Сайтқа кіру Тіркелу

Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ!

Тақырыбы: «Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ!»
Мақсаты: Қазақстанның өткені мен бүгінін қозғай отырып, еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуінің оңай жолмен келмегенін оқушыларға ұғындыру, жас ұрпақты отаншылдыққа, елжандылыққа, тәуелсіздігімізді қадірлеуге, халқына, ұлтына адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, бейнероликтер, желтоқсан қаһармандарының суреттері, нақыл сөздер
Барысы:
Оқытушы сөзі:
Ассалаумағалейкум, халқым менің!
Жайнаған жүрегімде жарқыл ма едің?!
Тірлігің өз халқыңа жаңа тиді,
Ендігі елдігіңнен тартынба, елім.
Ұшырмай көкіректен жыр кептерін,
Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін?
Армысың, жиналған топ, үлкен, кіші.
Армысың, айналайын халқым менің!

Армысыздар, құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар, және оқушылар!
16 желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
ҚР Ән ұраны орындалады
1 - жүргізуші, Мұхаммедәлі:
Тарих – ол бабалардың ерлігінің айғағы,
Тарих – ол ұлан ғайыр Отаныңның аймағы.
Тарихыңда жатыр, білсең сенің қайсар ерлігің,
Таңбалы тас туған жердің белгісі бар сайдағы.
Тарих болып жазылады туған жердің дастаны,
Сол үшін де найза ұстап ығыстырдым басқаны.
Туған елдің, туған жердің болмағанда тарихы,
Шаттық жырға бөленбейді қазағымның аспаны.
2 - жүргізуші, Сая: Бүгінгі ТӘУЕЛСІЗДІК кешегі тарих беттеріне қызыл қанмен жазылып, ақ найзаның ұшымен қорғалған, ақ білектің күшімен жеткен бабалар аманаты!
Азапқа толы бұл азаттық бізге оңай келген жоқ!
«Абылайлап» атой салып атқа қонған, қасық қаны қалғанша ұлтарақтай жерін қорғап өткен бабаларымыз, ғасырлар бойы азаттық үшін күресті, елім деп еңіреді, жерім деп күңіренді, қазағым деп қайғырды, Алаш деп аһ ұрды, жанын пида етті, ақ қар көк мұз жастанып, Отан деп от кешті.
Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен кезеңдер көп болды. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиыншылықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашанда мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді.

Оқытушы: Тәуелсіздік алғанға дейін халқымыз неш түрлі кезеңді басынан өткерді: ХVІІІ ғасырдағы Қазақ тарихындағы жоңғар шапқыншылығының зардабынан Ресей империясының қарамағына өткен кезі, 1931 - 1933 жж. ашаршылық, сталиншіл әкімшіл – әміршіл жүйенің 1937 - 1939жж. озбырлығы, 1941 - 1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ халқының саны және кешегі 1986 жылдың ызғары тарих беттерінде азаттық үшін күрестің куәсі болып қалды.
(«Ашаршылық» видеоролик көрсетіліп тұрады.)
1 - жүргізуші: Иә, Қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. 1723 жылы қаннен - қаперсіз елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел үдере көшіп, дүние - мүлік, мал, жанына да қарай алмай босып кетті, тіпті, бесіктегі бала, қария кемпір - шалдарға дейін жұртта қалып қойған кездері де болды. Қазақ халқының бұл босуы тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен қалды. Ақтабан шұбырындыда 1 миллион адам, яғни сол кездегі халықтың 40 пайызы қырылды.
Қайнар: Сол жылдары қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға ұшыраған, енді бір бөлігі құлдыққа сатылып кеткен. Халық ашаршылыққа душар болды. Өлмей аман қалу үшін қайыңның сөлін ішкен. «Қайың сауған» деген сөз содан қалған. Қазақтардың батысқа қарай жаппай ағылуы қарақалпақтармен, түрікмендермен, өзбектермен, башқұрттармен және қалмақтармен жерге таласқан дау - дамайларға алып барды. Қазақтардың Орал Қазақтарымен де, Батыс Сібірден орыстармен де өзара қарым - қатынастарын шиеленістіріп жіберді. Міне, мұның бәрі әбден әлсіреп, қожыраған Қазақ хандығын Ресей империясының оңай олжа ретінде отарлап алуымен аяқталды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×