Сайтқа кіру Тіркелу

Менің сүйікті Жезқазғаным!

Тақырыбы: «Менің сүйікті Жезқазғаным!»
Мақсаты:
Оқушыларға туған қалалары жайлы мағлұмат беру, туған қаласындағы көрнекі орындар мен ескерткіштермен таныстыру.
Оқушылардың туған қаласына деген патриоттық сезімдерін ояту;
Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.

Бүгінгі біздің тәрбие сабағымыздың тақырыбы: «Менің сүйікті Жезқазғаным!»

Мұғалім: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең – байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Мұғалім: Отан деген не? Оны қалай түсінесіңдер?
«Отан отбасынан басталады» дегенді қалай түсінесіңдер?
Отан - өз үйім, ата – анам, достарым, бауырым, тау, тас, өзен - көл, туған жер, бәрі Отаным болады.
Мұғалім: Біздің Республикамыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы
- Қазақ жері қандай?
- Қазақ жері өте бай, әрі кең.
- Отанымыздың астанасы?
- Астана қаласы
- - Балалар сендер білесіңдер ме, біз қай қалада тұрамыз?
Жезқазған қаласы күннен - күнге жаңарып, гүлденіп, көркейіп келеді.
- Аз ғана уақыт ішінде жаңа тұрғын үйлер, зәулім ғимараттар, гүлзарлар мен фонтандар, әсем ескерткіштер бой көтеріп қалған.
- Ал осы Жезқазған қаласына биыл қанша жыл толады?
- Жезқазған қаласына биыл 60 жыл толады. Біздің қаламыз үлкен қала болмағанымен де, қаламызда өте әдемі және көрнекті жерлер мен ескерткіштер бар. Жезқазған - бұл Орталық Қазақстандағы 1761 шаршы километр аумақты алып жатқан. 96, 7 мың тұрғыны бар, қала. Жезқазған аймағының аумағында 1500 ге жуық тарихи және мәдени ескерткіштер бар, олар әсіресе Сарысу, Сары Кеңгір өзендері жағалауында көптеп кездеседі. Жезқазған тау - кен металлургия комбинатын кенші, геолог, академик Қ. И. Сәтпаевтың перзенті деп атауға болады. Кезінде академик университет ашуды армандаған. Сол асқақ арманы бүгінгі таңда орындалып, О. Байқоңыров атындағы Жезқазған Университеті ашылды. Қалада 20-дан астам мәдениет орындары жұмыс істейді, соның ішінде С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық драма қазақ театры және жасөспірімдер театры.
Слайд көрсету «Жезқазған қаласы»

1 - оқушы
Туған жер – алтын таң.
Кең далам, таулы орман.
Ұл мен қыз қорғаймыз,
Бақытты ұлы Отан.
2 - оқушы
Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен.
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді
3 - оқушы
Отан дейміз кең - байтақ астананы
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Ән: «Менің Қазақстаным»
Қорытынды:
- М Міне балалар, «Менің сүйікті Жезқазғаным!»
деген тақырыптың мәнін терең түсіне алдыңдар деп ойлаймын. Ел алдындағы, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім алыңыздар, ел болашағы сіздердің қолдарыңызда.

Ән тыңдау: «Жезқазған маршы»
Сарыарқаның сағымымен бірге ұшқан
Сәулетімен сәніменен нұр құшқан.
Салтанатты Жезқазғанның қаласы - ай,
Асты алтын, үсті күміс гүлстан.
Жезді бойы жез қалам,
Жер түбінен жезді алам.
Алтын қалам, кең далам,
Жеқазғаннан айналам
Асқаралы асқарысың жерімнің,
Мақтанышы, дастанысың елімнің.
Көзін ашқан кеше Қаныш ағамыз,
Тусыраған тұл бойында кенімнің.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстан - менің Отаным

Қазақстан - менің Отаным

Тақырыбы: Қазақстан - менің Отаным Мақсат: Оқушыларды 1 қыркүйек Білім күнімен құттықтау. Елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге баулу Тәуелсіз ел...
Менің сүйікті Жезқазғаным!

Менің сүйікті Жезқазғаным!

«Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің №21 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Өткізген: Керимкулова М. Б...
Менің Отаным Қазақстан

Менің Отаным Қазақстан

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі"КММ 2 "Ә"сынып оқушысы Қадыр Мария Жетекшісі: Сауытбаева Гульмира...
Ақтөбе – сүйікті мекенім! (оқушы шығармашылғы)

Ақтөбе – сүйікті мекенім! (оқушы шығармашылғы)

Ақтөбе, туған елім – мекенім Сені мәңгі құрметтеп мен өтемін Ыстық маған суың, тасың, тауларың Әрқашан да сені мақтан етемін!...
Менің Қазақстанымды әлем таниды!

Менің Қазақстанымды әлем таниды!

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының «№21 жалпы білім беретін мектебі» бастауыш сынып мұғалімдері Сауытбаева Гульмира Серикбаевна Керимкулова...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×