Сайтқа кіру Тіркелу

Аспанда да, жерде де, Жолың болсын жолаушы

Қашаған Құржыманұлы атындағы
№8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Бекмағанбетова Нұрсұлу Қосайқызы

1. Сабақтың тақырыбы:«Аспанда да, жерде де,
Жолың болсын жолаушы»
2. Сабақтың мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
Балаларды жолда жүру ережесін мұқият cақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту. Ситуация тудыру, сұрақ қою, жұмбақ шешу арқылы жол ережесін білуге баулу, ой - өрісін дамыту. Жолда ережесін білуге, орындауға, есте сақтауға тәрбиелеу.
3. Сабақтың көрнекілігі: бағдаршам макеті, жол ережесінің белгісі, слайд, суреттер.

Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аудар
Тыныштық сәті
Өлең тыңдау. Ән не туралы айтылған?
Жол туралы, жолаушы, ұшақтар, көліктер туралы айтылған. Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Аспанда да, жерде де, жолың болсын жолаушы».
Кіріспе сөз:
Бағдаршам өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз. Көліктер мен қатар, аспанда ұшақтарымыз да ұшады. Олардың да жолда жүру ережелері бар. Қазіргі таңда біздің қаламызда болсын, басқа қалаларда болсын көліктер саны өте көп. Сондықтанда статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ көптеген жол апаты, жарақат алып жатқан адамдар саны қаншама. Бұлардың барлығы біріншіден жол ережесін білмегендіктен, екіншіден жол ережесіне бағынбағандықтан болып отыр. Бүгінгі тәрбие сағатында жол ережесі туралы, жол ережесінің белгілерімен танысамыз.

Олай болса, бүгінгі сабақта үш топқа бөлініп отырғызылған.
1 - топ 2 - топ 3 - топ
Бағдаршам Ала таяқ Көліктер
Бүгінгі сабағымыздың шарттарымен таныстыру
1. Таныстыру
2. «Талабыңа нұр жаусын!»
3. «Жол белгілер шеруі»
4. Жұмбақтар шешу
5. Жағдаяттардан шығу
6. Шығармашылық жұмыс
7. Көрініс
1 - топ. «Бағдаршам» тобы
Менмін бағдаршам
Жиі - жиі жанған шам
Қызыл, сары, жасыл жанғанда,
Қарап қалма аспанға

2 - топ. «Ала таяқтар»тобы
Жолда тұрам әрдайым
Сермеп, бұрып жоғары,
Ұмытпай әркез жүргейсің
Алатаяқ мен болам

3 - топ. «Көліктер» тобы
Тыным таппай жүремін
Қызмет жасап әрдайым
Күндіз - түні қалада
Көліктер тобы мен болам

2. «Талабыңа нұр жаусын!»
Нұрсұлу
Біз тұратын көшені
Байқар болсаң егерде
Оны әбден болады
Әліппемен теңеуге
Көшелерді көлбеген
Құпия әр бұрышы
Ойлап көрсек – ол деген
Сабақтың ең дұрысы
Альбина
1. Үлкен кіші қала бар
Ой жүгіртіп қарап ал
Көше заңы тым қатты
Сақ болыңдар балалар
Әмина
2. Қай көше, қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол ортақ, Үлкен кіші баршамызға

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×