Сайтқа кіру Тіркелу

Мектеп білім тірегі, ұстаз оның жүрегі

Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға ұстаз — екінші ана екендігін түсіндіру. Мерекелерімен құттықтау. Бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздарын ерен еңбегін, мол қадірін, жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге үйрету, ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білуге үйрету.
ә) Танымдық қабілетін арттыру. Мұғаліммен оқушы арасындағы байланысты нығайту.
б) Айналасына білім, тәрбие ұрығын шашып, адамгершілік нұрын төгетін ұлы тұлға ұстазға құрмет көрсету, лебіз білдіру, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Өлеңдер оқу, ән шырқау.
Көрнекілігі: Слайд, ұстаздар туралы жазылған нақыл сөздер, өлеңдер, гүл шоғырлары, шарлар.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. ҚР мемлекеттік Әнұраны.
Балалардың бағы болып басты әні,
Ұстаз елді болашаққа бастады.
Нұрын шашып ұстаздықтың дастаны,
Ашық болсын туған елдің аспаны.
Аспандағы жұлдыздардай жанды үміт,
Арайлап ата берсін таң күліп.
Жақсы ойлары жүректерді жаңғыртып,
Ұстаз ісі жасай берсін мәңгілік.
Мұғалімнің құттықтау сөзі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сіздерді дәстүрлі ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Баршаңыздың отбасыңызға амандық, бақ - береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз.
“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр - сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән - мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім — мектептің жүрегі»-- деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол - ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат етудің өзі бір үлкен күш, сондықтанда ұстаздың еңбегі -- ұлы еңбек. Сонымен «Мектеп білім тірегі, ұстаз оның жүрегі» атты тәрбие сағатымызды ашық деп кезекті оқушыларға беремін.

Хормен барлығы:
Құрметіне ұстаздың тік тұрайық.
Алаңдап басқаға біз бас бұрмайық.
Аяулы ұстаздардың бұл мерекесін
Барлығымыз қуанып қарсы алайық!

Мұғалім: Балалар қазақтың тұңғыш ұстазын білесіңдер ме?
- Әрине Ыбырай Алтынсарин. Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым - жазушы Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, көркем әдеби тілдің тазалығы үшін күресуші, балаларға таза ана тілін үйрету арқылы халықтың бай тілін меңгеріп, өнер - білімге бастаушы. Ыбырай Алтынсарин туған халқына оқу - білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Тұңғыш қайраткер жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып, бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан, 1864 жылы мектеп ашты.
Мұғалім: Біз ата - анамызды қалай қадірлеп құрметтесек, ұстазды да солай құрметтеу - парызымыз.
Ән: «Мұғалім ол біздің».
- Қанекей оқушылар ұстаздарға арналған тақпақтарды кім айтады?
Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,
Сізге ұқсап қудық біз де сан арман
Сіздей адам дүниеде көп болсын
Балалардың бақыты үшін жаралған

Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,
Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.
Ұстазды жеткізгенше мұратына
Білім іздеп лапылдап жаңа берем
Нақыл сөздерге кезек берейік
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.

Жақсы мұраптың атынан су ереді,
Жақсы ұстаздың соңынан шәкірт ереді.

Ұстазға қарап шәкірт өседі.
Оқушылардың мұғалімдерге дайындап келген сұрақтарына кезек берейік
Сұрақтар:

Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?
Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?
Басыңыздан өткен қызықты оқиғаны айтып берсеңіз
Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?

Логикалық сұрақтар;
1. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/
2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/
3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/
4. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
5. /Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп

Қорытынды: Ұстаз ақыл - ойы мен күш - қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымен кеңейтіп қияға қанат қақтырады. Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да ұстазды ерекше пір тұтып қадірлейді. Сондықтан ұстазды қадірлейік, ренжітпейік деген қорытынды жасай келе бүгінгі тәрбие сағатымызды тәмәмдаймыз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×