Тақырыбы: «Елбасымен мақтанам»
Мақсаты: елдің басты құндылығы Отаны, өз елі екенін оқушы бойына сіңіру, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолдары туралы түсінік беру; Елбасының идеялық басшылығының маңызы зор екенің және тарихи кезеңдердің мәнін түсіндіру; Тәуелсіз Қазақстан үшін білімді жас ұрпақ болып тәрбиелену әрқайсысының міндетті екенің есте сақтауға тәрбиелеу.
Барысы:
Әнұран орындалады
Амансыңдар ма балалар.
Күн сайын өскен саналар,
Саналы бол, талапты, да талантты
Бүгінгі күн Елбасына арналар.
Мұғалім: Құрметті оқушылар және қонақтар 1991 жылы 16 желтоқсанда республикамыз егемендік алды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан республикасының жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылы» мемлекет деп жарияланды. Міне осыдан бастап шұбарланған тіліміз, рәміздеріміз, төл теңгемізге дейін тәуелсіздігіміздің дәлелі. Биылғы жылы 1 - желтоқсан Қ Р тұңғыш президенті күні деп жарияланды, бүгінгі «Елбасымен мақтанам» атты өнеге сағатымызды бастамас бұрын алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Т. М. Қабдешұлына беріледі.
Туған жердің жырын жырлап ғарыштан
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан
Келешегі кең өрісті, кемелді,
Жайна мәңгі – Қазақстан, Гүлстан,- демекші Қазақстанның жері - кең, халқы - бейбіт, байлығы - ұшан - теңіз, табиғаты - әсем. Әнұраны – айбатты, Елтаңбасы – еңселі, Туы – тұғырлы, ұрпағы – жігерлі, Өзін әлем таныған қай ел?
Қазақстан елі Хормен балалар айтады.
Мұғалім: Ендеше осынша байтақ елді басқару екінің бірі, егіздің сыңарының қолынан келетін өнер емес. Жалпы өнер атаулының оңайы жоқ. Соның ішінде ел басқару өнері – қиынның қиыны. Баланың да, дананың да бабын біліп, жұрттың бәрімен ортақ тіл тауып, байтақ қауымының көңілінен шығу үшін бірегей білім, бай тәжірибе ғана емес, тума талант, дарабоз дарын керек – ақ! Шықты тарап ой данаң,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті.- демекші Еліміздің тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев 1940жылы 6 - шілде күні Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген. Анасы Әлжанапа, әкесі Әбіш ақсақалдың отбасында тәрбиеленіп өскен. Елбасы мамандығы инженер - металург, сонымен қатар кемеңгер көшбасшы, сындалды саясаткер. Қазіргі кезде біздің Отанымыз Қазақстан мемлекетін басқарып отырған нар тұлға. Елбасының саясатының арқасында қазақ елі көркейіп, өркендеп келеді. Біз келешек ұрпақ елбасының әр сөзін жадымызға түйіп, оны үлгі тұтуымыз керек. Ендеше Елбасы жайлы ұлы жазушылары, қайраткер азаматтар мен шетел азаматтары пікірлерін тәрбие сағатымыздың қонақтары жоғары сынып оқушылары ортаға салады
1. Искакова Гүлсұлтан 6 - сынып: Ғарифолла Әнес ағамыз былай деген:
«Мемлекет басшысы болу деген - әр кез иненің ұшында қылыштың қырында отырумен бірдей қиын шаруа. Кейде бір шаңырақтың астында түтін түтетіп отырған ағайындылардың өзі ортақ тіл таба алмай жаға жыртысып жатады. Ал күллі мемлекеттің тізгінің ұстау, қырық рулы елдің басын қосып, ортақ мәмлесін табу, бірлігін сақтау, ішкі, сыртқы саясатын, мәдениетін орнықтыру, қуатын арттыру – кез келген басшысының қолынан келе бермес машақты да мәртебелі міндет...»
2. Азмағанбетова Жансая 9 - сынып: Франция азаматы ғалым Алекс Московичтің «АиФ» және «Каз Правда» жарияланған бірегей пікірлері былайша өрбиді:
«Нұрсұлтан Назарбаевтай басшыны қазақ халқына тағдырдың тартқан тамаша сыйы ретінде қабылдау керек. Бұрынғы Одақтан басқа Президенттеріне қарағанда Қазақстанның айы оңынан туған. Өйткені бұл басшы – адамгершілігі ұшан – теңіз кісі болумен қатар шын мәніндегі мемлекет қайраткеріне қажет кеңінен ойлайтын терең ақыл, баурап алар бірегей дарын, іс - қимылға бейім қабілет сияқты үш қасиеттің үшеуі де тал бойынан түгел табылатын жан»
3. Сейсен Жазира 9 - сынып: Қазақстан халық жазушысы Әбіш Кекілбаев
«Ойдағымыз болды. Ортамыз толды. Төбедегі келеді төрелескенде де ренжитін ретіміз жоқ. Тек ұзағынан сүйіндіргей. Ақ жолдың алдындамыз. Үлкен тілектің үстіндеміз. Жан – жағымызға бірдей әділ, өткеніміз бен ертеңімізге бірдей сергек бола білсек болғаны.
Еліміз сан ғасырлар бойы армандаған өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Елбасы тіл тағдырын жоғары деңгейге қойды. «Ананың тілі – атаның күшінде», яғни мемлекеттік тіл тағдыры – демографиялық детерминанттарда Елбасы үш тұғырлы тіл туралы айтып жүр. Біздер неге оны қиынсынуымыз керек, егер үш тіл білу біздің көзқарасымыз бен іс - әрекетімізді байыта түсетін болса!?. «Үшінші тіл – ағылшын тілінде елдің бәрі жаппай сөйлеп кету шарт емес. Ересек адамдардың бестен бірі оны меңгерсе де жетіп жатыр. Қазақ халқы – тілге қабілетті ұлт. Ағылшын тілі де кезіндегі монғол, парсы, араб, орыс тілдері сияқты ана тілімізді тағы да байыта түсер анық. Оны білгеннен еш зиян шекпейміз» деген еді.
Мұғалім: Құрметті оқушылар Әбіш Кекілбаев ағамыздың сөздеріне сүйене отырып, сіздердің назарларыңызға «Нұрсұлтан»атты бейне таспаны тамашалауды ұсынамын. Бұл бейне таспа Елбасы өз аузынан өзінің балалық шағы және мемлекеттің қалай тәй - тәй басқаны жайлы айтып көрсетеді. ( бейне таспа көрсетіледі)
Құрметті оқушылар Елбасының жүріп өткен өмірінен өздеріңе қандай өнеге және қандай сабақ алдыңдар?
Бұл бейне таспадан не түсіндіңіздер?
Елбасының өмірінен қандай үлгі алуға болады?
Алғаш үй салғанда қанша кірпіш қалағаны әлі күнге есінде, саны қанша екенін айта аласыңдар ма?
Елбасының оқуға түсуіне әкесі қандай қиыншылықтан өткен?
Міне балалар Елбасы да сендер сияқты бала болған оның да асқақ арманы,
олай дейтінім ол көп армандап бала қиялын талай көкке ұшырған. Қаршадайынан еңбекке араласқан. Ата - анасына қолғабыс еткен. Шыңдалып өскен. Оқуға, білімге ынтызар болған.
Міне, сол бала кезінен пайда болған қайсарлық, мақсат - мұратқа жету талабы,
өзін - өзі қамшылап отыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік Нұрсұлтан аталарыңды талай асулардан асырып, Қазақстан деп аталатын алып елдің көшбасшысы болу дәрежесіне көтерді. Біз осындай Елбасымызбен әрқашан мақтануымыз керек. Оның тағлымы мен тәлімі мол өмір жолын өзімізге үлгі етіп өсуіміз керек.
Елбасының қазіргі уақытта өкініші бар ма екен? Болса ол қандай өкініш?
Елбасы Мәскеуге жиналысқа кетерде анасы оған: «балам - ау, мүмкін көрерміз, мүмкін көрмеспіз» - деген екен. Ал бірақ Н. Ә. Назарбаев жиналысқа кеткеннен кейін, екі күннен соң анасы бұл өмірден өтіпті. Міне, Елбасы жетпістің асуын асырса да, өкініші анасының қасында бола алмауы екен. Ананың орны әрқашан ерекше емес пе? Осындай алып даналар, кемеңгерлер, Н. Ә. Назарбаев сынды дара тұлға туған, тәрбиелеп отырған, аналардың да өнегесі мен ерлігінің арқасында. Ендеше ата - аналар комитетінің төрайымы, бүгінгі өнеге сағатымыздың қадірлі қонағы көп балалы ана Жетибаева Қ. Ш. сөз беріледі.
Елбасысының өмірінен үлгі ала отырып егеменді еліміздің атын айға шығаратын азаматтар болатындарыңа сенім арта отырып, Көреген Елбасымыз 20 - жылдың ішінде мемлекетіміз қандай жетістігі бер екені жайлы сұрақтарға жауап алсам деп едім?
1сұрақ: Қазақстанның елордасы қай қала? (Астана)
Саят:
Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның –
Мақтанышым Астанам.
2 - сұрақ: Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлеседі? (қазақ)
Қуаныш: Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімде суырып - ақ алыңдар.
3 - сұрақ: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін атай қойыңдар?
Даяна:
Рәміздерім - елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім - әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі
4 - сұрақ: Қазақстанның көршілерінің бірі?(Қытай)
Арайлым:
Қазақ едік түскен сансыз азапқа
Еңсердік те жеттік бүгін ғажапқа.
Есігінен сығылатпас Еуропа
Төрін өзі сыйлайды ғой Қазаққа!
5 - сұрақ: Қазақстан неге бай? (Мұнай)
Қуаныш:
Отаным - Қазақстан туған жерім,
Мұнаймен газ болады асыл кенім
Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,
Артамыз Елбасына үлкен сенім.
6 - сұрақ: Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына теледидардан алдағы жылға үміт пен талпыныс беретін жылсайынғы сөзі және тапсырмалары қалай аталады? (Елбасының Жолдауы)
Балауса:
Өз қолында Елдің Ел боп орнауы,
Өз қолында тілдің тіл болып толғауы.
Халқымызды ойға салар тағы да
Елдің қамы - Елбасының Жолдауы!...
7 - сұрақ: Қазақстанның тұңғыш Президенті кім? (Н. Ә. Назарбаев)
Біржан:
Тербетіп тұрса болды, жер бесігін.
Дәулеттің тілемеймін көл - көсірін
Көз тимей, кірбің түспей қабағыңа
Жалғыз - ақ құтты болғай Елбасы енді осы күн!
Елбасымыздың жұмыс орны қалай аталады? (Ақорда)
Сайлд көрсету.(1минут)
Халық Президентті неше жылға сайлады?(7жылға)
Халық сайлаған адам? (депутат) Ендеше Ақтүйесай селолық округінің депутаты бүгінгі өнеге сағатымыздың қонағы Т. М. Қабдешұлына сөз беріледі.
Әрбір елім, жерім деп жүрегі соққан азаматтың туған жеріне деген жүрек тебіренісі болары анық осы орай да Елбасының өз туған жеріне арналған әні қалай аталады?
Дүние Қазақ елін танып көрген
Елбасы атын бүгін әлем білген,
Таппадым өр Тұлғаны теңер кіммен?
Қуанып елімен бірге, шын жүректен
Жолдадым ойларымды өлең – жырмен.
Мұғалім: «Үшқоңыр» әнінің әуенімен Елбасына арналған көрмені көруге шақырамын.
Мұғалім: Міне құрметті оқушылар, ел ертеңі болатын сендердің білімді, отаншыл болып өсіп, ешкімнен кем болмауларың үшін көп еңбек пен жұмыс істелуде. Елбасының тікелей тапсырмасымен жаңадан мектептер, бала бақшалар салынуда. Шет елде оқимын, білім аламын деген балаларға жол ашық. Ал біз Елбасымыздың осынау ерен еңбегін әрқашан жоғары бағалауымыз керек. Енді Елбасы жайлы кең мағлұматтар алдыңдар, оны нақты дәйектермен көрсетілу нәтижесі ретінде, құрметті оқушылар сендер бүгінгі өнеге сағатынан не түйдіңдер, өздеріңе қандай үлгі өнеге алдыңдар? (оқушылар жауабы тыңдалады) жақсы жауаптарыңа рахмет. Мүмкін болашақта сендердің араларыңнан да кемеңгер көшбасшы, атақты белгілі тұлғалар шығар болса, егер сендер ержеткенде Елбасы болсаңдар, өз Отандарыңа қандай қызмет атқарар едіңдер?
Зәулім үйлер салар едім
Ауылымды көркейтер едім
Жаңа мектептер салар едім
Барлық құралдармен жабдықталған ауруханалар салар едім
Елімді әлемге танытар едім
Қазақстанды 50 елдің алдына шығарар едім - айтқандарың келсін. Нұрсұлтан аталарыңдай Елбасы болуларыңа тілектеспін.
Елдігімізді ардақ тұту, ел ертеңіне сенім арту - Елбасына құрмет көрсетуден басталса керек. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні, бүгінгі Елбасына арналған өнеге сағатымызды бабалар аманатының алдындағы қасиетті парызды орындау жолында білім - білігін, адамгершілік парасатын, ақыл - ойы мен қажыр - қайратын аямаған Тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президентімнен (хормен) мақтанамыз деп қорытындылаймыз. Жақсы күндерде жолыққанша, сау - саламатта болыңыздар.
Елбасымен мақтанам
- ramuk_b
- 27 қазан 2014
- 7578
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тұңғыш президент, Нұрсұлтан Назарбаев
Ұқсас жаңалықтар:
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Мақсаты: 1. Оқушыларға Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. 2. Оқушыларға..."Тұғыры биік Елбасы"
Мақсаты: Балаларға «Тұңғыш президент» мерекесі жайлы айта отырып, Елбасының жасаған еңбектері туралы айтып беру. Отанға, туған жерге деген...Елбасымен ел көгерер
Балаларға президентіміз Н. Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан түрлі талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Қазақстан Республикасының...Елбасы
Мақсаты: бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қадір - қасиетін, тұлғалық тұғырын түсіндіру, Елбасымыздың ерен еңбегін мақтаныш сезіммен оқушылар...Президент күні
Наубаева Рысалды Даулетхановна Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылы, Қарлығаш балабақшасы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.