Мақсаттары:
Білімділік: Ұлттық ойындар дене шынықтыру іс – әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру.
Дамытушылық: Қазақ халқының ерлік – жауынгершілік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хан батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін – өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Қажетті құралдар: Арқан, жылқы макеті, қамшы, шариктер, үлкен резеңке доптар,
Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар мен тәрбиешілер! Бүгінгі «Жарысқа шық, жас ұлан!»
атты спорттық ойындар жарысына қош келдіңіздер! Топ арасындағы жарысқа топтарды ортаға шақырайық. («Қара жорға» әуенімен балалар ортаға шығады.)
Бүгінгі жарысқа қатысуға екі топ келіп тұр. Олар «Тұлпар» және « Қыран» топтары. Осы топтардың жарысына әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
( әділ қазылар алқасы тәрбиешілерден сайланады)
Ал, құрметті халайық
Жарысты енді көріңіз
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіз
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділ қазы ел сенген
Өнерге баға беріңіз
Міне, балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке – жеке команда
Ал, балалар өздеріңді таныңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанды,
«Ура» деген ұранды біз тастаймыз
Жарысымызды ал енді бастаймыз
«Жеңіске жетеміз!» деп
Жалынды ұран тастаймыз.
«Жарысқа шық, жас ұлан!»- атты жарысымызды бастаймыз.
Сайыс түрлері:
1. Таныстыру
2. Бәйге
3. Арқан тартыс
4. Допты ұяшыққа салу
5. Кім шапшаң?
6. Шегіртке
І тур «Таныстыру»
«Тұлпар» тобы: Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па!
Қуып жету жақсы ғой
Озып шығу бір басқа.
«Қыран» тобы: Босқа қарап тұрмайық,
Бағымызды сынайық
Намысты қолдан бермейік
Жарысты озып шығайық.
ІІ тур «Бәйге»
Әр топтың алдына 3 - 4 м қашықтықта межелер белгіленді.
Екі топтың балалары ( арақашықтық 2м) сап түзеп тұрады. Бұл ойында жұптасып жарысады. Әр топқа бір ат, бір қамшы байланады. Белгі бойынша әр топтан бір баладан атқа қонады да жарысады. Балалар аттың шабысына салып шабуы тиіс.
ІІІ тур «Арқан тартыс»:
Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналатын ойын бір түрі. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ өз жағына алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.
ІV тур «Шарикті ұяшыққа салу»
Балалар бір - бірден шариктерді кәрзеңкеге дәлдеп салады. Неше рет шарик салса, сонша ұпай жинайды. Ойын уақытқа ойналады. Уақыты 2 минут.
V тур «Кім шапшаң?»
Допты қолдарына қысып ұстап, шынтақтап, шеңбер ортасынан өтіп, кері келіп келесі ойыншыға береді. Бірінші болған топ жеңеді.
VІ тур «Шегіртке»
Әр топтан бір - бір оқушы доптың үстіне отырып, белгіленген межеге секіріп жетіп, кері қайтады. Бірінші болып бітірген топ жеңеді.
Тәрбиеші: Құрметті көрермендер, балалар! Біздің алға қойған мақсатымыз ата – бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ұлттық ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге – құрмет, кішіге – қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру. Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан - жақты жетілдіруге бағытталған.
Бүгінгі балалармен ұйымдастырылған «Жарысқа шық, жас ұлан!» атты спорттық кешімізді қорытындылап, әділ шешімді әділ қазылардан күтеміз.
(әділ қазылардың шешімі тыңдалады)
Осымен спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!
Жарысқа шық жас ұлан
- Ulmeken71
- 24 қаңтар 2016
- 5223
- 0
- 0
Ілмек сөздер: сайыс сабақ дене тәрбиесі, спорттық ойындар
Ұқсас жаңалықтар:
Кім жылдам? спорттық сайысы
Оқушыларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа баулып, қимыл - әрекетке жаттықтыру...Біз спортшы жанұямыз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті. Дене шынықтыру жетекшісі: Исмамбетов Берік...Ойна да ойлан
Балалардың танымдық білімдерін және спорттық қимыл қозғалыстарын тиянақтау. Жан – жақты сауатты, дарынды, озық, қабілетті бала тәрбиелеу. Ойын арқылы...Шынықсаң шымыр боласың
1. Оқушылар мен ұстаздардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау. 2. Спортқа деген...Көңілді спорттық ойындар
Мақсаты: Балалардың қимыл - қозғалыстарын жетілдіру, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа баулу....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.