Сайтқа кіру Тіркелу

Мен - Қазақстанның болашағымын!

Тақырыбы: «Мен Қазақстанның болашағымын»
Мақсаты: Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ержүрек, адал, батыл болуға тәрбиелеу. Өзін - өзі басқаруға, еркін сөйлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер,
Мұғалім: Жылдар бойы аңсаған тәуелсіздік тарихтың сыйы немесе бүгінгінің меншігі емес. Ол өткен бабалардың алдындағы қасиетті борыш, келешек ұрпақтың алдындағы зор жауапкершілігіміз болып табылады. Сонау замандардан бергі қазақ халқының Қазақстан болып қалыптасуына зор үлес қосқан майдан ардагерлері, яғни ата - апаларымыз, желтоқсанның алауын жаққан боздақтарымыз бен бойжеткендеріміз тәуелсіздіктің туын бізге тарту етті. Міне сол кісілердің арқасында биыл тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлағалы отырмыз. Атақты Қазақ хандығының құрылуына 551 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Ата - Заңының 21 жыл мерейтойлары, Ұлы Жеңістің 71 жылдығы. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған әдеби - музыкалық монтажымыза қош келдіңіздер! Келесі кезекті оқушыларға берейік.
1 - оқушы: - Армысыздар қадірменді қонақтар, ұстаздар!
2 - оқушы: - Саламатсыздар ма, ата - аналар, оқушылар!
1 - оқушы: Еліміздің салиқалы саясатының арқасында еліміз қарыштап дамып келеді. Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп, халқымыздың тарихы да қайта жаңғыртылуда.
2 - оқушы: Осыған байланысты жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ержүрек, адал, батыл болуға, өзін - өзі басқаруға, еркін сөйлей білуге тәрбиелеу мақсатында өткізіліп отырған 4 - сынып оқушыларының «Мен Қазақстанның болашағымын»атты сыныптан тыс тәрбиелік әдеби - музыкалық монтажымызға қош келдіңіздер!
3 - оқушы: Міне, осыдан 550 жыл бұрын, яғни 1465 жылы осы Керей мен Жәнібек хандар 200 мыңдай адамы бар қазақ тайпаларының басын біріктіріп, Шу бойында алғаш рет Қазақ хандығын құрған еді. Осы күннен бастап қазақтың мемлекеттілігі басталды.
/Сахна ашылады. Сахна төрінде Керей мен Жәнібек сұлтандар әңгімелесіп отырады. Кенет сахнаға түрлері шаршаңқы 3 - 4 қазақ азаматтары кіріп келеді/
1 - қазақ: - Сәлем бердік, Аға сұлтандар!
/Олар Керей мен Жәнібектің алдында бастарын иіп, тізелерін бүгіп отырады/
2 - қазақ: - Уа, халқының ардақты сұлтандары Керек мен Жәнібек! Сіздерге ел ішінен айтар уәжімізді ала келдік. Соны жеткізуге рұқсат беріңіздер!
Керей мен Жәнібек: - Рұқсат, рұқсат! Датыңды айта бер!
3 - қазақ: - Мына Дешті Қыпшақтың ханы Әбілқайыр халықты әбден титықтатып бітті.
4 - қазақ: - Халықтан алынатын алым - салықты да көбейтті.
1 - қазақ: - Ағайынның арасы алауызданып барады.
2 - қазақ: - Оның үстіне Әбілқайыр хан кешегі күні ойраттардан жеңіліс тапты. Енді халықтың күні не болар екен? Ел болып есімізді жинамасақ, бір жағынан Дешті Қыпшақ хандығы, екінші жағынан ойраттар берекемізді кетірер. Сіздер бұған не дейсіздер?
Керей: - Иә, елдің жағдайы бізге белгілі. Мына Жәнібек екеуміз соны ойласып отыр едік. Дешті Қыпшақ хандығы сұлтандарға да күн берер емес.
Жәнібек: - Елдің басын біріктіріп, оның ертеңін ойлайтын кез келді. Егер сіз бастасаңыз, бізді 200 мыңдай халық қолдар еді.
Керей: - Олай болса, Дешті Қыпшақтан зәрезап болған осы халықтың қолдауына сүйеніп, қазақ тайпаларының отауын бөлек тігейік! Қазақ хандығы құрылсын! Ел болып ақылдасайық! Еріңдер соңымнан! /Олар ақырын сахнадан шығып кетеді/
3 - оқушы: Осы уақыттар аралығында ұлтымыздың тарихында қаншама ел басқарған даналарымыз бен ел қорғаған батырларымыз өтті. Тәуке хан, Абылай хан, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Наурызбай батырлар сияқты ерлеріміздің есімдері тарихта қалды..
Еліміздің тарихы өте тереңде жатқаны бәрімізге белгілі. Олай болса, осы еліміздің ұзақ тарихы тар жол, тайғақ кешуді басынан өткізді.
Солардың бірі - 1941 - 1945 жылдар аралығында болған Ұлы Отан соғысы еді...
4 - оқушы: Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды.
5 - оқушы: 1418 күн мен түнге созылған сұрапыл соғыста біздің сан мыңдаған бауырларымыз Отан үшін отқа түсіп, қаншама боздақтарымыз сұм соғыстың құрбаны болғаны – ащы шындық. Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың ерлік рухын асқақтатты. Мысалы: Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов, Нүркен Әбдіров және т. б.
Желбірейді бейбітшілік жалауы,
Орындалып жас ұрпақтың қалауы.
Әлия, Мәншүк жүрегі боп жанып тұр,
Мәңгілік от ескерткіші алауы!
Ән: «Әлия»
Орындайтын: Ысқақ Аружан
6 - оқушы: Қазақ халқының басында 1986 жылы тағы бір көтеріліс белең алды. Бұл қаншама жас боздақтарымыз бен бойжеткендеріміз тәуелсіз ел болуды аңсап, ашық алаңда көтеріліс жасады. Бұл көтерілісте: Қайрат Рұсқұлбеков, Лаззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Спатаев сынды қазақ жастары өз елінің тәуелсіздігі жолында жанқия күресті. «Желтоқсан желі»әні баяу орындалып тұрады.
/Сахна сыртынан орыс помещиктері Қайрат Рұсқұлбековті соққыға жығып, тұтқынға алады. Сонда Қайрат:
Қайрат деген атын бар,
Қайрат деген затым бар.
Ерке тоқты құрбандық,
Атам десең атыңдар!/
Ән: «Қазақ жастары»
Орындайтын: Советбек Байтұрсын, Еримбетов Ернұр.
1991 жылдың 16 желтоқсанында сол қаза тапқан жастардың тілегі орындалып, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Қазақстанның рәміздер қабылданып, төл теңгесі жарық көрді.
7 - оқушы: Қазақстан Республикасы:
Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен елеулі,
Әнұранымен айбатты.
8 - оқушы: Байтақ дала - жерім менің,
Арта берсін кенің сенің.
Көк байрағың желбіресін,
Егеменді елім менің!
9 - оқушы: Ел болдың ерік алдың астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады.
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.
Ән: «Елбасы»
Орындайтын: Текесбай Сандуғаш, Садуақас Еркежан, Байболова Нұрай.
Мұғалім: Тәуелсіз елдің болашағы ретінде сендер өскенде кім боласыңдар?
- Мен өскенде мұғалім болам. Осы арқылы еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелегім келеді.
- Мен өскенде дәрігер боламын! Халқымыздың денсаулығына жәрдем бергім келеді.
- Мен өскенде заңгер боламын! Еліміздің заң саласына өз үлесімді қосқым келеді.
- Мен өскенде құрылысшы боламын! Үлкен де, сәулетті үйлер тұрғызғым келеді.
- Мен өскенде қаржыгер боламын! Осы арқылы халқымның жағдайын жақсартсам деймін.
- Мен өскенде Нұрсұлтан атамыздай басшы болғым келеді. Өйткені еліміздегі тыныштық пен татулықтың баянды болуын қалаймын.
Хор: «Нұр аға»әні.
Ән: «Алға Қазақстан»
Орындайтын: Айтмұхамедова Мадина
Оркестр: «Киіз басу» күйі
Мұғалім: Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, сіздерге арнаған 4 - сынып қыздарының орындауында:
«Ұлттар» биі
Қорытынды: Егеменді еліміздің болашағы, армандары асқар таудай, елдің ертеңгі ұрпағы бақытты болсын! Сіз бен біздің балаларымыздың өнерін тамашалауға келген сіздерге көп - көп рахмет! Тәуелсіздігіміз баянды болғай!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×