Сабақтың тақырыбы: «Жерұйығым – Жер – Ана – саябағым»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ата - бабаларымыздан қалған қастерлі де қасиетті мұралардың бірі – табиғатты аялау, оған қамқорлық жасау, Оны көркейту мәселелері жөнінде ой тастау;
Сабақтың міндеттері: а) қоршаған орта, оны қорғау туралы түсініктерін кеңейту;
ә) танымдық қабілеттерін, ынта - ықыласын дамыту;
б) оқушыларды ерекше мейірімділікке, рақымдылыққа
мәдениетті, ойлы сөйлеуге дамыту;
Сабақтың түрі: саяхат
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әдеби монтаж; пікіралысу; ойын; көрнекілік
Сабақтың барысы:
І. Алғашқы ұйымдастыру кезеңі
- оқушылармен амандасу;
- сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау;
ІІ. Кіріспе бөлім
Мұғалім: Әр халықтың, әр адамның өзінің өскен ортасы, кіндік қаны тамған туған жері болады. Туған жер, атамекен, өскен ел деген сияқты киелі сөздер әр адамның жүрегіне шуақ та, қуат та береді. Туған жер дегенде жүрегі елжіремейтін адам баласы бола қоймас. Сондықтан әр адам өз туған жерін аялап, қорғай білуі қажет. Ол біздің парызымыз, борышымыз.
Жер АНА
Жер, өзің таңыңды атырып,
Жатасың күніңді батырып.
Үстіңде теңіздер тулайды,
Дауылдан ормандар шулайды.
Үстіңде бар қанша жақсылық,
Бар қанша молшылық, тапшылық,.
Бәрін де көтеріп жатырсың,
Жер, өзің, мықтысың, батырысың! (Ж. Ақыпбекұлы)
- Міне өлеңде жырланғандай, батыр, мықты Жер - Анамыздың да бізге айтар назы бардай. өйткені қазір өзеніміз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жеріміз сортаңданып қалды. Осының бәріне кім кінәлі? Әрине адам! Бәрі адамдардың рақымсыз істерінен, кешегі табиғаттың уылжыған тамаша кездерінде өмір сүрген ата - бабаларымыздың ескертпелерін орындамағанның кесірінен десек те болады.
ІІІ. Негізгі бөлім
М. Мақатаев «Тоғай төңірегінде»
Тоғай еді қара судың ар жағы
Қайда кеткен қамысы мен талдары?
Не күзетіп, нені бағып жүр екен,
Қайда кеткен мына ауылдың бағбаны.
Талды қиған неткен суық қол еді
Тоғай тозған,
Енді, сірә, жоқ емі.
Бұл өңірге не көрінген тәңір - ау,
Бұл өңірде соғыс болған жоқ еді.
Тоғай тозған, Топалаң боп сиреген,
Аяулы еді ата - баба тимеген.
Саған айтам, балашықтар бүр жарған,
Шыбық, талың, шыршаларың ұрланған.
Сендер қаулап айналғанша орманға,
Не қалады? Не қалады бұл маңнан.
(слайд арқылы әдемі табиғат пен қол салған табиғатты салыстыру)
«Табиғат» қаласына саяхат төмендегі мекемелер жұмыс жасайды:
1. Ботаникалық бақ (өсімдіктер туралы викторина)
2. Зоопарк (жануарлар туралы викторина, суреттер) Жер бетіндегі ең ірі жануар?
Әлемдегі ең ірі бақа?
Ең ұзақ өмір сүретін жануар?
Даусы ең зор жануарды ата?
Алып жануарларды ата?
Ақ аюлар қайда мекендейді?
Пілдер суда жүзе ала ма?
Құстардың ең ұзыны?
Шөл кемесінің қызметін атқаратын жануар?
- құстардың дауысын тыңдап, бұл қай құс екенін тап?
3. Ертегілер әлемі (табиғат туралы жұмбақтар шешу, мақалдар мен тыйым - дар)- көкті жұлсаң – көктей соласың. Ағаш ексең аялап, басыңа болар сая бақ. Орман - тоғай - жер сыны,
Бетеге - жусан - бел сыны.
Көкорай шалғын - көл сыны,
Ебелек - ермен - шөл сыны.
Қоға көлге бітеді,
Жантақ шөлге бітеді.
Жұмбақтар:
Ши басында табақ,
Іші толған тамақ.
Ешкім пісірген жоқ
Ешкім түсірген жоқ.
Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
Әуелінде шөп едім, жерге өскен көк едім.
Енді міне қиылдым, он жерімнен буылдым.
Алма дерсің түсіне қарап,
Жүгері дерсің ішіне қарап,
Татсаң тәтті, бал шәрбатты.
Жазда жатсаң, көлеңкесіне алады
Қыста жақсаң, жаның рақат табады.
4. Мәдениет үйі (табиғат туралы өлеңдер оқылып, ән айтылады)
«Аңшы мен бала» көрінісі қойылады:
- Құс аулауға шығамысың?
- Шығамын.
- Атқаныңды жығамысың?
- Жығамын.
- Мә, мылтығым атамысың?
- Атамын!
- Сен атып қайт, мен демалып жатамын!
- Құсың қайда қарағым - ау?
- Атпадым.
-- Таппадың ба, тоғайдан құс?
- Таппадым!
- Көп еді ғой көлде құс?
- Көп екен.
- Я, неге атпадың?
- Түк дәлелім жоқ екен.
- Атуға сен қимадың ба?
- Қимадым. Туған жердің құстарын да сыйладым.
«Бау - бақша белдер» әні орындалады.
Жануарлар мен жәндіктердің іс - қимылдарын қимылмен көрсетеді.
5. Шеберхана (сурет көрмесі ұйымдастырылады)
6. Кітапхана(табиғат туралы кітаптар көрмесі ұйымдастырылады)
7. Әкімшілік үйі («табиғат менің көзіммен» тақырыбы бойынша ой - толғаныс)
Мылтықбай Ерімбетұлы «Ұя бұзба»
«ұя бұзба, жұмыртқаға тиме!»,-
Ұрсушы еді менің анам күйгелек.
«Жас шыбықты сындырма» деп ұрсатын
Шыққанымды «тұлпарымды» сүйрелеп.
«Ұя бұзба! Бұзба!»- деймін балама,
Өсиетің қандай ғажап, жан ана!
Тал - теректі тамырынан қиятын
Тас жүректер әлі де көп арада...
- Бұзба»- дейді Аспан түгел, жер түгел!
Сол өтініш анамды еске келтірер.
Анам болып, Ұлы Отаным сөйлейді,
- Бұзылмасын дүние түгел, жер түгел!
ІҮ. Қорытынды бөлім.
Құпия хатты шешу.
- табиғатты қорғау үшін бәріміз
Күресейік, бір - бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік!
Мұғалім сөзі:
Жерұйығым - Жер Ана – саябағым,
Мәңгі бақи саяңда саяладым!
Саған қатер төнгенін, таянғанын
Сезсе жүрек, өзіңді қолыма алып,
Келіп тұр ара әлпештеп, аялағым,
Мәңгі жаса, жұмыр жер - асыл анам,
Болсын деймін тәнің сау, басың аман!
Жерұйығым - Жер-Ана - Саябағым
- Майра
- 29 тамыз 2014
- 5972
- 0
- 0
Ілмек сөздер: табиғатты қорғау, табиғатты аялау
Ұқсас жаңалықтар:
Табиғатты аялайық (шығарма)
Табиғат тіршіліктің құт - берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз....Табиғат – тіршіліктің тірегі
Қызылорда қаласы №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Жақсыбаева Гүлдана Бауыржанқызы...Табиғатты аяла да бағала
Атырау облысы Исатай ауданы Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектептің жоғарғы санатты бастауыш сынып мұғалімі Нұрмашева Шарбану...Қазақстан - туған өлкем, табиғатың қандай көркем!
Тақырыбы : Қазақстан – туған өлкем, Табиғатың қандай көркем!...Жерді аялайық (тәрбие сағаты)
Сабақтың мақсаты: оқушыларды жердің қадірін, байлығын бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық, жанашырлық сезімге баулу....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.