Сайтқа кіру Тіркелу

Бала деп соққан бауырмал жүрек

Сабақтың тақырыбы: Бала деп соққан бауырмал жүрек
Сабақтың мақсаты: М. Әлімбаев туралы білімдерін кеңейту, балаларға арналған шығармалары, олардың жазылу тарихымен таныстыру. М. Әлімбаевтың «балалар ақыны» екенін таныту.
Білімділік - өмір жолы, еңбек жолы, шығармашылардан мәліметтер беру, шығармаларының жазылу тарихымен таныстыру, өлеңдерін жатқа айтқыза отырып мәнерлеп оқу машықтарын жетілдіру, мәнерлеп оқу үлгілерін меңгерту.
Дамытушылық – өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқырман дайындау. Оқушыларды көркем, шешен сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – шығармаларының тәрбиелік мәнін түсініп өнеге алуға тәрбиелеу. Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілігін, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
1) М. Әлімбаевтың портреті.
2) Қанатты сөзге жазылған плакаттар
3) Түрлі кейіпкерлердің бетперделері

1 - жүргізуші: Армысыздар! Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар бүгінгі кеш балалардың сүйікті ақыны, көп қырлы талант иесі – Мұзафар Әлімбаевқа арналған «Бала деп соққан бауырмал жүрек» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
2 - жүргізуші: Менің атым - Мұзафар араб аты.
Оның нендей бар ғаламаты
Ол - ата - ана аңсаған ақ тілеуі,
Алдағыға тапсырған аманаты – деп
Мұзафар болашақ ұрпаққа сенім білдірген.
1 – жүргізуші
Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын, зерттеуші Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 - қазанда Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Маралды аулында дүниеге келген.
2 – жүргізуші
Ақын алты - жеті жасынан бастап мал жаюды, тезек теру, шілік шабу, отын жару, су әкелу сияқты үйдегі күнделікті жұмыстарды атқарған. Осының бәрінің де өсе келе пайдасы тиді, әсіресе әдебиетте. Солардың бәрі еңбектене білуге, еңбектен ләззат табуға үйретті.

1 – жүргізуші
Мұзафар Әлімбаев қазіргі Әл - Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің түлегі. Мұзафар Әлімбаев 1948 - 1958 жылдары «Пионер» журналында, 1958 - 1986 жылдары «Балдырған» журналының бас редакторы болған. Алғашқы жинағы «Қарағанды жырлары» 1952 жылы жарық көрді.

2 – жүргізуші
Ақынның жыр кітаптары нәзік лиризм мен азаматтық әуенге толы болып келеді. Мұзафар Әлімбаев қазақ балалар әдебиетін дамытуға көп еңбек сіңірді. "Менің ойыншығым", «Отпен ойнама», «Шынықсаң - шымыр боларсың»кітаптары қазақ балалары әдебиетіне қосылған елеулі үлес болып саналады.
Санжар
Ассалаумағалейкум, ата мекен!
Қадірің ата - анаммен қатар екен.
Қыс келсем, ақ қарыңа аунаймын да,
Жаз келсем, көгалыңа жата кетем.
Бір мін жоқ өнегең мен тәліміңде
Жастың да ұстазысың, кәрінің де.
Мойныңа киіз боқша асқан шәкірт.
Сияқты сезінемін әлі күнге.
Арман
- Қазақ жері қандай ғажап құнарлы!
Ағаш ексең, арба етіп шығарды...
– Елдік – ерлік күрестерде сыналды,
Күнесте де, түнесте де саналды.
Қанша ғасыр ата - ана сүйегі.
Күн көзінде күл боп шөгіп, қурады.
Бұл топырақ, міне, содан құнарлы,
Бұл топырақ, міне, содан киелі!...
Қазақ жері бүгінгі де бұрынғы,
Міне, содан, міне содан ғұмырлы!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×