Тақырыбы: Салт-дәстүр-асыл қазына
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, оқушылардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.
Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бес жолды өлең, РАФТ.
Көрнекілігі: суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, көрмелер.
Барысы. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу- әрқайсысымыздың борышымыз. Саламатсыздарма, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«Сәлем -сөздің анасы, сөз- сарасы» . Қазақ халқының ұғымы бойынша сәлем беру- тәрбиелік пен адамгершілік белгісі.«Ауылдан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал келіп сәлем береді» дегендей сәлем беру қалыптасқан ұлттық дәстүріміз. Ой-шақыру: Балалар, атадан балаға мұра болып қалатын үйді не деп атайды?
Қарашаңырақ (дәстүр, ұғым) атадан балаға мұра болып қалған үй «киелі үй» деп саналады. Оны ел, ағайын - туыстары « қарашаңырақ» деп құрмет тұтады Алтын орда,білім мекені біздің қасиетті қасиетті қарашаңырағымызда ұлттық салт-дәстүрге байланысты өтетін «Салт – дәстүр - асыл қазына » атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Киіз үй туралы не білесіздер? «Жұмбақ сыры» танымдық ойын Жаңа шаңыраққа кірерде босаға майлар деген ырым бар. Дәстүріміздің тағы қандай салт, ырымдарын білесіздер? Аластау(салт,ырым) «Алас,алас,пәле-жаладан алас». Аластау ғұрпы от тұтатып онымен бесікті, босағаны, тағы басқа жерлерді аралата дұғалап,»алас, ауру-сырқаудан алас», деген сияқты тілек сөздермен жасалады. Аластау сонымен бірге тазалық пен амандықтың да кепілі ретінде қолданылады.
Көрініс. Халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі салт-дәстүр арқылы танылады.
1-оқушы: Салт - халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Мысалы, наурыз көже, қыз ұзату, қонақасы, шашу, ерулік ата салтымыз болып саналады. Қазақтың өмір салты, өнер салты - тарихи мәдени мұра. 2- оқушы: Дәстүр - мәдениеттілік белгісі. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, құрдастық қалжың, сәлем беру, ат тергеу т.б дәстүрге жатады. Бір таңқаларлық жай қазақ халқы салт пен дәстүрге өте бай. әдет, ғұрып, ишара, ырым, тиым, дағды, ым бәрі де осы салт-дәстүр мұхитының салалары мен тармақ тамшылары болып саналады.
3-оқушы: Әдеп (дәстүр, тәрбие) « Әдепті дегенше, әдемі десейші» (мәтел) үлкен-кіші болсын әдеп сақтау халықтың тәлім-тәрбиенің аса үлгілі, тәрбие ісіндегі қалыптасқан заңы, жолы бар ерекше қасиетті тәлімдік дәстүрі. Мысалы үлкеннің жолын кеспеу, бұрын сөйлемеу, ата алдындағы иба, халық ортасындағы инабат, мешіт ішіндегі әдептілік, сәлем беру, сәлем алу жолы тағы сол сияқты адамгершілік,, сыйлау, сыйласу, халқымыздың ертеден келе жатқан әдет әрі ғұрпы.
Қазақ халқының әлеуметтік тұрмыстық жағдайына байланысты қалыптасқан қастерлі дәстүрдің бір түрі - қонақжайлылық. Қонақ десе,қоң етін кесіп беретін қазақпыз. Көрініс.
4-оқушы: Қазан шегелеу (салт) өздері жақсы танитын, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдар бір-бірінің үйіне бас қосып барып, « осы үйдің қазанын шегелей келдік» -дейді. Үй иесі әзілмен жауап қайырып»жақсы болды ғой, қазан шегелегіш шебер іздеп отыр едік» деп қонақжайлық танытып, оларға қонақасы береді. Демек «қазан шегелеу» қонақ бола келдік деген ұғымды білдіреді
оқушы: Қонақасы (дәстүр) қазақтың тарихи аңыз-әңгімелерінде Алаш атамыз өзінің Ақарыс,, Бекарыс, Жанарыс атты үш ұлына енші бөліп бергенде өзіне тиісті еншісін «бұл бүкіл иісі қазақтың бөлінбеген еншісі болсын мұны да сендерге бөліп берейін. Бұл үрім-бұтақтарыңа жалғассын. Бір - біріңе қайырымды болыңдар. Алыстан шаршап-шалдығып келген қонақтың еншісі - қонақасы болсын» деп әруақты атамыз батасын берген екен..
оқушы: Ауыз тию(дәстүр,ырым). Ақ дастархан үстіне келген дәмнен ауыз тиюге тиіс. Ал таңертеңгі астан міндетті түрде, ауыз тиеді.
ән:«Қазақы дастарханым». Балалар, қазақ халқының ұлттық ойындары бар. Қандай ойындарын білесіздер, және ол ойын қалай ойналады?
5-оқуішы: Атойнақ-ерлі-ерсіз ат үстінде қамшы, сойыл, шоқпар, найза, сүңгі, сере, қайтыпкел, қылыш, сияқтылармен ұру, соғу, ілу, сүңгу, шаншу, түйреу, шабу, серте кезеу, сілтеу, сермеу, лақтыру кезінде дәлдік пен шеберлікті де ат үстінде көрсету.
6-оқушы:Таған ойыны-ат үстінде ойналатын футболға келіңкірейтін спорт түрі. Допты атпен қуалап жүріп ойнайды. Бұл ойын қазір Әзірбайжан жақта жақсы дамыған. Бізде тоқтап қалды.
Ою-өрнек-ұлттық мұраға қосылған асыл қазыналардың бірі. Қазақта өрнек нақыштары кездеспейтін бірде-бір бұйым жоқ. Заман алға жылжыған сайын жаңаша сипат алып, халқымен бірге жасап келеді.. Ал енді қонақтарға халқымыздың сан алуан өнерінің ішіндегі ою өнері жайлы білгендерімізді көрсетейік.
-Балалар, ою дегеніміз не? Оюды тұрмыста қандай заттарды безендіруге қолданылады?
7- оқушы: Ою-өрнектің бір түрі. Латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөз. Оюдың әрбір элементінде, көркем өрісі мен құрылымында терең мағына, үлкен мән бар. Оларды қалай болса солай қиюластыра салғаннан тамаша ою шықпайды. әр ою композициясы белгілі бір мақсатқа, мағына, мазмұнға құрылады. Қыздардың киіміне салынатын ою бір басқа да, жігіттер шапанының жиегін көркемдейтін ою одан өзгеше. Ұзатылатын қызға арналып басылған текемет пен сырылған сырмақ, тігілген көрпе түрлері, олардың бояулары да өзгеше болып келеді. Мысалы, қошқармүйіз элементінен құралған төртқұлақ оюы текемет, сырмақ ортасын, кебеже, сандық, жүкаяқ беттерін , батырлар сауытының жотасын, қалқандарының сыртын, кейде шалбардың тізе тұсын әсемдеуге қолданылады.
8- оқушы: «Қошқар мүйіз» өрнегінің мағынасы туған жер төсін толтырған отар-отар қой деген халықтың арман тілегін, молшылықты білдіреді. «Қос мүйіз» оюы өмірде жұбы жазылмасын дегенді ұқтырады. «Сұңқар мүйіз» оюы қонақжайлылықты білдіреді.
9- оқушы: Түйе оюы. Кисек киіміміз, савтсақ ақша, жесек тағамымыз, ең ақыры баспана іскерлік еңбегінде (текемет,сырмақ,киіз, кілем бетінде өнер туындысына айналдыра білген. Тұйық оюы қазақ халқының белгісі. Ақ найзасы болмаса, Ерді қайдан танырсың, Ен таңбасы болмаса, Малды қайдан танырсың. Дегендей еліміздің көк байрағында, ел қорғаған батырдың иығы мен қалқанына, дуалы ауыз билердің жауырын тұсына салынған. «Тұйық оюы» бақыттың, достықтың, мәңгіліктің айғағы.
«Домбыра-қазақтың қасиетті дүниесі, өзің тарта алмасаң да, қадірлей біл! Себебі, баланың бойында халықтың рухани байлығын сіңіру домбырадан басталады. Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала уызына жарымаған көтерем қозыдай болады. Оны қастерлемеген қазақтың баласы туған халқының жанын түсінбейтін , тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып сая да болмайды, жеміс те бермейді. Ендеше, ізгілікке барар жол бастауы- халық музыкасы», деген екен Б. Момышұлы. Қазақ музыкасын әуендетіп жүрген ұлттық аспаптарымызға тоқтала кетейік.
10- оқушы: Қазақта бірнеше ұлттық аспап бар. Олардың ең көнесі - қара құрайдан жасалған сыбызғы. Одан әрі домбыра, қылқобыз, шаңқобыз болып жалғаса береді. Кеңес өкіметі тұсында ұлттық аспаптар шетке қағылды. Қылқобыздың өзі мүлде сахнаға шығарылмады. Оның орнына төрт темірлі шекті қобыздар әкелінді. Домбыраның ішегі малдың ішегінен жасалушы еді. Бұрын ойма шанақты домбыра болушы еді, оның орнын қима шанақты домбыра басты.
-Балалар, сіздердің жастарыңыз нешеде? Демек сіздер алғашқы мүшел 13- жастасыздар. Қазақтың ұлттық ұғымында жас саны мүшелмен есептеледі. 1-мүшел-балалық, 2-мүшел-жігіттік шақ, деп әр мүшел сайын 12 жыл қосып отырады екен. Енді сандар сырына тоқтала кетейік.
11-оқушы – Үш санына байланысты: Үш жүз - ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз. Үш арсыз -күлкі, ұйқы, тамақ. Үш тоқтам - ой, ақыл, шешім, Үш із-бала, байлық, бақыт. Үш қасиет - өліде аруақ, малда кие, аста кепиет. Үш қадірсіз - жастық, денсаулық, жақсы жар. Үш қадірлі - ырыс, бақ, дәулет. Үш тәтті - жан, мал, жар. Үш қуат - ақыл, жүрек, тіл.
12-оқушы: Төрт санына байланысты: Төрт түлік-түйе, жылқы, қарамал, қой-ешкі. әлемнің төрт негізі- от, су, ауа, топырақ. Төрт құбыла- батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік. Төрт мұхмт- Үнді, Атлант; тынық, Мұзды. Төрт тоқсан- көктем, жаз, күз, қыс.
13-оқушы: Алты санына қатысты; Алты алаш, алты айлық, алты арыс, алты құлаш, алты қанат, алты батпан, азуы алты қарыс,
14-оқушы: Жеті санына байланысты бірнеше атаулар бар.ү Жеті жұрт- Үрім, Қырым, Қытай, тұран, шам, Мысыр, Шын - Машын, . жеті қазына - ер жігіт, сұлу әйел, ілім -білім, жүйрік ат. Құмай тазы, қыран бүркіт, түзу мылтық. Жеті жетім- тыңдалмаған сөз, иесіз жер, киюсіз киім, басшысыз ел, жерінен айрылған ер, замандасы жоқ адам, аққу-қазсыз көл. Жеті ата - әке, бала, немере шөбере, шөпшек, немене, туажат. Жеті қат жер - тұңғиық, жылан, су, қос балық, қара тас, көк өгіз, жер. Жеті қат көк - Ай, Күн, Меркурий, Шолпан, Сатурн. Жеті жұт - құрғақшылық, мал қырылуы, өрт, оба ауруы, соғыс, топан су., зілзәла. Жеті жоқ - жерде өлшуіш, аспанда түйреуіш, тасбақада талақ, Аллада бауыр, жылқыда өт, таста тамыр, құста сүт жоқ. Жеті жаста баланың тісінің түсуі,, бала жетіге келгенше жерден таяқ жейді. Табиғаттағы жеті қазына: көк аспан, Күн, От, Су, Ит, Жер., Ай.
15-оқушы: Бес санына қатысты: бес қару- садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар. Бес саусақ- басбармақ, сұқ саусақ, ортан саусақ, аты жоқ саусақ, шынашақ.
16-оқушы: Тоғыз санына қатысты. Үйлену салтындағы тоғыз беру салты, тоғыз – бас бәйгеге тігіледі, тоғыз - айыпқа төленеді
17-оқушы: 40-санына байланыс ты нәресте өмірге келгенде қырқынан шығару, адам өмірден кеткеннен кейін қырқын беру деген дәстүрлер бар.Қазақ халқы тұрмыс-тіршілігіне байланысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерде де исламның рөлі ерекше. Қазақ халқы от пен үй ошағын құрмет тұтады. Жаңа жылдық дәстүрлі әндер «жарапазан» секілді мұсылмандық жаңа әуен шығарылды. Қазақ халқы Аллаға сыйынады, табынады. Солардың бірі - табыну. Адамдар осы табыну арқылы діни ұғымның таным-түсінігін, оның құдіретті күшін дәріптейді. Табынудың тасаттық беру, құрбандық шалу, қайыр-садақа беру тағы басқа жөн-жосықтары мен ырым - тыйымдары, өзгеше көріністері де бар.
18-оқушы: Қазақтар арасында жаңбыр шақыру үшін тасаттық жасау дәстүрі бар. Бұл дәстүр құрғақшылық әдетте мамыр айында өткізіледі. Бұл шара да адамдар құрбандыққа мал шалып, 10-12 жастағы күнәсіз балалар Алла тағаладан «Жауын жау, Жауын жау» деген тілектер тілейді. Құрбандыққа шалынатын малдың беті құбылаға қаратылып, қаны суға ағызылады.. құрбандық шалу кезінде: жүгірген жүй»рік, ұшқан құс, құрт-құмырсқа тілеген, Алла нұрыңды бер! Деп тілек білдірген. Сүйінші қай кезде сұралады?
19-оқушы Балаларға қатысты салт-жоралары: Нәресте өмірге келген күні қалжа үшін сойылған қойдың мойын омыртқалары қайнатылып пісіріледі. Сонан соң, жиналған әйелдер омыртқа еттерін тістерімен емес, саусақтарымен жұлып жегеннен кейін омыртқа сүйегін кіре берістегі есіктің, маңдайшасына іліп, «Баланың мойны қатсын», дейді. Осы омыртқа нәресте мойны қатқанға дейін тұрады.
20-оқушы: жаңа туған сәбиге ат қою-ерекше салтанатты ғұрыптардың бірі. Ат қоюға қазақ халқы ерекше көңіл бөлген. Сонымен бірге бала есімін жақсы, беделді кісілерге қойғызып батасын алуды да ұмытпаған.
21- оқушы: Шілдехана (салт)-өмірге адам келгенінің және оған қуанудың бір белгісі..Бала туғаннан кейін жан-жақтағы жақындарға сүйіншіге ат шаптырылады. Сүйінші сұраушылар ұл туса-«атұстар», қыз туса-көйлек тігер» деп хабарлайды. Бесікке салу.
22-оқушы: Тұсаукесер. Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындавлады. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей жылдам басатын әйелге қидырады.
23- оқушы: Кәде (дәстүр) айтта, ойын-тойда тағы сол сияқты ажарлы, базарлы мейрамдарда берілетін сыйды немесе алымды «кәде» деп атайды. Кәдеге тоқтау жоқ,дәлел жүрмейді, кәде беру-міндет. «ат өлсе де, кәде өлмейді» деген атамыздан қалған аталы сөз бар. Той кәделері: тойбастар, айттық, мүше сұрау, көрімдік,тәбәрік, жыртыс, сарқыт.
24- оқушы: Байғазы(дәстүр) балалардың ,жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сый. Тәбәрік (дәстүр,ғұрып) біреу ойын, тойда бәйге, жүлде алса немесе құдалық салт-дәстүрде кәде болса,одан жанындағыларға үлес беруі керек. «Сиқырлы қалам» әдісі. ән :« Қазақтың дәстүрлері» Ұлы халқым есептескен текпенен, Ата салтын ешкім аттап кетпеген. Мың бәледен құтқарады бір бата, Адам болмас бата естіп өспеген, дегендей бүгінгі сабақты ақ бата қорытындылағанымыз жөн болар. Бата беріледі.
Салт-дәстүр-асыл қазына
- ramuk_b
- 28 наурыз 2012
- 70382
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Салт-дәстүр, ұлттық, қасиеті
Ұқсас жаңалықтар:
Бесікке салу жоралғысы
Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары да бар. Соның бірі – бала туылғаннан...Ұлттық ою - өрнек сыры
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, № 2 К. Э. Циолковский атындағы мектеп мұғалімі Жұмағазиева Данасұлу Жүсіпқызы...Шаңырақ сыны сайысы
Қызылорда қаласы №253 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дәрменқұлова Қатира...Ауылдағы тәрбие көзі.
Сабақтың тақырыбы: Ауылдағы тәрбие көзі...Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері
Астана қаласы №63 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Серикбаева Индира Аманкелдиевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.