Оңтүстік Қазақстан облысы,
Сарыағаш ауданы,
№9. Майлықожа атындағы жалпы орта мектептің
кітапханашы Темирбекова Раушан Дуйсеналиевна
Елін сүйген – Елбасы
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа тәрбиелеу. Егеменді еліміздің патриоты болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, «Елін сүйген - Елбасы» атты кітап көрмесі, ҚР Президентінің суреттері бар буклеттер, шарлар мен гүлдер.
Түрі: тәрбие сағаты
Әнұран.
Кіріспе сөз: Құрметті ұстаздар, оқушылар, оқырман қауым! 1 - желтоқсан ҚР - ң тұңғыш президенті күні болып жарияланды. Осыған орай мерекелеріміздің қатары тағы біреуге артып, осынау атаулы күн «Тұңғыш президент күні» ретінде тойланатын болды. Баршаңызды осы мерекемен құттықтай отырып, ашық тәрбие сағатымызды назарларыңызға ұсынбақпыз.
1 - оқушы: Тәуелсіз ел Қазақстан - гүлстан,
Ақындары жыр арнаған алыстан
«Хан шатырымен» мен мұндалап көрінсе
«Бәйтерегі»көз тартады алыстан.
Егеменді елім менің – Қазақстан
Бар әлемге айқара есік ашқан.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Істері айта берсек, үлкен дастан,- дей келе енді Елбасымыздың өмірі туралы толық мағлұмат алу үшін экранға назар аударайық.(слайд көрсетіледі)
2 - оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - 1940 жылдың шілдесінде Алматы облысы, Қаскелең (қазіргі Қарасай) ауданындағы Шамалған ауылында өмірге келген. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмектесу керек болды. Өзі еске алғандай өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын құрмет тұта білді.
«Үшқоңыр» әні.
3 - оқушы: Ол ерте есейді. 1958 жылы орта мектепті бітіре салысымен Кеңес одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін Украинаның Днепродзержинск қаласындағы №8 техникалық училищесіне оқуға түсіп оны 1960 жылы бітіріп шығады. Осы жылы мамыр айында Теміртау қаласындағы «Қазметаллургстрой» тресінің «Доменстрой» құрылыс басқармасында қара жұмысшы болып еңбек жолын бастаған. Сол 1960 жылдың шілдесінен бастап Қарағанды металлургия зауытының балқыту цехында шойын құюшы болып жұмыс істеді.
1964 - 65 жылдары Қарағанды политехникалық институтының студенті болған ол балқыту цехының диспетчері, балқыту пешінің аға газовшигі болып істейді. 1969 жылдың шілде айынан бастап Теміртау қалалық партия комитетінің өндіріс және көлік бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады да сол жылдың желтоқсанынан бастап Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып істейді. 1971 жылы маусымда Теміртау қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, 1973 жылы Қарағанды металлургия комбинаты партия комитетінің екінші хатшысы болады. 1977 жылы Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, 1979 жылы Қазақстан Компартиясы ОК - ң хатшысы болып қызмет атқарады.
1989 жылы Қазақстан Компартиясы ОК - ң бірінші хатшысы, 1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1991 жылы желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасының Президенті лауазымды қызметін атқарып келеді.
1991 жылы 1 - желтоқсан күні Республикада бүкілхалықтық президент сайлауы болып өтті. Қазақ КСР - ң Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
«Көк тудың желбірегені» әні.
4 - оқушы: Елбасымыз әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетіп келеді. Елбасымыздың таланттылығы мен ұлтжандылығын сезінбеу мүмкін емес еді. Ол осынау тамаша жетістіктерге бірден қол жеткізе қойған жоқ. Қаншама қиын – қыстау кезеңді жеңіп шығу міндеті, дүйім жұртқа елдігімізді мойындату міндеті жоғары дәрежеде өз шешімін тауып отырды. Бүгінде осы мерекеге орай көптеген іс - шаралар атқарылуда. Соның бірі -«Елбасы жолы» фильмінің жарық көруі. Ол үш бөлімнен тұрады: 1. «Балалық шағымның аспаны». 2. «Теміртау» 3. «Отты өзен» (видео көрсету)
5 - оқушы:
Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға су алған,
Бұл далаға жылап келіп, уанғам
Бұл даланы алғаш көріп қуанғам.
Бұл далада өскен жанда жоқ арман
Қ. Аманжолов
6 - оқушы:
Қазақ елі, желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылы мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.
Тәуелсіздік - рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім, қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.
7 - оқушы Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті.
Шырақ етіп өмір нұрын,
Алыс жатты алдағы жол.
Ел намысын, елдің жүгін,
Арқалаған ардағым - ол.
8 - оқушы: 1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев қайта сайлайды, ал 2005 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н. Ә. Назарбаев тағы жеті жылға сайланды.
Күнісіз қазақ көгінің,
Шуағын шашқан халқына.
Қазығы бостандығымның,
Қажымас қайсар нар тұлға,
Ұшырдың алыс айға адам
Халқымның мақсат арманын,
Түсінер сіздей қайда адам?!
Бес қару белге буынып,
Қол бастар көсем өзіңсің,
Жаныңды қиып бересің,
Қазақтың байтақ жері үшін.
1992 жылы 4 – маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды.
Рәмізім - елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім - әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Қазақстан Туы
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен - тек -
Елдің ашық қабығы.
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман - қыраны.
Жалауы бұл - халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.
Елтаңбасы елімнің
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада - аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ.
Екі жақтан көмкеркен.
Тәуелсіздік жолында
Талай - талай тер тамған...
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім - Елтаңбам.
Әнұран
Әнұраным - жанұраным,
Айтар әнім - сөйлер сөзім.
Туған жерім - сағынарым -
Мың қайталап айтам мұны.
«Қара жорға»- би
Оқырмандардың өлеңдер оқуы
Елім деп соққан жүрегі
1. Талай жыл төгілген еңбек пен тер
Ақталды, орындалды ақ тілектер
Президент арқасында тәуелсіз боп
ТМД құрамына ендік біздер
Ең бірінші Біріккен Ұлттар Ұйымына,
Одан кейін елу елдің қатарына
Мүше болып кірдік - бұл мақтаныш
Мұның бәрі бірліктің арқасында
Қара жамылып халық зарлағанда
Аспанды қара бұлт торлағанда
Сәбилер полигоннан зардап шегіп
Талай ана көз жасын бұлағанда
Бастама боп көтерді халық жайын
Қарсы шықты бәріне, болса да қиын
Жауып полигонын Семейдің
Ықыласына бөленді талайдың
Болашақ кілті жастарда
Айтады осы сөзді жолдауында
Назарбаев университетін салдырып
Білімді жастарды қолдауда
Елім деп соққан жүрегінің лүпілі
Халқым деп өткен әр күні мен әр түні
Қазақтың ұлы, асыл текті азамат -
Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы
Нұраға
Жағасында есілдің
Жарқырайды бір қала
Қамын ойлап елінің
Ел басқарған Нұраға
Болса да біздің Нұраға
Халқымыздың тірегі
Жаңа қала Астана -
Еліміздің жүрегі.
Астана
Бәйтеректің басына сен шықтың ба?
Сарыарқаның саф ауасын жұттың ба?
Өзегіңді жарып аппақ бір сезім,
Өз еліңнің ұлылығын ұқтың ба?
Төгеді Есіл төңірегіне өмірлі ән,
Өз Астанаң өз қолыңмен соғылған.
Енді, қазақ, бір - біріңді аяла!
Түбі бірге түп қазыққа шоғырланған
Алатауда қалды жылдар ең асыл,
Есілдің де жандай ыстық жағасы.
Жан даламның
Алматы мен Астана –
Көздерінің ағы мен қарасы!
Н. Назарбаевтың нақыл сөздері
(қалып қойған сөзді табу)
1. Жақсыдан... қалады. (бақ)
2. Білімді дамыта алмайтын елдің... жоқ. (болашағы)
3. Тәрбие ошағы.... (мектеп)
4. Қазақ қазақпен... сөйлессін. (қазақша)
5. Біз үйренетін ұлттан... ұлтқа айналуымыз керек. (үйрететін)
6. Ұлт болашағы... қолында. (білімді ұрпақтың)
«Елім менің»- хор
1 - оқушы:
Әр сөздің астарында осы арада
Ағайын ой жібертіп жете қара
Тәуелсіз Қазақстан тарихында
Тұлғасы Елбасының жеке дара!
Өмірдің судай ағып өзенімен
Келеді Президенттер кезегімен.
«Елбасы - Назарбаев» - егіз ұғым
Жасайды мәңгі бірге өз елімен.
2 - оқушы:
Болашағы Қазақстанның алдағы
Орындалсын қазағымның арманы
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев
Халқымыздың сеніп алған таңдауы
Асқақ болып еліміздің жалауы
Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы
Еңбек, достық, бейбітшілік, береке
Қазақстан Республикасының қалауы
Еліміздің тыныштығын сақтайтын,
Халқым менің Елбасыны қолдайық
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған
Жасай берсін, Нұрсұлтан Назарбаев!
Қорытынды:
Міне, 1991 жылдан бері еліміз өз болашағын берік қолға табыстаудың арқасында тыныш, берекелі ғұмыр кешіп келеді. Сол кездегі халық сеніміне адал болған, ел үмітін үкілеген Елбасына халқының айтары шексіз. Біз бүгін ұлтымыздың абыройына, киесіне айналған Президентіміз үшін мақтана алатын халықпыз. Елбасының осыншама жасап жатқан жасампаз еңбегі баянды болсын. Қазақстанымыз қарыштай берсін. Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді естен шығармайық, балалар!
Презентациясын жүктеу
Елін сүйген – Елбасы
- темирбекова_раушан
- 2 желтоқсан 2015
- 5001
- 0
- 20
Ілмек сөздер: Елін сүйген Елбасы, тұңғыш Президент күні мерекесі
Ұқсас жаңалықтар:
Елімен бірге Елбасы
Мақсаты: Қазақтың Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат...Тәрбие сағаттар жиынтығы
Алматы – менің сүйікті қалам. Ұлы тұлға - Әуезов. Менің құқықтарым. Дені саудың - жаны сау. Бақытым да, байлығым да - денсаулық. Біздің елбасы....«Қазақстанға саяхат» ойыны (Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Наза ...
Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 18 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жусупбаева Ризагуль...1 желтоқсан - Тұңғыш Президенттің күні
Мақсаты: оқушыларға тұңғыш президент туралы мәлімет беру; Н. Ә. Назарбаевқа арналған мұражайға сырттай саяхат жасау; президентті құрметтеуге, оны...Ел ертеңін ойлаған Елбасы
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.