Сабақтың тақырыбы: Наурыз - жыл басы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға наурыз мейрамының шығу тарихы, наурыз көже берудің маңызы туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Салт - дәстүр, әдет - ғұрып, мәдениетімізді білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың еліне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Ұқыптылыққа, шапшаң болуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтық сайыс
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, итерактивті тақта, суреттер.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі
І. Оқушыларды топқа бөлу.
ІІ. Оқушылар бір - біріне мерекелік жылы сөздер айтады.
Мұғалім сөзі:
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» мағынасын білдіреді. Қыс кетіп, көктем келіп, наурыздың 22 - сінде күн мен түн теңеледі. Қазақтар бұл мейрамды -"Әз - Наурыз" деп атаған. Халқымыздың ежелгі наным - сенімі бойынша наурыздың алғашқы күні жер - көкті жарып шыққан ерекше дыбыс естіледі. Дыбысты жұмақтан шыққан қой мен оны бағып шыққан қойшы ғана естиді. Наурыз мейрамы жаңа жылдың бастауы ғана емес, достық пен бірліктің, халықты тазалыққа шақырып, еңбекке бастайды.
Наурыз - табиғаттың жаңарып, мал төлдеп, ақтың молаюының белгісі. Халқымыз мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру - сырқаудан, пәле - жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін үй ішіндегі жиһаз, мүліктің шаңы қағылып, жуылып, тазартылады. Бұл күні таза киімдерін киіп, жыл басы жақсы басталса, аяғына дейін жақсы болады дейді. Наурыз мейрамында наурыз көже беріліп, түрлі ойын - сауықтар ұйымдастырған. Бүгінгі күні біз де " Шапағат" және " Бәйшешек" топтарының арасын сайыс ұйымдастырғалы отырмыз. Олай болса сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.
2) Сайыстың барысы
І. Таныстыу.
ІІ. Салтын сүйген, халқын сүйер.(сұрақ - жауап)
ІІІ. Мақал - сөз мәйегі.
ІҮ. Кім тапқыр
Ү. Сандар сыры.
ҮІ. Ас - адамның арқауы
Сайысымыздың бірінші кезеңінің шарты: Екі топ өздерінің топтарының аты, төсбелгісі, ұраны және мүшелерімен таныстырады.
ІІ. Салтын сүйген, халқын сүйeр.
Шарты: Екі топқа сұрақтар қойылады. Қай топ бірінші болып жалауша көтерсе сол топ бірінші жауап береді.
1. Наурыз сөзі парсы тілнен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
2. Наурыз көже неше түрлі тағамның қосындысынан жасалынады?
3. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарын ата.
4. Наурызшешек қандай өсімдік?
5. Қазақ халқының қандай ұлттық дәстүрлерін білесіңдер?
6. Наурыз тілек деген не?
7. Қазақтың ұлттық ойын түрлерін атап беріңдер.
8. Сүттен жасалынатын тағамдарды ата
9. Қазақ халқының ұлттық бас киімдерін ата
10. Наурыз бата деген не?
ІІІ. Мақал - сөз мәйегі.
Шарты: Берілген мақал - мәтелдің жалғасын табу қажет.
1. Орамал тонға жарамаса да, (Жолға жарайды)
2. Тойға барсаң бұрын бар,
(Бұрын барсаң орын бар)
3. Құтты қонақ келсе,
(Қой егіз табады)
4. Батыл жігіт жол бастар,
(Ақын жігіт той бастар)
5 (Алы жасар бала алыстан келсе)
Алпыс жасар кәрі алдынан шығар.
6. Той дегенде қу (бас домалайды)
7. Саналы ел (салтын сақтар)
8. Ата жолы - адамдық, (ана жолы - адалдық)
9. Ағадан - ақыл, (данадан - нақыл)
10. Әке көрген оқ жонар ( шеше көрген тон пішер).
ІҮ. Кім тапқыр!
Шарты: Қазақ халқының ұлттық салт - дәстүр, әдет - ғұрыптарына байланысты берілген сұрақтарға жауап береді.
1. Қуаныш иесіне қуанышына ортақтасып сый беру (көрімдік)
2. Қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып, күтіп алу ( қонақасы)
3. Қуанышты хабар жеткізілген адамға берілетін сый (сүйінші)
4. Көптен көрмеген адамдардың бір - біріне жіберетін сыйы (сәлемдеме)
5. Алыс сапарға шыққан адамдардың туыстарына алып келетін сыйы (базарлық)
6. Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы беру дәстүрі (ерулік)
7. Жасы үлкен адамның жасы кішілерге табақтағы еттен дәм тарттыру рәсімі (асату)
8. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде, қалған жастар жолдастарын шақырып ойын - сауық өткізуі (бастаңғы)
9. Ата - анасының баласына арнап жас төлге ен салу дәстүрі (бәсіре)
10. Көпшіліктің жәрдемін пайдалану дәстүрі (асар)
Ү. Сандар сыры:
Шарты: Екі топ ұяшықта көрсетілген сандарды таңдап, сол санға қатысты берілген сұраққа жауап береді.
7 саны.
1. Жеті жоқты ата.
2. Жеті атаңды атап бер.
3 саны.
1. Үш арсызды ата.
2. Үш жетімді ата
5 саны.
1. Бес парызды ата
2. Бес дұшпанды ата.
ҮІ. Ас адамның арқауы.
Шарты: Екі топ үйден дайындап келген наурыз көжелерінің жасалу технологиясымен таныстырып өтеді.
ҮІ. Қорытынды
Жеңген топты марапаттау.
Наурыз - жыл басы
- Ботакөз1979
- 18 ақпан 2014
- 21670
- 0
- 0
Ілмек сөздер: тәрбие сағаты, наурыз мерекесі, көже
Ұқсас жаңалықтар:
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы....Наурыз көженің жасалу жолы
Түрік халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан Наурыз көжеге жеті дәм қосылады....Наурыз
Наурыз тойын тойлап жатыр адамдар, Пісірілді тәтті дәмді тағамдар. Қазан толы наурыз көже жасалған, Наурыз айын " Мырзалы ай"- деп санаңдар....Наурыз бата
Наурыз бата - Наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға тағы басқа..."Наурыз тойы – дәстүрлі мереке" (сыныптан тыс шара)
БҚО, Шыңғырлау ауданы Тасмола ОЖБББМ Китарова Лайла Толыбаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.