Сайтқа кіру Тіркелу

ХХІ ғасыр көшбасшысы

Сабақтың тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. оқушылардың математикалық, тілдік білім - біліктерін тексеру. Ұмыт қалған тақырыптарын еске түсіру. Қызықты сұрақтар арқылы білімдерін толықтыру.
2. Дамытушылық. Оқушылардың ой өрісін кеңейту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, логикалық ойлау есін жетілдіру. Оқуға, білімге деген қызығушылықтарын арттыру. Еркін сөйлеу, тереңнен ойлау қабілетін арттыру.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды жолдастыққа, еңбексүйгіштік пен білімқұмарлыққа тәрбиелеу. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа баулу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, жұмбақтар, карточкалар, кеспе сандар, қызыл түсті дөңгелектер, сайыстың турлары жазылған плакат.

Сайыстың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім:
Уа, халайық, халайық!
Бәріне жар салайық,
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып,
Көңілді кеш жасайық.
Жұмбақ шеру шашайық,
Мұнда қызық табылар,
Жұмбақ есеп бәрі бар.
Ал, сайыскер балалар,
Білімдеріңді сынайық
ХХІ ғасырдың
Көшбасшысын табайық.

- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздерді бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілгелі отырған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыс сағатын көруге шақырамыз.
(Әділқазылар алқасын сайлау)
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар,
Бәрінен де ең бастысы – барлығының
Қатты істейтін миы бар! – дей келе, енді осы сайыскерлерімізді таныстырып өтейін. Әр сыныптан 2 озат оқушыдан қатысады.
Сайыскерлерді таныстыру.
Сайыскерлерге тілек.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздей өренді
Математика сырына!
Қадамдарың оң болсын,
Сәт – сапар енді тілейік!
Ойынымыз 5 турдан тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 5 ұпайдан беріледі.

ІІ турдан кейін ұпайы төмен оқушылар шығып отырады. (Ең соңында бір оқушы, яғни көшбасшы қалу керек)

Негізгі бөлім.
І тур. «Бәйге»
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.
Ауызша сұрақтарға жауап беріледі.
4 - сынып оқушысына:
1 - сұрақ: 1 метрде неше мм бар?
2 - сұрақ: Шаршының периметрі мен ауданы қандай формула арқылы есептеледі?
3 - сұрақ: 10000 саны қандай санның квадраты?
4 - сынып оқушысына:
1 - сұрақ: 1 км – де неше метр бар?
2 - сұрақ: Тік төртбұрыштың периметрі мен ауданы қалай есептеледі?
3 - сұрақ: 125 саны қай санның кубы?
3 - сынып оқушысына:
1 - сұрақ: 1 м - де неше см бар?
2 - сұрақ: Кесінді дегеніміз не?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×