«Дарабоз» спорттық интелектуалдық турнир
(сыныптан тыс жумыстар)
Мақсаты:
Оқушылардың спорт туралы білімін теория жүзінде байқау.
Ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Салауатты өмір салтын насихаттау.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта
Турнирдің шарты:
I тур: Сөре. Викториналық сұрақтар.
II тур: Мәре. Пирамидалардағы сұрақтарды таңдау.
III тур: Чемпион. 30 секунд ішінде сұрақтарға жауап беру.
Ескерту: I ші және III ші турда әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Қатысытындар: 6 - 7 сынып 6 оқушы қатысу керек. Ойын соңында дарабоз анықталады.
I тур. Сөре:
Олимпиада ойындарының авторы кім? / П. Кубертен
Әйгілі футболшы Пеленің шын есімі кім? ( Энду Арантис Ду Насименти)
2011 жылы Қазақстанда өткен 7 - қысқы Азия ойындарының тұмар белгісінде қандай жануар белгіленген? ( алан - Ирби)
Қазақтан шыққан тұңгыш гимнастшы қыз кім? ( Ә. Юсупова)
Билярд ойнында шарды ұратын таяқ қалай аталады? ( Кии)
Ми жұмысына арналған қазақтың ұлттық ойыны қалай аталады? ( тоғызқұмалақ)
Әлемдік аренада жүлделі орындардан көрініп жүрген қазақстандық шабандоз кім? ( А. Винокуров)
«Биатлон» қандай спорт түрі? ( Шаңғымен сырғанау, мылтықпен нысыны көздеу)
Ең алғашқы Олимпиада ойындары қай елде өтті? ( Афины. Грекия)
«Футбол» сөзі қандай мағына береді? (фут аяқ, бол доп)
Сопақ доппен ойналатын спорттық ойынды қалай атайды? (регби)
2000 жылы Австралия. Сидней олимпиадасының Қазақстандық бокс чемпионы кім? (Б. Саттарханов)
Мектептерде Президенттік сынақтарды нешінші сыныптар тапсырады?
1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдерегі, Қазақтың біртуар боксшысы кім? (С. Қонақбаев)
II тур. Мәре:
Спорт ойындары.
30 ұпай
Футболдан ең алғашқы әлем чемпионаты қай елде өткізілді? (Уругвай)
20 ұпай
Хоккей ойыны қай мемлекетте пайда болды? (Канада)
Футболда «хет трик» термині қандай мағына береді? (бір ойыншы қатарынан үш гол соқса)
10 ұпай
Волейбол сөзі қандай мағына береді? (волей ұшу, бол доп)
Баскетбол ойынының авторы кім? (Джеймс Нейсмит)
Футболда, алаңда қанша ойыншы қалғанда ойын тоқтатылады?(7 адам)
Жекпе – жек
ұпай
Күш атасы Қажымұқан жарысқан спорт түрі? (грек рим күресі)
20 ұпай
1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері, Қазақтың біртуар боксшысы кім? (С. Қонақбаев)
1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында грек рим күресінен алтыннан алқа таққан қазақ азаматы кім? (Ж. Үшкемпіров)
10 ұпай
Бекзат Саттарханов Сиднейдегі жеңісін кімге арнады? (Түркістан қаласының 1500 жылдығына )
Армрестлинк қандай спорт түрі? (Қол күрес)
Әтештер сайысы қалай ойналады? (иықпен тіресіп, ойыншыны алаңнан шыгару)
Түрлі – түрлі
30 ұпай
1. Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақта неше отау, неше қазан, неше тас болады? (162 тас, 18отау, 2 қазан)
20 ұпай
Мұздағы би қалай аталады? ( Мәнерлеп сырғанау)
Күш қандай спорт түрінен пайда болады? ( атлетикалық гимнастика)
ұпай
«Сөреге тұр, дайындалыңдар, жүгіріңдер!» қандай уақытта айтылады? ( сөреден жүгіру кезінде)
Алға домалау, артқа домалау, жауырынға тұру бұл - ( акробатикалық жаттығулар)
Шахмат ойынында қанша түрлі фигура болады? Атаңыз. ( Пешка, слон, ат, ладья, ферз, король)
Женіл атлетика
30 ұпай
Лондон Олимпиадасында О. Рыпакова қандай сайыста алтын медальды иеленді? ( ұзындыққа 3 қарғып секіруде)
20 ұпай
Сидней Олимпиадасында Ольга Шишигина қандай қашықтыққа жүгіруде алтын медальға қол жеткізді? ( 100м)
«Спорт падишасы» деп қандай спорт түрін атайды? ( женіл атлетика)
10 ұпай
Спринтер қандай спортшы? ( қысқа қашықтыққа жүгіруші)
Бұл қай сабақтың бөліктері: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру жаттығулары. ( жеңіл атлетика)
Әмин Тұяқов қай жылы, қайда, қанша метрлік қашықтықтан рекорд жаңартты? (КСРО, 1965 ж 200 метр)
III тур: Чемпион
Бокс алаңы қалай аталады? ( ринг)
Доп пішіні қандай? ( дөңгелек)
Футболшы Армандо Диего фамилиясы? (Марадонна)
Баскетбол сөзінің мағынасы? ( себет доп)
Футболдан соңғы әлем чемпионаты өткен ел? ( Оңтүстік Африка)
Мұзда сырғанайтын аяқ киім? ( коньки)
Медаль металдарын атаңыз? ( алтын, күміс, қола)
Қажымұқанның фамилиясы? ( Мұңайтпасов)
Футболда бір тайм уақыты? ( 45 минут)
Тур Де Франс қандай жарыс? ( Велосипедшилер)
Параолимпиада деген не? ( мүгедектер олимпиадасы)
Дзюдо кілемі қалай аталады? (татами)
Қазақтың жігіті мен қызы ат үстінде ойнайтын ұлттық ойыны? ( қыз қуу)
Олимпиада сөзінде неше әріп бар? ( 9)
Илья Илин кім? ( 2 дүркін олимпиада чемпионы)
Лондон Олимпиадасында қазақстан спортшылары неше алтын алды? (7)
Хоккей деген не? (мұз айдынында өтетін спорттық командалық ойын)
Олимпиада сақинасы нешеу? (5)
Қысқы Азия ойындары соңғы рет қай елде өтті? (Қазақстан. Астана – Алматы қалалары)
Ұлттық ойындарды ата? ( арқан тартыс, алтыбақан, асық, көкпар, тоғызқұмалақ т. б)
Қорытынды.
Марапаттау кезеңі. Әділ қазылардың есебін тыңдау. Жүлдегерлерді анықтап, арнайы сыйлықтар мен дипломдар тапсыру.
Дарабоз спорттық интеллектуалды сайыс
- Гулназ Ажибаева
- 8 сәуір 2014
- 24440
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Денешынықтыру, спорттық шара
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстанның белгілі спортшылары. ШҚО белгілі спортшылары
Есімдік, Есімдік түрлерін пысықтау. Қазақстан спортшыларына қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну, арқылы коммуникативтік сөйлеу дағдыларын...Спорт шеберлері
1. Білімділік: Оқушыларға «Спорт шеберлері» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды...Ибраимов Ермахан Сағиұлы
Ибраимов Ермахан Сағиұлы. 1972 жылдың 1 - қаңтарында Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданында (бұрынғы Луговой) дүниеге келген....Менің сүйікті спортшым
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, №1 Затобол орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Б. Ә. Омарова...XXI ғасыр көшбасшысы (тәрбие сағаты)
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ - ның информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.