Сайтқа кіру Тіркелу

Достық пен жолдастық

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы,
жалпы білім беретін Бұлан орта мектеп - балабақша кешені
бастауыш снып мұғалімі Хамедиева Жанаргүл Максимқызы

Тақырыбы: Достық пен жолдастық
Мақсаты:
1. Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру;
2. Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру, олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне, өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына, өз ойын, пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу;
3. Оқушыларды достыққа адал болуға, имандылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу;
Түрі: Тренинг элементтері аралас танымдық сағат
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер, сызбалар.
Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, сұрақ - жауап.
Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық
Тренинг: Бір – бірімізге жылы сөз арнаймыз».
- Әрбір адам?
- Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ?
Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісім?
- Тірлік, тірек, адалдық.
- Әрбір сөзім?
- Шындық, бірлік, адалдық.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Міне, балалар, біз бір - бірімізге жылы сөз арнап, біздер достығымызды, бірлігімізді білдірдік. Бүгінгі «Достық пен жолдастық» тақырыбындағы сабағымыз өмірімізге сән беретін адам бойындағы ғажайып сезім туралы.
ІІ. Негізгі бөлім
- Кім достық туралы мақал біледі?
/Оқушыларды тыңдау/
- Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
1 - оқушы:
Достық - ізгі ниетті адамдардың бір - біріне тек жақсылық жасауға серттесіп, ниет қосып іс - әрекетке ортақтасуы. Достық ізгі қасиет.
2 - оқушы:
Достықтың нәрі оның қадіріне жете білу. Достық киелі ұғым.
3 - оқушы:
Жаны таза, жүзі жылы, жөні түзу, ақылды, парасатты болу - нағыз достықтың белгісі.
4 - оқушы:
Достықтың сенімі адамдардың бір - бірін қажетсінуі мен шынайы құрмет тұтуы.
5 - оқушы:
Адал достық - өмірлік нұсқа, амал достықтың өрісі қысқа.
6 - оқушы:
Достасу, серік табу адамның бақытына бақыт қосады.
Мұғалім:
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Достық - аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гауһар тас. Жұлдызды да, гауһар тасты да ешкім кірлете алмайды. Достық адамды асқақтатады.
Нағыз достық адамға шабыт беріп отырады. Олар бір - біріңнің қуанышында да. сәтсіздігінде де ортақтасып отырады.
Жалған достықтың - ғұмыры қысқа болады. Олар бір - біріне шынайы болмайды. Бір - бірінің кемшіліктерін түземейді.
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде замандастары шешеннен:
- Достық нешеу?- деп сұрапты.
Әйтімбет:
- Достықтың 2 түрі болады. Бірі - адал достық, екіншісі - амал достық,- дейді.
- Дұрыс – ақ енді оларды қалай ажырата аламыз?
Шешен:
- Адал достық - өмірлік нұсқа, амал достықтың өрісі қысқа - деп жауап беріпті.
Осыны қалай түсінесіңдер?
/Оқушыларды тыңдау/
Мұғалім:
- Ал енді достықты бір нәрсеге теңеп көрейікші. Теңеген затымыздың суретін салайық. Сосын сол бойынша түсіндірейік.
Ән:«Дос болайық бәріміз»
Мұғалім:
- Дос қандай болу керек? /Топтастыру/
Оқушыларды тыңдау
«Мақал – сөздің маржаны»
(слайдта көрсетілген суретке қарап достық, жолдастық туралы мақал - мәтел айту)
Теңге суреті. Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
Ағаш суреті. Ағаш тамырымен,
Адам досымен мықты.
Тұз суреті. Досы жоқ адам,
Тұзы жоқ тағам.
Жол суреті. Жолдасын тастаған жолда қалар.
Нан суреті. Тістем нанның қадірін тарыққанда білерсің,
Анық достың қадірін зарыққанда білерсің.
Аққу суреті. Аққуды атпа,
Досыңды сатпа.

ІІІ. Қорытынды.
1.«Алақан» тренингі.
2. І топ: 5 жолды өлең құрау.
ІІ топ: РАФТ жазу
3. Жағдаяттар шешу.
*Саған досың өкпелі. Неге екенін білмейсің. 2 күн болды сені көрсе қашқақтайды. Сен не істейсің?
*Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды Қандай шешім қабылдар едің?
*Сенің досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр. Сенің әлің жетпейді. Не істейсің?
*Сенің досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?
*Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді. Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің?
*Досың сенің қимас ағаң сыйлаған сувениріңді ұнатып қалды. Қайта - қайта оны қызықтаумен болды. Қимас досың сұраса берер ме едің?
Мұғалім сөзі:
Қорыта келгенде, менің сендерге айтарым:
Достықты қадірлей біліңдер
Досыңның кемшілігін кешіре біл.
Достық сезім нұр құяды сезімге,
Досым үшін тойым дағы, төрім де.
Қуаныштың кептері боп самғаған,
Дос көңілдер шырқай берсін өмірде!
Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер, адамгершілік нормалары, әлемнің татулығы - бәрі де осы достықтан бастау алады. Сол бастау сендердің бойларыңда қаланды деп сенемін.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×