелдер арнайы ғұрыптар арқылы аталып өтілген. Олар: Жарты Мүшелге келген ұл баланы сүндетке отырғызып, «атқа мінгізу» мен қыз баланың құлағын тесіп, «сырға тағу» болған.
Мүшелден мүшелге өту аралығындағы жаста адамға қауіп – қатер жуық болады деп есептеліп, тән мен жанның өзгеріске ұшырайтын тоқырау кезі, белесі деп санаған.
VI. Әр мүшел жасқа тоқталу. Слайд көрсету.
VIІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» /Мақал – мәтел жалғастыру/
1) Жақсының хаты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді.
2) Тұз астың дәмін келтіреді, мақал сөздің мәнін келтіреді.
3) Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.
4) Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде.
5) Жақсы адамның ашуы, шәй орамал кепкенше.
6) Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.
7) Жақсы бала ата – анасын мақтатар, жаман бала ата – анасын қақсатар.
8) Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді.
9) Басқа пәле тілден.
10) Баланың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге.
11) Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
12) Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
Сергіту сәті. «Әріп таңдау». Сыныптағы қаңтар, ақпан айларында дүниеге келген оқушыларды ортаға шақырып ойын ойнатамыз. Қалаған әріптеріңді аласыңдар, қазір мен қойған сұрақтарға сол бойынша жауап бересіңдер.
- Сенің атың кім?
- Қайдан келдің?
- Қайда барасың?
- Немен барасың?
- Онда не өседі?
- Тағы не?
- Сені кім қарсы алады?
- Оған сыйлыққа не әпердің?
- Атың кім?
- Әжеңнің есімі кім?
- Жасың нешеде?
- Қайда тұрасың?
- Досың кім?
- Қандай тағамды жақсы көресің?
- Қай жерде отырасың?
- Қандай әншіні ұнатасың?
- Сенің атың кім?
- Әкеңнің аты кім?
- Нені ұнатасың?
- Бос уақытында немен айналысасың?
- Кімді жақсы көресің?
- Оның жасы нешеде?
- Оған қандай тілек тілейсің?
VIІІ. 13 жас бізге не берді? /Ойтолғау/
- Балалар, осы тақырып төңірегінде шағын ойтолғау жазасыздар.
- Мен өмірге келдім, маған өмір сыйлаған аллаға, анама алғыс айтам. Мектеп табалдырығын аттадым маған алғаш қалам ұстатқан, әріп танытқан ұстазыма рахмет, одан кейін менің тұлға болып қалыптасуыма, жақсы мен жаманды айыра білуді үйретіп жатқан қазіргі ұстаздарыма рахмет.
ІХ. Үйге тапсырма беру.
1. Өздеріңіздің туған жылына, яғни жылқы және қой жылы туралы деректер жинап алып келесіздер
Х. Қорытындылау. Шаттық шеңбері
«Күн сәулесі» Балалар анау қараңдаршы күн шығып тұр, сол күнді қолымызға алайықшы. Күнмен жылынып бірінші қолымызды жылытайық, сосын бетімізді жылытайық, сосын ішімізді жылытайық, аяқтарымызды да жылытайық, денемізді жылытып енді күнді орнына шығарып салайық.
- Сабақ аяқталды, назарларыңызға рахмет
- Сау болыңыздар.
"Мүшел жас - мерейлі жас!"
- Сейпулла Айымгуль Кайратовна
- 14 наурыз 2016
- 13376
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ашық тәрбие сағаты, мүшел жас – мерейлі жас
Ұқсас жаңалықтар:
Алпыс бір мүшел келді мерттей болып
Алпыс бір мүшем келді мерттей болып, Өтпедің сол мүшелден серттей болып. Кешегі дулап жүрген ер Құлеке, Су тиген, сөне қалдың өрттей болып....Уақыт бірліктері
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Екпін ауылы «Ы. Кабеков атындағы орта мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі Омирханова Назерке Ганиевна...Түйе мен тышқан
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №2 мектеп - гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Дүйісова Анар Бақытқызы...Уақыт бірліктері
Шығыс Қазақстан Облысы, Семей қаласы № 22 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ашимова Перизат Султановна...6-ға көбейту және бөлу кестесі
Қарағанды қаласы, № 6 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып әдістеме бірлестіктің жетекшісі Жумажанова Дана Саветовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.