Қостанай облысы, Жангелдин ауданы
Торғай селосы, Ш. Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі
Биология пәнінің мұғалімі Смайлова Рсалды Кадиржановна
Бүгінгі мектеп түлегі - ертеңгі елдің тірегі.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім шыңына талпынуда алғашқы қадам жасаулары үшін бойларында қандай қасиеттер болуы керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, өз мамандығын дұрыс таңдай білуіне дұрыс бағыт - бағдар беру.
Түрі: тренинг сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелесу.
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар! Сіздер сәбилік, балалық шақты, алғашқы мүшелді артқа тастап, жасөспірімдік шаққа келіп жеттіңіздер. Әрбіреуінің алдарыңа қойған басты мақсаттарын бар: бұл - білім шыңына талпыну, жүректеріңмен қалаған мамандықтарыңыздың иесі, өз елінің ертеңі, тірегі болу. Қандай маман иесі болсаңыздар «Адам» деген атаққа лайық болу - басты парыз.
Ұйымдастыру кезеңі: Сынып оқушылары түстер бойынша 3 топқа бөлінеді.
1 - кезең: "Таңғалдыра таныстыру". "Екі шындық, бір өтірік" ойыны түрінде өтеді. (Тренингке қатынасушылар өздері жайлы екі ақиқат және шындыққа жанаспайтын бір пайымдау айтады.)
2 - кезең:
"Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге" (Абай)
Әр топқа сауалдар беріледі, ортақ пікірге келіп, топтастыру арқылы жауап беру.
1 - топ: ҰБТ жайлы не білесіз?
2 - топ: ҰБТ тапсыратын оқушының міндеттері қандай?
3 - топ: Мамандықтың қандай салаларын білесіздер, сіздің топ мүшелері қай салаларын таңдап отыр?
3 - кезең: "Ситуациялық жағдаяттар".
1 - топқа: Сіз сертификат алдыңыз. Бірақ құжат тапсырар кезде сіз таңдаған мамандығыңыз бойынша толық ақпарат алған кезде көңіліңізден шықпады. (Оқитын ғимараты ұнамауы мүмкін, оқитын пәндеріңіз қызықтырмауы мүмкін.) Сіз не істейсіз, сол мамандыққа тапсыра бересіз бе, әлде басқа мамандықты таңдар ма едіңіз?
2 - топқа: Самат деген оқушы ҰБТ - ға үйінде үнемі өз бетімен дайындалады, кейбір сұрақтарын ата - анасымен бірлесіп талдап та отырады. Бірақ бақылау сынақтарында өз деңгейінен көріне алмай келеді. Ал мектепке келгенде мұғалімнің айтқанын тыңдамайды, артқы партаға барып ұялы телефонмен ойнап отырады. Ата - анасы баласына сенімді, ал ұстаздары Саматтың сынақтан дұрыс нәтиже көрсете алмайтынын айтып, мектепте емтихан тапсыруына үгіттеуде. Саматты қалай түсінесің, орнында болсаң не істер едің?
3 - топқа: Сен ҰБТ болатын күні қобалжыдың ба, әлде денсаулығың сыр берді ме, түнімен ұйықтамадың, ата - анаң да қобалжыды. Таңға жақын ғана көз ілдің де, мектепке жиналатын уақыттан сәл кешігіп қалдың. Басқа сыныптастарыңның алды ҰБТ орталығына кетіп қалыпты, сен не істейсің?
Сергіту сәті: "Жүректен жүрекке". Шаттық шеңберін жасап жүрек ұсынуы арқылы ҰБТ жайлы жақсы тілектер айту.
4 - кезең: "Еркін микрофон" Барлығыңа "қандай мамандық иесі боламын?" деген сауал тастай отырып еркін микрофон ұсынылады.
Бүгінгі мектеп түлегі - ертеңгі елдің тірегі
- rsaldu
- 15 ақпан 2016
- 4020
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тәрбие сағаты, тренинг, мамандық таңдау, мамандықты дұрыс таудау тақырыбына
Ұқсас жаңалықтар:
Мамандық таңдау мәселелері
Мақсаты: • Оқушылардың білім шыңына талпынуда бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, ой бөлісу;...Менің мамандығым - менің болашағым
Кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету. Оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте...Мамандық – менің болашағымның таңдауы
Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы, «Қуат Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ педагог - психологы Габидуллина Гульмира...Мен мамандық әлеміндемін
«Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру мақсатында "Мен мамандық...Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі
Білімділігі :Оқушылардың білім шыңына талпынуда алғашқы қадам жасаулары үшін бойларында қандай қасиеттер болуы керек ,неге бейімделу керктігі жайлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.