Сайтқа кіру Тіркелу

Тәуелсіздік тірегі - білімді ұрпақ

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ»
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ел тарихын, салт - дәстүрді қаншалықты білетіндіктерін тексеру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету, сөйлеу тілін, ой жүйелеу шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке, ел тарихы мен мәдениетін, салт - дәстүрін ұмытпай, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, сұрақтар, қима қағаздар, түрлі - түсті конверттер, шағын екі киіз үй, ұлттық нақыштағы оюлы себет.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: интеллектуалды ойын - сайыс
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы мен халықтық педогогика

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
- Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай сыныптағы оқушылар арасында ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік жолында
Талай – талай тер төккен.
Билігім өз қолымда
Еркіндігім Елтаңбам.
Көк байрақтың бетінде
Қырай құстың бейнесі
Сол қырандай еркіндеп,
Бала өседі талапты, - дегендей, сіздерді бүгінгі Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын.
Сайыстың талаптары: сайысқа әр қатардан 2 - 3 оқушыдан қатысады.
Сайыстың кезеңдері:
1. «Сәлем – сөздің анасы»
2. «Жеті қазына»
3. «Мақал – сөздің мәйегі»
4. «Мен тәуелсіз елдің ұрпағымын»
Сайысымызда төрелік айтатын қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда,− дегендей, бүгінгі сайысымызға қатысушыларды таныстырып өтейін:
Олай болса, «Сәлем − сөздің анасы» деп аталатын бірінші кезеңімізді бастаймыз. Әр оқушы кезек−кезегімен өз - өзін таныстырады.
Сайысымыздың ІІ кезеңі «Жеті қазына» деп аталады. Бұл кезеңде сайысқа қатысушылар ел тарихы мен салт - дәстүрге және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сұрақтарды ұлттық нақыштағы оюлы себеттен таңдап алып, сұрақтарға жауап береді.

1. Ел билеудегі ең лауазымды тұлға (президент)
2. Үш арсыз (ұйқы, тамақ, күлкі)
3. Төрт маусым (қыс, жаз, күз, көктем)
4. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (қырық екі)
5. Сын есімнің сұрақтары (қандай? Қай?)

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы қашан қабылданды? (1992 жылы 4 маусымда)
2. Бес асыл іс (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
3. Жеті қазына (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл - білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)
4. Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар? (он екі)
5. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (тоғыз)

1. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
2. Бес қару (садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)
3. Ұлттық музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, жетіген, сыбызғы, дауылпаз, адырна, керней, шертер)
4. Жалқы есімдер қалай жазылады? (бас әріппен)
5. Күрделі сөздер нешеге бөлінеді? (төртке – қос сөздер, біріккен сөздер, қысқарған сөздер, тіркесті сөздер)

1. Мемлекеттік тудың авторы (Шәкен Ниязбеков)
2. Үш байлық (денсаулық, ақ жаулық, қорадағы бес саулық)
3. Төрт мұрат (дау мұраты – біту, саудагер мұраты – ұту, жол мұраты – жету, қыз мұраты – кету )
4. Зат есімнің сұрақтары (кім? Не?)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)

1. Мемлекеттік Әнұранның авторлары (Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
2. Ұлттық ойындар (Ханталапай, қыз қуу, бәйге, аламан, күрес, көкпар, тоғызқұмалақ, дойбы, асық)
3. Үш дана (Абай, Шоқан, Ыбырай)
4. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгі қойылады? (сұрақ белгісі)
5. «Алпамыс батыр» жырындағы Алпамыстың жеті жасар баласы (Жәдігер)

1. Шығыстың қос шынары (Әлия мен Мәншүк)
2. Жеті жоқ (Жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ)
3. Киіз үйдің құрылысы (шаңырақ, уық, кереге, иіні, түндік, туырлық, ши, т. б.)
4. Сан есімнің мағыналық түрлері(алтау)
5. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады?(жұрнақ)

1. Ұлыстың ұлы күні қашан тойланады? (22 наурыз)
2. Үш қуаныш (алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі)
3. Төрт түлік (жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі)
4. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
5. «Батыр» сөзіне қарсы мәндес сөзді ата (қорқақ, ез)
Сайысымыздың ІІІ кезеңі «Мақал – сөздің мәйегі» деп аталады. Сайысымызға қатысушылар киіз үйлердің ішінде жасырылған мақалдардың жалғасын табуға тиісті.

1. Ел ағасыз болмайды,...
(Тон жағасыз болмайды)
2. Адам көркі шүберек,...
(Ағаш көркі жапырақ)
3. Қоянды қамыс өлтіреді,...
(Ерді намыс өлтіреді)

1. Елу жылда ел жаңа,...
(Жүз жылда қазан)
2. Тау тауға қосылмайды,...
(Адам адамға қосылады)
3. Талапты ерге...
(нұр жауар)

1. Ел іші...
(алтын бесік)
2. Жаңылмас жақ болмас,...
(Сүрінбес тұяқ болмас)
3. Ит тойған жерін іздейді,...
(Ер туған жерін іздейді)

1. Елдестірмек – елшіден,...
(Жауластырмақ - жаушыдан)
2. Айтулы достың малы бір,...
(Кемедегінің жаны бір)
3. Жаңбырмен жер көгереді,...
(Батамен ел көгереді)

1. Басқа елде сұлтан болғанша,...
(Өз еліңде ұлтан бол)
2. Кісідегінің кілті...
(аспанда)
3. Баста ақыл жоқ болса,...
(екі аяққа күш түсер)

1. Сөз сүйектен өтеді,...
(Таяқ еттен өтеді)
2. Бірлік болмай,...
(тірлік болмас)
3. Тісі шыққан балаға...
(шайнап берген ас болмас)

1. Жылайын деген баланың...
(үш күн бұрын көзі қышиды)
2. Інісі бардың тынысы бар,...
(Ағасы бардың жағасы бар)
3. «Көрдім» деген көп сөз,
(«көрмедім» деген бір сөз)
– Бар байлығым – өлең‐жырым қолда бар,
Өн бойымда құпия жоқ таңқалар.
Көріп жүрген көп адамның бірімін,
Көңілімде қиял да бар, ән де бар, – деп жерлес ақын Мәлік Аяпов жырлағандай, келесі кезекті ән‐шашуға береміз.

– Білсең дағы біле бер, тағы тіле:
Мақсатыңа жетерсің біле‐біле! – деп дана, ойшыл Жүсіп Баласағұн айтып кеткендей, білімді, ізденімпаз оқырмандарымызбен әрі қарай сайысымызды жалғастырайық.
Сайысымыздың төртінші кезеңінде сайысқа қатысушылар «Мен тәуелсіз ел ұрпағымын» тақырыбында эссе жазады.

Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
Біліміңмен шарықтай бер әрдайым.
Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпаз оқушыларды анықтау үшін сөз кезегі әділ - қазылар алқасына беріледі.

Білім сүйсең, кел күн сайын осында,
Кітап сенің айналады досыңа.
Талаптансаң үйренуге құмартып,
Келгін жан дос, ізденейік қосыла.
Құрметті бүгінгі «Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ» байқауына қатысушылар!
Сіздерге шығармашылық табыс тілей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше, аман‐сау болып тұрыңыздар.

Қызылорда қаласы,
№264 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Альмаханова Шара Хамзина

Тәуелсіздік күніне арналған өлеңдер:

Желтоқсанның қанды суық ызғары

Тәуелсіздік – тірегім

Еркіндігім қасиетім

Тәуелсіздік таңы атсын елімде

Желтоқсан. Тәуелсіздік

Ата-бабам аңсаған тәуелсіздік

Тәуелсіздік

Тәуелсіздік
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×