Сайтқа кіру Тіркелу

Адам және өсімдіктер мен жануарлар

Тақырыбы: Адам және өсімдіктер мен жануарлар.
Сабақтың мақсаты: Тірі табиғаттың бір бөлігі болып саналатын адам және өсімдіктер мен жануарлар арасындағы тығыз байланыс жайында түсінік беру арқылы, олардың маңызын білуге жағдай жасау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, ойын жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Тірі табиғатты қорғап, күтуге баулу, пәнге қызығушылығын ояту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі сабақ.
Типі: жаңа сабақты меңгерту.
Қолданылған әдіс - тәсіл: сәйкестендіру тесті, ой қозғау, сұрақ - жауап, тірек – сызба.
Көрнекіліктері: тірек - сызбалар, сөзжұмбақтар, мақал - мәтелдер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа білімді игеру
IV. Бекіту
V. Бағалау
VI. Үйге тапсырма беру
Амандасу, түгендеу.
- Біздің бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше болғалы тұр. Өйткені бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Сондықтан біз өзіміздің білімді, тәрбиелі екенімізді көрсетуіміз керек. (психологиялық ахуал)
- Балалар, біз бүгін топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.
Үйге қандай тапсырма берілді?
Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
«Менен сұрақ, сізден жауап» ( жеміс - жидек суреттері таратылады )
1. Көбею дегеніміз не?( жануарлардың тіршілігін жалғастыруы, санының артуы, ұрпақ беруі)
2. Қандай жануарларды сүтқоректілер дейді?
3. Қандай жануарлар жұмыртқа салады?
4. Бақалар мен балықтардың көбеюінде ұқсастық бар ма?(екеуінің де жұмыртқасы уылдырық деп аталады, екеуі де уылдырығын суға салады?)
5. Балықтар мен бақалар ұрпағына қамқорлық жасай ма?
6. Қолтырауынның ұрпағына қамқорлығы туралы айтып бер.

Енді балалар, қазір мен әр топқа сөзжұмбақ таратып беремін. Сөзжұмбақты дұрыс шешіп, бүгінгі сабағымыздың не туралы екендігін біліп алайық.
1 топ
Сұрақтары:
1. Аң
2. Тірі табиғат
3. Адам жалғасы
4. Үй жануары
А
Д
А
М
Сөздік жұмысы
Адам – человек –
2 топ
Сұрақтары:
1. Адамға 1 - ақ рет беріледі.
2. Көкжиекті қалай өлшейді.
3. Топырақта болады
4. Су қандай?
5. Ауырғанда көмектеседі.
6. Адамға жақын жүретін аң
7. Оқушы айнасы
Ө
С
І
М
Д
І
К
Сөздік жұмысы – өсімдік - растение –
3 топ
Сұрақтары:
1. Ағаш көркі
2. Өсімдік құрылысы
3. Ас атасы
4. Киіз үй жабдығы
5. Қу адам
6. Жануарда болатын рең
Сөздік жұмысы – жануар – животное –
Ж
А
Н
У
А
Р
III. Жаңа білімді игеру кезеңі
Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы осы ұғымдармен байланысты. Адам және өсімдіктер мен жануарлар деп аталады.
Мақсатымыз: Бүгінгі сабағымызда «Адам», «өсімдік», «жануарлар» деген ұғымдардың арасындағы байланысты, олардың қандай маңызы бар екенін білетін боламыз.
№1 тапсырма. Орталықтардың топ атауын қорғауы. Әр топ өздерінің топтарының атын қорғайды.
№2. Флипчарт 1. Мағынаны тану. Ой қозғау 3 мин
Мына сөздерді пайдаланып, өсімдіктің жануар мен адам үшін пайдасы туралы айтып бер.
№3. Флипчарт 2. Өсімдік пен адам үшін пайдасы туралы айтып бер
қорек тұқымын таратады
киім Жануар жүк тасуға
сусын тозаңдандырады
Балалар мына тапсырманы орындау арқылы біз өсімдік пен жануардың бір - біріне пайда келтіретінін, олардың адам үшін де маңызды екендігіне көз жеткіздік. Енді келесі тапсырмаға көшейік.
ІV. Бекіту кезеңі
№4. Флипчарт 3.
1 топ Бунақденеқоректі және өсімдікқоректі жануарларды тиісті ұяшықтарға орналастыр: бақа, ақбөкен, шақшақай, түйе, тоқылдақ түлкі, аю, бүркіт, сазан.
Бунақденеқоректі: шақшақай, бақа, тоқылдақ
Өсімдікқоректі: ақбөкен, түйе, аю, сазан.
№5. Флипчарт 4.
2 топ
Сәйкестендіру
Өнімдер-----жануарлар
Шұбат-------ешкі
Қымыз------түйе
Түбіт------қой
Ірімшік---бие
Жұмыртқа---сиыр
Жүн------тауық
№6. Флипчарт 5.
3 топ
Суретті тест «Тұрағын тап» Мына жануарлардың тұрағын анықтаңдар.
№7. «Оқулықпен жұмыс»
- Іштей оқыту
- Тізбектеп оқыту
- Дауыстап оқыту
- Жекелей оқыту.
№8. Флипчарт 6.
«Дәптермен жұмыс» Қажетті сөзді тауып қой.
Адам өсімдіктерді көп пайдалану үшін..................... ұйымдастырады. Үй жануарларын күтіп, бағу үшін..................... ұйымдастырады.
№9 тапсырма. Мақал – мәтел сайысы. (3 - 4 мақал жеткілікті)
Адам, жануар, өсімдік туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
1. Сиырдың сүті – тілінде.
2. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
3. Бір тал жұлсаң – он тал ек.
4. Артыңда мал қалғанша, бір тал қалсын.
№10 тапсырма «Егер табиғатқа тіл бітсе...» тақырыбы бойынша оқушының таза жүрегінен эссеге кезек берейік:
АДАМ
ӨСІМДІК ЖАНУАР
Мұғалімнің қорытындылауы: Балалар қане, тақтадағы мына сызбаға назар аударайық. Мына ұғымдардың арасына қойылған бағдаршалар нені көрсетіп тұр? Біз үшеуінің тығыз байланыста болатындығын көреміз. Осы үшеуіне де ортақ белгілер бар ма? Ойланып көрейікші?
1. Үшеуі де тірі ағза, тірі табиғаттың бөлігі.
2. Үшеуіне де ауа, су, қорек, жылу, жарық қажет.
3. Үшеуі бір – бірімен тығыз байланысты, табиғатта тепе - теңдікті сақтайды.
Табиғатта басы артық тіршілік иесі болмайды, әрқайсысының өз орны бар. Біз сендермен өсімдік пен жануардың бір – біріне, адамға қандай пайдасы бар екендігін білдік. Ал біз адамдар оларға қандай көмек келтіре аламыз, олар бізден не күтеді? ( Өсімдік пен жануар адамнан қамқорлық, құрмет, мейірімділік, жанашырлық күтеді)
«Табиғатқа тілек» табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен мынандай сөздерді апарып іледі.
Гүлдей бер, Жер - Ана!
Аспаның ашық болсын!
Аспаныңды бұлт торламасын!
Тоғайың аң мен құсқа толсын!
Суың мөлдір, таза болсын!
Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!
Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!
Күнің жарық болсын! т. б.
V. Бағалау. Стикерлерді санап топ көшбасшысын анықтайды, үздік топты, сабаққа өте жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап бағалайды.
VI. Үйге тапсырма беру. 103 - 104 оқу, мазмұндау. №1, 2, 3 тапсырманы орындау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Судың адам өміріне, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі үшін маңызы

Судың адам өміріне, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі үшін маңызы

Жер бетіндегі тіршілік үшін судың мәні зор. Су болмаса, өсімдік өспейді. Жануарлар да, адам да сусыз тіршілік ете алмайды. Фабрикалар мен зауыттардың...
Өсімдік - тірі организм

Өсімдік - тірі организм

Мақсаты: а) Білімділік: Өсімдік тірі табиғат екенін дәлелдеу. Өсімдіктің мүшелері, олардың атқаратын қызметі, өсімдікке қажетті жағдайлар туралы...
Өсімдіктерің адам және жануарлар тіршілігіндегі маңызы

Өсімдіктерің адам және жануарлар тіршілігіндегі маңызы

ШҚО, Семей қаласы, «Қайрат Рысқұлбеков атындағы № 33 ЖОББМ» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Каримова Толкын Тлеубековна...
Өсімдіктерің  адам және жануарлар тіршілігіндегі маңызы.

Өсімдіктерің адам және жануарлар тіршілігіндегі маңызы.

Қостанай қаласы №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ермаганбетова Гулсум Казымбеккызы...
Аңдар

Аңдар

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп» коммуналдық...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×