Сабақтың тақырыбы: Бірлігі бекем Қазақстанның еңсесі биік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тәуелсіздік ұғымын терең ұғындыру, оқушылардың бойына Отанына, еліне деген сүйіспеншілік пен бірлік ұғымдарын терең сіңіру. Мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, ынтымағы, бірлігі жараса шалқығанелдің, көптеген ұлт пен ұлыстарға алтын бесік болған мемелкетінің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, интерактивті тақта, доп, түрлі түсті қағаздар. т. б.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау стратегиясы, «Кубизм» стратегиясы топтастыру, сұрақ - жауап т. б.
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
ІІІ. Мағынаны тану.
ІV. Сұрақ - жауап сайысы.
V. Мақал - мәтелдер.
VI. Қорытынды.
ІІ КЕЗЕҢ. Қызығушылықты ояту.
Әдісі: Ой қозғау стратегиясы
Мұғалім: Мен мына кішкентай ғана допқа қарап отырып біздің жерімізді, өмір сүретін мекенімізді көз алдыма елестетіп отырмын. Байқайсыңдар ма, доп та жер шарына ұқсас дөңгелек.
Егер барлық әлем сенің алақаныңда тұр деп есептесек, сенде үлкен күш пайда болса нені өзгертер едің?
(Оқушылардың қолына допты беріп, жағалай пікірлерін сұрау.)
Оқушы: Әлемде татулықтың болғанын қалар едім, Отанын құмет тұтуын, адамдар бір - бірімен дос болғанын, түсінгенін. Тыныштық, бірлік, бейбітшілік болса, әрбір ел тәуелсіз, егеменді болса деймін.
(Оқушылардың пікірі арқылы тақырыпқа шығу.)
Мұғалім: Көрдіңіздер ме, жұмыр жерді мекендейтін әрбір тірі жанның, тіршілік иесінің арманы тыныштық, бейбітшілік, егемендік, тәуелсіздік екен.
Бүгінгі біздің қозғайтын әңгімеміз ел тыныштығы, бірлігі, тәуелсіздігі туралы болмақ. Сабағымызда тәуелсіздік ұғымының мағынасын терең ашып, жер бетін мекендейтін тіршіліктің өмір сүруі үшін азаттық, бірлік, егемендіктің ролі мен оны сақтаудың маңыздылығын әңгімелейтін боламыз.
Тәуелсіздік! Қасиетті де құдіретті ұғымның тереңіне зер салып, ой жіберсек, бұл тәтті сөздің тұңғиығында ата - бабамыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр. Ұлы даланың перзенті қалың қазақтың азаттық мұратындағы қасиетті күрестері, тағдыры алға тартқан талай тар жол тайғақ кешулері жатыр.
Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы 1991 жылдың 16 желтоқсаны күні жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет - Тәуелсіз Қазақстан келді.
Слайд шоу: «Қазақстанның 22 жылдағы жетістіктері»
ІІІ. Мағынаны тану: «Кубизм» стратегиясы
1. Анықтау; («Отан» сөзінің ұғымын кеңірек ашу)
2. Сахналандыру: (Көрініс)
3. Зерттеу: (Қазақстан көп ұлтты, бірлігі жарасқан мемлекет)
4. Арнау: (Тәуелсіздікке байланысты өлең - жыр т. б тарту әзірлеу)
Мұғалім: (Әдісі: Ассоциация)
1.«Отан» сөзін естігенде көз алдыңызға не елестейді? «Отан» сөзімен қатар тұратын ұғымдарды күн сәулесі тәрізді етіп орналастырыңыздар.
Отан туралы ой - пікірлерің. «Отан» деген сөз мағынасын ашу, алғашқы ойларын білдіреді.
Отан дегеніміз – әр адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Отан – белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін, жанын пида қылып келе жатқан байтақ өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата - ана, бала - шағасы, жар қосағы, дос - жаран, ағайын - туысы, солармен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы, кейін ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.
2. Сахналандыру: Көрініс «Менің елім»
3. Зерттеу: (Қазақстан көп ұлтты, бірлігі жарасқан мемлекет)
(Слайд шоу)
4. Арнау: (Тәуелсіздікке байланысты өлең - жыр т. б тарту әзірлеу)
ІV. Сұрақ - жауап сайысы
1. Қазақстан қандай ел?
2. Қазақстанның қанша халқы бар?
3. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері өмір сүреді?
4. Біздің еліміздің астанасы қай қала?
5. Еліміздің басшысы кім?
6. Қазақстан қай құрлықта орналасқан?
7. Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлеседі?
8. Қазақстанның ұлттық валютасы не, қай жылы шықты?
V. Мақал - мәтелдер.
(Оқушылардан ел, отан, бірлік, татулық туралы мақал - мәтел айтқызу)
VI. Қорытынды:
«Жүректен жүрекке» тренингі.
Мұғалім:(Оқушылардың қолына майшам беріледі.) От - жылулықтың рәмізі. Тәуелсіз, азат, бейбіт еліміздің болашағына және бір - біріне қандай тілек тілеңіздер. (Оқушылар өздері бір - біріне тілектерін айтып шығады)
Мұғалім: Қазақстан тәуелсіздік таңы атқаннан бастап тең құқықтықтан, достықтан және келісімнен құралған барлық елдің бірлігін, өз дамуының негізі ретінде белгіледі. Елбасымыз айтқандай: «Біздің ортақ Отанымыз – Қазақстанның қазіргідей қарыштап дамып отырғаны – елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз. «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» - дейтін даналықтың шындығына бүгінде бәріміздің көзіміз жетіп отыр». Бірлігі бекем Қазақстанның еңсесі биік болғай!
Бірлігі бекем Қазақстанның еңсесі биік
- bizhangulnara
- 14 наурыз 2014
- 17072
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ашық сабақ, Тәуелсіздік, бірлігі жарасқан халықпыз
Ұқсас жаңалықтар:
Мәңгі жаса - Ұлы далам!
Сан ғасырлар бойы ата - бабамыз армандап өткен, тәуелсіздік жолында талай батырлар мен өрімдей жас қыздарымыз, аналарымыз жанын қиып елін - жерін...Мен Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!
Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін...Мәңгілік ел
«№ 21 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Өткізген: Керимкулова М. Б...Бірлігі жарасқан халықпыз
Сабақтың мақсаты: Балалардың «достық», «бірлік», «халық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту....Біздің Отанымыз - Қазақстан, біздің мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған қазақ тілін үйренуші ересектер арасында өткізілген сабақ жоспары...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.