Сайтқа кіру Тіркелу

Әдептілік - адамдықтың белгісі

Нуржанова Гулжан Аманжоловна
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Әдептілік – адамдықтың белгісі»
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт - дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету. ә) Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. б) Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың өтілу әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.- Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! - Бүгінгі болатын 1 «А» сынып оқушыларының ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
- Тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Амандасу. – Балалар қане, бір - бірімізбен амандасайық.
Амансың ба, Алтын күн?
Амансың ба, Көк аспан?
Амансың ба, Жер - Ана?
Амансың ба, достарым?
Сіздерді көрсем қуанам!
- Енді қонақтармен амандасайық. Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз!
Алдымен балалар өзіне сәйкес келетіндей, әдептілік мінез - құлыққа байланысты сөздерді таңдап, соған өз атын тіркеп айту керек..
Мысалы: Ақылды -, байсалды -, сыпайы -, әдепті -, алғыр -, білгіш --, ізетті -, мейірімді -, бауырмал -, кішіпейіл - тілалғыш -.., білімді -, әдемі -, талапты -, сүйкімді -, шыншыл -, қайратты -, ақкөңіл -, еңбекқор -, қайырымды -, әділетті -, намысты -, адал -, сыйлы -, шыдамды -, батыр -

- Ал енді балалар бәріміз тақтаға қарайықшы.
Ситуациялық жағдай. (тақтадан сурет көрсету)
Әдеп
Арман мен Аян қалада тұрады. Екеуі де бір мектепте, бір сыныпта оқиды. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп әжей кірді.
Аян орнынан тұрып, әжейге орын берді. Ал Арман болса көрмегенсіп, теріс қарап отыра берді.
Бір уақытта әжей, орнынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға берді. Әжей Аянның әдептілігіне сүйсініп, алғысын білдірді.
- Ал балалар сендер не істер едіңдер?
- Арманның істеген ісі дұрыс па?
- Әдептілікке жата ма?
Демек, адам бойында жақсы - жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті инабаттылықты, шыншылдықты ата - аналарымыз, ұстаздарымыз үйретеді екен.
- Ал біз, осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен, бал тілінен бойымызға сіңіреміз.
- Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуларың керек.
- Ал, балалар, өздерің ойланыңдаршы әдепті бала қандай болады?
- Әдепсіз бала қандай болады? Өздерің айтыңдаршы?
- Демек, бүгінгі тәрбие сағаты жақсылыққа жол бастап, жамандықтан арылуға бағыттайды. Мектеп жасынан жақсы әдеттерге тәрбиеленіп, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн екен.
- Олай болса, бүгінгі ашық тәрбие сағатының тақырыбы «Әдептілік – адамдықтың белгісі». Ал енді, адам бойындағы жақсы - жаман қасиеттерді топтастырайық.
- Сендер қалай ойлайсыңдар? Жарқырап тұрған күнге қандай баланы жатқызуға болады?
- Ал, мына бұлтқа қандай баланы жатқызуға болады?
- Олай болса, мына тақтада жақсы және жаман қасиеттер жазылған сөздер берілген. Сол сөздерден жақсы және жаман қасиеттерді бөліп алып, күннің шуағы мен бұлттан жауған жаңбырды көрсетейік.
1 – оқушы Эмелья
Ата - ананың тілегі - адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің - әрқашанда керегің,
Әсемпаздық дегенің - әуре сарсаң әлегің.
2 – оқушы Тұрар
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай шу.
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды қылық байқайсың.
3 – оқушы Олжас
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
4 – оқушы Медеу
Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
5 – оқушы Жұмазия
Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ - табақты.
6 – оқушы Інжу
Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны сол қолмен.
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын
Салдыр - салақ болмағын.
7 – оқушы Үмітжан
Сыйлап сәлем беремін
Көршілерді көргенде.
Ізетпен бас иемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.
8 – оқушы Ерболат
Атам маған қашан да,
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
9 – оқушы Нұрас
Өзгелерден өзімді,
Санамаймын жоғары.
Артық айтып сөзімді,
Желпінгенім жоқ әлі.
10 – оқушы Әділет
Атам маған қашан да,
әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда,
Жүрем тура жолменен.
Әдептілік ережелері:
Демеу:
- Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқан да қоштасуды ұмытпайды.
Диас:
- Әрқашан сыпайы болу керек. сыпайылық – айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. – Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
Гулназ:
- Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
Үмітжан:
- Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.
11 – оқушы Диас:
Қалдыратын ұятқа,
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізетін мұратқа,
Тек шындықты көздеймін..
Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала.
Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені.
Ән: «Не деу керек?»
«Жалғастыр» ойыны:«Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.
1. Үлкендердің алдын -
2. Кішкене баланы -
3. Құстарды -
4. Қыз баланы -
5. Сабақтан -
6. Үйге жүгіріп -
7. Үлкен кісіні -
8. Оқу – құралдарын -
9. Сыныпта айғайлауға -
10. Ысқыруға -
11. Құстың ұясын -
Не істеу керек?
- Үлкендерді сыйлау керек
- Ата - аналардың тілін алу керек
- Тәртіпті болу керек
- Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек
- Сабақты жақсы оқу керек
Мұғалім: Ал, енді балалар, кезекті мақал - мәтелдерге берейік.
«Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Оқушылар хормен:
Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,
Үйренеміз жақсы мінез әдептен.
Әдептілік жайлы мақал - мәтелдер айту.
Имангали:
Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала.
Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені.
Ашу - дұшпан, ақыл - дос,
Ақылыңа ақыл қос
Нұргиса..
Сіз деген - әдеп,
Біз деген - көмек.
Динара:
1. Ұлық болсаң - кішік бол.
2. Кішіден ізет - үлкеннен құрмет
Ақбота:
3. Әдепті бала ата - анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
Әсет:
1. Жақсы адам ай мен күндей
Әлемге бірдей.
Тұрар:
1. Әдепті бала кездессе, сәлем берер бас иіп,
Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.
Сұрақ - жауап: «Сен маған, мен саған»
1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
3. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
4. Үйге қонақ келгенде бала не істеу керек?
5. Әдептілікті бізге кім үйретеді?
Мұғалім: «Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс - әрекетті айтамыз?
Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей - ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
Арайлым:
Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір - бірімізге кешірімді болу керек, ол да - әдептілік. Кейде кешірмейтін мінез құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді тезге салып, тез түзеу керек.
Әсима
Жас - кәріге сіз деген
Жақсы үлгі іздеген.
Дос боламыз біз деген,
Ізетті ұл мен қызбенен
Ізеттілік, әдептілік, адамгершілік жөніндегі сұрақ - жауап
Гулмира:
Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Жанель:
Әдепті екен бұл дейміз.
Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Гүлназ:
Ұқыпты екен бұл дейміз.
Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
Үлгілі екен бұл дейміз.
Әдептілік сөзін топтастыру.
Мұғалім: Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез - келген жағдайды кез - келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.
Мен сендерді бүгінгі тәрбие сағатынан үйренген, білгендеріңді өмірде пайдаланып, әдепті, жақсы адам болады деп сенемін.
Хормен: - Біз Отанның балдырған ұлдарымыз,
Әдептілік, батылдық ұранымыз.
VІІ. Қортынды: Балалар біз бүгін не туралы әңгімелестік?
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
Менің сендерге тапсырмам бар, соны үнемі орындап жүріңдер.
1. Бір мезгілде ұйықтап, белгілі уақытта оянып үйрен.
2. Ерте тұрып, таза ауада денеңді шынықтыр.
3. Күнде таңертең салқын сумен жуын.
4. Көшеде жүргенде, көше тәртібін сақта.
5. Көшеде, көпшілік орындарында әдеп сақта.
6. Үй жинауды, еден сыпыруды, ыдыс - аяқ жууды ұмытпа.
7. Үлкендердің, ата - ананың тілін ал.
Ән: Әдепті баламыз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×