Тақырыбы: Білімнің негізі - бастауыш
Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сездіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру;
2. Бастауыш сынып балаларының оқу барысында алған білім дерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Өзін - өзі басқару мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, шарлар.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Білімнің сара жолы мектептен басталады, ал білімнің алғаш есігін ашатын кілті – бастауыш екенін барлығымыз білеміз. Ең алғаш әріп танып, оқуға,
санауға, есептеуге үйреніп, білімге деген құмарлығымызды бастауыштан бастаймыз.
- Бүгін, біз 12 - қараша мен 22 қараша аралығында өтетін
«Білімнің іргетасы - бастауыш мектеп» атты бастауыш сынып әдіс бірлестігінің онкүндік іс - шарасын ашқалы отырмыз.
Бастауыш сынып әдіс бірлестігінің онкүндік жұмыс жоспарымен таныстырып өтейін:
1. 12 - қараша. «Білімнің негізі - бастауыш» Апталықтың ашылуы
2. 13 -- қараша «Білім жанған шырағың» Интелектуалдық ойын
3. 14 - қараша. «Мұғалімнің әдістемелік портфолиосы» Семинар сабақ
4. 15 - қараша 1.«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» ертеңгілік
2. « Баяндауыш»( қазақ тілі) Ашық сабақ
5. 16 - қараша. «Білекті бірді, білімді мыңды жығар»пәндік олимпиада(қазақ тілі, математика)
6. 18 - қараша. 1. «Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ» спорттық жарыс
2. О дыбысы және әрпі(сауат ашу) ашық сабақ
7. 19 - қараша «Менің зерттейтін әлемім» ғылыми жоба
8. 20 - қараша «Мұражай - рухани мәдениет ошағы» дөңгелек үстел
9. 21 - қараша «Өнерлінің өрісі кең» Шығармашылық жұмыс, көрме
10. 22 - қараша 1. «Мектеп кітапханасы - білімнің қайнар көзі»
2. Қорытынды концерт
Мұғалім:: Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер білім шыңына.
Бастауыштан қанасың,
Білімнің нәрлі сырына
1 - оқушы: Бастауышым - бастамам,
Білім жолын бастаған.
Білім шыңы биікте,
Белді бу жас данам.
Мектеп - кеме, білім - теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.
2 - оқушы: Бастадым білім нұрын бастауыштан,
Жанымен сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастауысың ұлылықтың,
Бастауыш саған мәңгі басымды ием.
3 - оқушы:
Әр жыл сайын қаруланып біліммен,
Бала шақтан болашаққа ұмтылған.
Жайнаттың үмітімді біліммен,
Бастауышым бізді алға бастаған.
Хор: Балдырғандар әні
Бастауыштың ұраны:
Талпынып ғылымның шыңына,
Ұмтылып ұқсауға ұлыға.
Лапылдап, жаныңдар талмаңдар,
Ғылымның ғажайып маржанын,
Алыңдар, іздеңдер, табыңдар.
4 - оқушы. Әрқашанда білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Сәлем бердік өрендерге талапкер,
Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен
5 - оқушы: Бастауышым - бал бұлағым
Лаулап жансын шам - шырағың
Өзің берген біліміңмен
Самғап ұшты тау қыраның
6 - оқушы: Бастауышым - балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
7 - оқушы: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең - ақ мақтанышым,
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
8 - оқушы Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын танып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой - өрісін,
Сол кітап бас ақылшы күнде маған.
Ән: Мектебім
9 - оқушы: Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің мектебім,
Шәкіртің асыл қырағы
10 - оқушы Алғаш рет өзіңнен,
Білім алды балалар!
Оқу сырын өзіңнен
Біліп алды балалар
11 - оқушы: Жастың өсті санасы
Елжірейді жүрегі
Бастауышқа бар бала,
Алғыс айтып жүреді.
12 – оқушы Мынау менің кітабым,
Сырлас достай тұтамын.
Өлең айтып, қуанып,
Білім нәрін жұтамын.
13 - оқушы: Кітап білім бұлағы,
Білім өмір шырағы,-
Деген сөзді мен ұқтым
Биікте ол тұрады.
Ән:
14 - оқушы: Қоссаңдар бірді екіге үш болады,
Деуші едің,- білімменен күш толады
Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,
Ақылмен іс істесең іс болады..
15 - оқушы. Ақыл, сана, біліммен,
Өнеріме сенемін.
Арым таза, ақкөңіл,
Адалдыққа сенемін.
Абыройлы ақ ниет,
Адамдыққа сенемін.
16 - оқушы Еңбек етсең ертеңгі,
Бақытыма сенемін
Мақсатыма жеткізер,
Бақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да,
Жеңеріме сенемін.
17 - оқушы. Арманым болып аңсаған,
Мәңгілік қалдың мекендеп,
Өзіңе арнап ән салам,
Ардақтап сізді өтем деп.
Ән:
18 - оқушы. Нәріңді беріп құрғатпай,
Сусаған шөлді қандырған.
Сәулеңді шашып жүрекке,
Жанымның отын жандырдың.
19 - оқушы. Нағыз білім - ырыс, бақ,
Дүниені тұр ұстап.
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз дұрыстап.
20 - оқушы Білім аққан сел дейді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл - ойға кен дейді.
21 - оқушы. Мәре болған білімге,
Мән көп ана тілінде.
Сөз беремін алдымен,
Сүйкімді біздің тілдерге.
Қорытынды: Балалар ата - аналарың сендердің сапалы білім алуларың үшін бәрін істейді. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім алайық. Ел - болашағы мына сендердің қолдарыңда!
Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы,
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Әбуова Шолпан Әділбайқызы,
Рахметова Қаракөз Асарбекқызы
Білімнің негізі - бастауыш
- ramuk_b
- 9 қазан 2019
- 54278
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Білімнің негізі бастауыш атты тәрбие сағаты, сценарий
Ұқсас жаңалықтар:
Рахмет, саған бастауыш!
Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құмарлығын арттыру. Оқуға, білімді...Бастауышым - балбұлағым
Мақсаты: бастауыш сыныпты бітіруді салтанатты түрде атап өту Міндеттері: 1. Оқушылардың еліміздің тәуелсіздігін алғанына 24 жыл толу қарсаңында...Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі бас ием, Бастауышым!
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Шалқия кенті, №86 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Смат Айжан Нұржәліқызы..."Қош бол, бастауыш сыныбым!" сынып сағаты
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы Чириковка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Жағыпарова Венера Ерғалиқызы...Бастауышым – балбұлағым
Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.