Сайтқа кіру Тіркелу

Менің құқығым

Тақырыбы: Менің құқығым
Мақсаты: Балалардың құқықтық білімін ұғындыру және жетілдіру, ой - өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету. Балалардың білім алуға, медициналық көмек алуға, еркіндікке құқылы екендігін түсіндіру, сөздік қорын молайту.

Көрнекіліктер: Бала құқығы Конвенциясы, сюжетті суреттер, хат, сиқырлы таяқша.
Сабаққа дайындық: «Бала құқықтары Конвенциясы» құжатымен таныстыру.
Сөздік жұмыс: Декларация, Конвенция, БҰҰ
Сабақтың барысы
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі сабағымыз өзгеше. «Достық» әнін тыңдайық және бірге қосылып айтайық.
Тәрбиеші: Біз сендермен «Достық» әнін орындадық. Ән арқылы біз адамдар дос болып өмір сүруге құқылы екенін түсіндік. Бүгінгі сабақта әлемдегі бүкіл балалардың құқықтары бірдей екенін білеміз. Балалардың құқықтарын қорғау туралы құжаттардың қалай қабылданғанын еске түсірейік. Бала құқықтарын қорғау жөніндегі алғашқы ұйым әлемде 1919 жылы пайда болды, 1924 жылы Ұлттар лигасының Женева Бала құқықтары туралы Декларациясы, 1959 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас Ассамблеясы бала құқығы Декларациясы қабылданды.

Бұл қандай құжат?
Балалар: Бала құқығы Декларациясы.
Тәрбиеші: БҰҰ дегеніміз не?
Балалар: Біріккен Ұлттар Ұйымы әлем тыныштығын қорғайды.
Тәрбиеші: 1989 жылы БҰҰ - ның Бас Ассамблеясы Бала құқығы Декларациясын қабылдады.
Бұл құжат қалай аталады?
Балалар: Бала құқықтары Конвенциясы.
Тәрбиеші: Дұрыс.
(Есікті қағып пошташы кіріп келеді, амандасып хат береді.)
Тәрбиеші: Балалар, бұл хат кімге екен, оқып көрейік.

Қайда: «Павлодар облысы Екібастұз қаласы №18 орта мектебінің О «ә» даярлық тобы балаларына».

Қайдан: Ғажайыпстан қаласы.
Хаттың ішінде сиқырлы таяқша бар екен. Хатты оқимын.
«Жедел хат. Ғажайыпстан қаласының тұрғындарынан. Қатыгез Мыстан кемпір қала тұрғындарының құқықтарын бұзуда. Ол қала тұрғындарын өзіне бағындырғысы келеді. Адамдарды «Бала құқықтары Конвенциясындағы» құқықтарды білетіндер ғана құтқара алады. Бізге көмектесіңдер! Ертегілер әлеміндегі Эллаға барсаңыздар ол сіздерге не істеу керектігін айтады. Құрметпен, Ғажайыпстан қаласының тұрғындары.»

Тәрбиеші: Балалар, не істейміз?
Балалар: Көмектесеміз.
Тәрбиеші: Эллаға біз сиқырлы таяқшаның көмегімен бара аламыз. Барлықтарың қолдарыңды ұстап, көздеріңді жұмыңдар. Ал мен сиқырлы сөздерді айтайын:
Бір, екі, үш - сиқырлы таяқша,
Ертегілер әлеміне ұш.

(Балалар көздерін ашып суреттер ілінген тақтаның қасында отырған Эллаға жақындайды)
Элла: Сәлеметсіздер ме, балалар! Сіздер №18 орта мектептенсіздер ме?
Тәрбиеші: Сәлеметсің ба? Бізге Ғажайыпстан қаласындағы сенің достарыңнан хат келді. Біз сендерге көмектесуге келдік.

Элла: Ия, бізге өз құқықтарын білетін балалар ғана көмектесе алады. Өз әлемімізде бақытты өмір сүру үшін құқықтарымызды білгіміз келеді. Бізді қатігез Мыстан кемпір ылғи ренжітеді. Мына суреттер сіздерге біз туралы білуге көмектеседі. ( Элла бір суретті алып балаларға көрсетеді)

Тәрбиеші: Суретке қарап қандай құқық туралы айтуға болады?
Балалар: Бала еркін өмір сүруге құқылы.
Тәрбиеші: Міне көрдіңдер ме, Мыстан кемпір Ғажайыпстан қаласындағы тұрғындарға қандай зұлымдық көрсетеді.
Балалар: Әрбір бала зұлымдық көрмей, еркін ойлап, өз ойын айтуға құқылы.
(Балалар кейінгі суретті алады)
Тәрбиеші: Қараңдар, Отыншы аурып қалыпты. Бірақ, Мыстан кемпір оның емделуіне бөгет жасады. Мыстан кемпір қандай құқық туралы білмейді?
Балалар: Әр баланың денсаулығын сақтауға құқығы бар. Ол ауырса, дәрігерге барып тегін емделуге құқылы. (Балалар тағы бір сурет алады)
Тәрбиеші: Балалар, мына суретте Мыстан кемпір біреудің үйін бұзды. Ол қандай құқықты білмейді?

Балалар: Әрбір бала баспанаға, дүние - мүлікке құқылы.( балалар кезектегі суретті алады)
Тәрбиеші: Суретте қандай құқық туралы айтылған?
Балалар: Баланың білім алуға құқығы бар. Әрбір бала мектепте тегін оқып, білім алады.
Тәрбиеші: Міне, біз сендермен «Бала құқықтары Конвенциясы» туралы білетінімізді дәлелдедік.
Элла, балалармен бірге ойын ойнайық, ойнауға құқылымыз ғой.

Сергіту сәті:
1 дегенде тұрайық,
2, 3, 4 – алақанды соғайық,
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.

Тәрбиеші: Балалар, құқықтарымыз туралы тақпақтар айтайық.

1 бала: Шалдықпадым талмадым
Арманды алға жалғадым
Конституция қорғаным
Атасы ол бар заңның

2 бала: Ғұрпымыз бар ел сенген
Дәстүрлері – ең ізгі
Әділдікпен өлшенген
Заңымыз бар негізгі

3 бала: Бас иетін бар адам
Әрбір сөзі салмақты
Қорғар бәле – жаладан
Ата Заң бұл ардақты

4 бала: Алтын заңым қорғайды
Бар адамның теңдігін
Әділетті қолдайды
Арқа тұтып, ел бүгін

Элла: Сіздерге көп рахмет. Енді өз құқықтарымызды білеміз және қорғай аламыз. Балалар бір - біріңмен дос, мейірімді, бақытты болып өсіңдер. Сау болыңдар!
Тәрбиеші: Ал, енді біз өз мектебімізге қайтамыз. Қолдарыңды ұстап, көздеріңді жұмыңдар.
Бір, екі, үш - сиқырлы таяқша,
Мектебімізге ұш.
Міне, мектебімізге оралдық. Мені өте қуанттыңдар. Бірақ біз «Бала құқықтары Конвенциясындағы» барлық құқықтарымызды айтқан жоқпыз. Сурет көрмесіне жақындайық. Суреттерде құқықтарымыз жайлы толығырақ бейнеленген. ( Балалар өздері салған суреттері туралы әңгімелейді.)
Тәрбиеші: Сабағымызға қортынды жасай отырып:
Балалар сендер кішкентайсыңдар, біз сендерді қорғаймыз. Ал, сендер үлкейген кезде өз балаларыңды қорғайсыңдар. Рахмет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×