Сайтқа кіру Тіркелу

Ана-аса қымбатты жан

Сабақтың тақырыбы: Ана – аса қымбатты жан

Мақсаты: Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту.
Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер, шар, суреттері, проектор, слайд.

Мұғалім: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі сынып сағатымызға қош келіпсіздер! Кешіміздің жүргізушілерімізін ортаға шақырайық, таныс болыңыздар - Рахметов Наби, Темірбай Нұрай, Нүркен Адилькерей және Құрманғалиева Самал.
Нұрай - Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!
Наби - Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан.
Самал - Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.
Адилькерей - Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші!
Нурай - Ару - ана,
Наби - Ару - асыл жар,
Самал - Ару – көңілдің гүлі,
Адилькерей - Ару - өмірдің жыры.
Нурай - Олай болса, бүгінгі аналарға, қыздарға арналған, сыныбымыздың дайындаған «Ана - аса қымбат жан!» кешімізге қош келіпсіздер!
Балалар бәрі: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!!!
Адилкерей:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Хор айтылады.
Наби:
Ақ анашым, аппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы.
(Балалардың тақпағы айтылады Асылхан, Мирас, Мухамед)
Самал: - Барша аналарға арнаған Илиястың орындауында би тамашалаңыздар.

Адилкерей –
Қыздар, қыздар, қыздар - ай,
Қыр төсінен гүл терсе жан жарасып.
Самал тербеп көк майса құлпырады,
Табиғаттың тұрғандай нұры тасып.
- дегендей бүгінгі сыныбымыздың қыздары арасында өтетін «Көктем аруы» атты сайысымызға қош келіпсіздер!

Нұрай:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Қошеметпен қарсы алайық. шашу шашып!
Қыздарға арнап жыр жазбаған ақын жоқ, ән шығармаған сазгер жоқ. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қам, алма мойын бұлардың барлығы біздің әсем қыздарымызға айтылған теңеулер. Ендеше біз де өзіміздің лайықты ықылас ниетімізді білдіріп, осы байқауға қатысатын қыздарымызды таныстырып өтейік.
Адилкерей: Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл, сана.
Көркіне ақылы сай келетін,
Сыныптас дос, _________ де ортамызда!

Наби: Көрікті де, сымбатты,
__________ біздің әдемі.
Намысын қорғап бүгінде,
Қыз сынына келіпті.

Самал: ________біздің өнерлі,
Көңілді өмір сүреді.
Қыз сынындай сайысқа,
Алып келді өнерін.

Нұрай: Өнер қуған жасынан,
Өнері судай тасыған.
Келесі бізде _______
Көрінген күштің басынан.

Адилкерей: Сабырлы, әрі салмақты,
Өзі өнерлі жан - жақты
Ортада ________ қыз,
Жарысты бүгін жалғапты.

Нұрай: Бүгінгі ұл - ертеңгі – әке, бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт - дәстүрін, әдеп - ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру басты мақсат. Сондықтан да осы тәрбие сағатына дайындық барысында қыздарымыз көп оқып, өз білімдерін көрсетеді деп ойлаймыз.
Әділдікпен баға берер аруларға
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Ару қызды таңдап бүгін алайық.
Ал, енді, қыздарымызға әділ баға беретін әділ - қазыларымен таныс болыңыздар:
1. 3.
2. 4.
енді қыздарымызды сайыстың өтілу барысымен таныстырып өтейік:
1 - шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін - өзі таныстырады.
2 - шарт. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнерлер).
3 - шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.
4 - шарт. «Он саусағынан өнер тамған». Арулар өздерінің үйден жасап келген
қолөнерлерін көрсетеді.
5 - шарт. «Сәндік өнер»
Ал, енді, сіздердің қошеметтеріңізбен бірінші сайысымызды бастайық.
Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен арулар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
Байқауымыздың 1 - ші кезеңі «Таныстыру». Арулар кезек - кезек өздерін таныстырады.
Адилкерей: Өз өнерін көрсету
Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.
Байқауымыздың 2 - ші кезеңі «Өнерін көрсету».
Самал: Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.
Байқауымыздың 3 - ші кезеңі ««Сұрақ - жауап»
Әр қатысушыға үш сұрақтан қойылады.
1. Күй анасы кім?
2. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг?
1. Қазақ қыздарының бұрымына тағатын әшекей?
Адамның 10 қолында неше саусақ бар?
1. Ана туралы қандай мақал - мәтелдерді білесің?
2. 3жұмыртқа 5 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі?
1. Халқымыздың батыр қыздарын ата?
2. Алманың жартысы неге ұқсайды?
1. Наурыз көже қанша тағамнан дайындалады?
2. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
Нурай: Келесі 4 кезең «Он саусағынан өнер тамған». Арулар өздерінің үйден жасап келген қолөнерлерін көрсетеді. Бекер айтпаған ғой « ас адамның арқауы»келесі төртінші шартымыз бойынша біз қыздарымыздың өз қолдарымен жасайтын салаттарын көріп бағалайық.
Адилкерей: Сәндік өнер
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,- келесі 5 сайысымыз.

Қорытынды: Енді әділқазылар алқасына сөз берейік
1 -«Көктем аруы»
2 - «Инабатты ару»
3 - «Өнерлі ару»
4 - «Сымбатты ару»
5 - «Ақылды ару»

Мұғалім: Мерекені қарсы алып,
Мәз болғанда барша жұрт,
Гүл ұсынып қыздарға,
Сыйлық бердім мен өзім
- дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер.
(Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді)
Мұғалім: Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – аса қымбат жан!» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×