Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстан - менің Отаным

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
1) Қазақстан – туымен тұғырлы.
Елтаңбасымен еңселі
Әнұранымен айбатты.
Әнұран орындалады

Мұғалім: Құрметті аналар - әкелер, оқушылар! Бүгін Білім күні құтты болсын! Барлық мектептердің есігі айқара ашылды. Жаз бойы демалып, оқушыларым мектепке оралдыңдар
Сөйтіп білім үйренудің жаңа жолы басталады. Биылғы жаңа оқу жылы Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 24 жыл толады

Бүгінгі біздің тәрбие сабағымыздың тақырыбы: «Қазақстан менің - Отаным»

Мұғалім: Ал қане, балалар,
30 тамыз күні қандай мереке?
30 тамыз күні 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституция – Ата Заңымыз қабылданған күн. Ата Заңымыз 98 баптан тұрады. Әр баланың, адамдардың құқығы қорғалады.
Ата Заңым – бабалардың лебізі.
Ата Заңым – барлық заңның негізі.
Арқа сүйер Ата заңда адамды.
Артық санау кемсітудің жоқ ізі.
Ата Заңым мемлекет айбыны
Ата Заңым асыл ойдың айдыны
Туған жердің - Қазақстан елінің
Ата Заңмен қорғалады байлығы.

Мұғалім: Отан деген не? Оны қалай түсінесіңдер?
«Отан отбасынан басталады»
Отан - өз үйім, ата – анам, достарым, бауырым, тау, тас, өзен - көл, туған жер, бәрі Отаным болады.
- Дұрыс айтасыңдар. Ендеше Отан туралы балалар не дейді?

Қазақ елінде тұратын адамдардың
Отаны – Қазақстан Республикасы.
Отан туралы өлеңдер оқимыз.

2. Туған жер – алтын таң.
Кең далам, таулы орман.
Ұл мен қыз қорғаймыз,
Бақытты ұлы Отан.

3. Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен.
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді

4. Отан дейміз кең - байтақ астананы
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Мұғалім: Бүгінгі қазақстанымыз – қашан да мақтанышымыз. Өткен 20 жылда мемлекетіміз көркейіп, гүлденді. Өзге елдерімен терезесі тең болып; болашаққа жол ашты.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып қай кезде жарияланып еді?
1991 жылы 16 желтоқсанда. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықтарды бастан кешірді, қасіреті қаншама!
Қазақстанның рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран қабылданды.

5. Қазақстан Республикасының
болашағы елім, жерім, ата - бабам
күрескен, кіндік қаным тамған туған жерім.

6. Жарқырап нұрын төгіп көгінде күн.
Жұлдызың жарқырайды бүгін сенің
Тәуелсіздік мерекең құтты болсын.
Қазақстан Республикам – елім менің!

1. Егеменді ерікті ел екенбіз
Жылдан – жылға дамыған берекеміз.
Бостандықтың таңы ашқалы 20 жыл болды.
Халайық, құтты болсын мерекеміз.

2. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев
Атамыздың тәуелсіздігіміздің
Келешегі жолында жүзеге асырып
Жатқан жұмыстарын толық қолдаймыз
Мұғалім: Нұрсұлтан ата
Елімізде бірде – бір бала оқымай
Қалмауы керектігін басты назарға алды
Біздің Қазақстан Республикасында барлық балалар 1 қыркүйектен бастап тегің білім алуға мектептерге келеді. Оның бәріне Елбасымыздың басшылығының арқасында жетіп отырмыз.

3. Жарқырап нұрын төгіп көгінде күн
Жұлдызың жарқырайды бүгін сенің
Тәуелсіздік мерекең құтты болсын
Қазақстан Республикам менің.

Мұғалім: Біздің Республикам қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы
- Қазақ жері қандай?
- Қазақ жері өте бай, әрі кең.
- Отанымыздың астанасы?
- Астана қаласы
- Ал сең білесің бе, осыған дейін қандай астаналар болған?
- Бұған дейін Орынбор, Қызылорда, Алматы қалалары астанамыз болған
- Астана қаласы бұл 13 - ші астанамыз екен.
- Астана қаласы күннен - күнге жаңарып, гүлденіп, көркейіп келеді.
- Аз ғана уақыт ішінде жаңа тұрғын үйлер, зәулім ғимараттар, гүлзарлар мен фонтандар, әсем ескерткіштер бой көтеріп қалған

Қорытынды:
- Міне балалар, «Қазақстан - менің Отаным»
тақырыбының мәнін терең түсіне алдыңдар деп ойлаймын. Ел алдындағы, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім алыңыздар, ел болашағы сіздердің қолдарыңызда.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×