Сайтқа кіру Тіркелу

Ұлтарақтай болса да, атамекен жер қымбат

Сабақтың тақырыбы: Ұлтарақтай болса да, атамекен жер қымбат
Сабақтың эпиграфы: «Қайда жүрсең атамекен, Көкейіңде жатады екен...»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға атамекен, ел, туған жер ұғымдарының мәнін түсіндіру, балалардың танымдық көкжиегін кеңейту, тілін дамыту, ойларын ауызша, жазбаша сауатты жеткізе білуге дағдыландыру. Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Байлығын қорғауға, ұлжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларды халыққа жан – жақты өнерімен, білімімен, игілікті ісімен қызмет етуге жарайтын дарынды азамат болып өсуге баулу. Жан – жақты дамыған, қоғамдық өмірге бейім, белсенді, нағыз дарынды жеке тұлғаны қалыптастыру. логикалық тұрғыдан терең ойлауға, саяси саналарын ұштауға баулу, зерттеу - іздену біліктілігін дамыту, өзін - өзі саяси мәдениетті түрде басқара білуге, көпшілік ортада еркін сөйлеуге, өз ойларын дәлелді түрде ашық жеткізуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен байыту, халықтың жоғын жоқтап, қамын ойлайтын ізгі азамат тәрбиелеу. Ұлттық идеологияны қалыптастыру, балалардың туған тіліне, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, қадірлеуге, сүйіп мәпелеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың бейнесі мен ақыл, парасатын, білімі мен ой - өрісін, ынтасын арттыру, өнерлерін дамыту, сахна мәнеріне үйрету. Бойларына халқымыздың рухани байлығын сіңірте отырып, ата дәстүрін ардақтауға, аталы сөзден ғибрат алуға, адамгершілік қасиеттерін мұқият сақтауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Ашық тәрбие сағаты
Сабақтың типі: Таным сабағы
Сабақтың әдісі: Әңгіме - сұхбат, түсіндіру, пікір - талас
Сабақтың көрнекілігі: Атамекен, туған жер туралы нақыл сөздер, мақал - мәтелдер жазылған плакаттар, слайд, бейнефильм
Пән аралық байланыс: Ана тілі, сурет, дүниетану
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
2. Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарында 2006 - 2011жылдарға арналған кешендi тәрбие бағдарламасы
3. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006 - 2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы «Қазақстан кәсіпкері – Профессионал Казахстана» журналы. №9, 2008 ж.
4. С. А. Мұсаева, Т. Б. Бегалиев. Жас ерекшелік педагогикасы. «Фолиант баспасы, Астана, 2006 ж.
5.«Қазақстан мектебі» журналы. №10, 2001 ж.
6. «Қазақстан мектебі» журналы. №1, 2006 ж.
7. «Тәрбие құралы» журналы. №5, 2001 ж.
Сабақтың барысы:
І. Кіріспе
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны
Сөзі: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев
Әні: Ш. Қалдаяқов
1. Алтын күн аспаны, алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны еліме қарашы.
Ежелден ер деген даңқымыз шықты ғой,
Намысын бермеген қазағым мықты ғой.
Қайырмасы:
Менің елім, менің жерім,
Гүлің болып егілемін.
Жырың болып төгілемін, елім,
Туған жерім менің – Қазақстаным.
2. Ұрпаққа жол ашқан кең байтақ жерім бар,
Бірлігі жарасқан тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақыттың мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты, біздің ел осындай.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
б) Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру
Айдын шалқар, күміс сулы бұлағым,
Жасыл желек, ат көрінбес құрағым.
Мыңғырған мал даласында жайылған,
Бабалардың болған сондай тұрағы.
Бұхар, Қохан бұл байлыққа қызықты,
Орыс патша арам ойлы бұзықты.
Қорған салып, жерін алып, қуса өзін,
Сонда көрген сорлы қазақ шыжықты.
Қазақта жер қалмады патша алмаған,
Елін, жерін, малын тегіс жалмаған.
«Қойға тиген қасқырдай» боп қазақтың,
Отаршылдық қыр соңынан қалмаған...
Абылай сегіз қырлы тарлан еді,
Халқымның асқар таудай арманы еді,
«Беріңіз, ел мен жерді қорғаймын» деп,
Батасын бабалардың алған еді.
Ол кезде атаныпты хан Ғаламат,
Тәңірім берген ақыл һәм парасат.
Жан - жағы алабұртқан жау болса да,
Айласын табатұғын зор дипломат...
Жорыққа өзі бастап барған еді,
Осы жер содан бізге қалған еді
Тәуелсіз ел, ешкімге бодан болмай,
Бірігіп өмір сүру арманы еді...
Балалар! Мына слайдтарды көріп отырғанда өздерің қандай ойда болдыңдар?
Өлең жолдарынан не ұқтыңдар?
Мына тақтада жазулы тұрған ел ағаларының айтқан сөздеріне, халқымыздың мақал - мәтелдеріне назар аударайықшы. Онда не туралы айтылып тұр?
«Атамекен» сөзінің мағынасын кім қалай түсінеді?
Сенің атамекенің қай жер, өз атамекенің туралы не айта аласың?
ІІ. Негізгі бөлім
Баяндама (Ұлтарақтай болса да, атамекен жер қымбат): Атамекен – адамның туып - өскен жері, ата жұрты, табиғи байлықтары, халқы, қоғамдық және мемлекеттік құрылысы, тіл, мәдениет, тұрмыс - салт, әдет - ғұрып ерекшеліктері бар белгілі бір халықтың тұрағына айналған аумақ. Тар мағынада – біреудің туған ауылы, ауыспалы мағынада – адамның қалыптасқан, дүниедегі өнер мен мәдениетке кенелген жері. Ертеде көшпелі қазақ ауылдары жерді ру - ата болып пайдаланғандықтан, олардың әрқайсысының жеке - жеке қоныстары: қыстауы, көктеуі, жайлауы, күзеуі болған. Осы жерлер әр елдің (рудың, атаның, ауылдың, т. б.) атамекені деп есептелген. Қазақ елінің атамекені – көне замандардан қалыптасқан жер көлемінің батыс жағы Каспийге, шығысы мен терістігі – Сібірге және Ақтау тауларына, күнгейі Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан республикаларымен шектеледі.
Жері қасиетті, құдіретті мекен. Бұл күндері осы мекенде халқымыз сан ғасыр армандаған тәуелсіз қазақ мемлекеті дүниеге келді. Көлемі бес Францияға, тоқсан екі Бельгияға пара - пар қазақ жерінде алуан түрлі қазба байлық, өсімдіктер, жан - жануарлар бар. Атақты орыс ғалымы Д. Менделеев кестесінде көрсетілген элементтердің бәрі қазақ даласынан табылады. Осындай байтақ та бай даламызға кім қызықпады дейсіздер!? Қара құйындай қайта - қайта соғып, халқымыздың ұйқы - тұйқысын шығарған жоңғар шапқыншылығы, Сыр бойының сұлу сымбатын ойрандап, баса көктеп кірген Қохан бектері, Цин империясының ызғарлы лебі де қазақ жеріне жеткен еді. Ел басына осындай қиын - қыстау заман зары туған шақта, қазақ қауымының бас көтерген батыр да ержүрек перзенттері елдің елдігін, ердің ерлігін сақтап қалар кезеңге тірелгенде қол бастаған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай сияқты батыр, ерлерінің жау жолатпас қасиетін басқарған хан Абылай сияқты дана бабаларымыз болды...
Абылай бастаған батырлар халқының басын қосып, күшін танытты, мәртебесін көтеріп, қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқаңдап қоңқылдаған Қоханмен де, қалың қара қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабаларымыздың даналығының арқасында, осы Қазақстан жері бізге ата - бабамыздан асыл мұра болып қалды.
Аталарымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап бізге жеткізген ұлан - байтақ жерімізді қастерлеп, келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыру – біздің қасиетті парызымыз. Атамекен, туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен - ақ сіңіруге ұмтылғандығын туған жер жайлы мақал - мәтелдерден, аңыздр мен батырлық жырларынан көреміз. «Ит – тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп, ерекшелеп көрсетеді. Туған жерін сағынғанда патшалығын да тастап, елге тартқан Бейбарыс баба туралы аңыз да жүрекке жылы. Туған жер, өскен елді құрметтеу, оған барып тұру – азаматтықтың белгісі. Алтын бесік деп әсеттеп айтатын жеріне келген баладан бастап ересек адамдарды туған жеріне аунатып алатын қазақтың ырымы бар. Бұл бала отаншыл болсын, үлкендердің ауру - сырқауы, шер - шемені кетсін деген ұғымнан туған.
Жоғарыда айтып кеткендей атамекен, туған жер туралы шығармалар әр халықтың әдебиетінде көптеп кездеседі. Сол сияқты біздің қазақ халқында да туған жерге жыр арнамаған ақындарымыз, ән арнамаған сазгерлеріміз жоқ шығар. Осындай керемет, халықтың әнұранына айналып кеткен әннің бірі Қадыр Мырзалиев ағамыздың сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні.
Қандай керемет ән! Бүкіл еліне, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігі Ескендір ағамыздың тұла бойынан көріп тұр емес пе!? Ал осы әнді тыңдап отырғанда өздерің қандай күйде болдыңдар? Бұл әнді жәйбарақат отырып тыңдау мүмкін бе, өз ойларымызды ортаға салайықшы.
2. Атадан қалған асыл сөз: Бұл бөлімде атамекен, тіл, туған жер туралы жаттап келген мақал - мәтелдерімізді айтамыз. Өздерің қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
3. Өлең – сөздің патшасы: Ал сабағымыздың үшінші бөлімінде, өздерің де байқап отырған шығарсыңдар, өзіміз жаттап келген өлеңдерімізді мәнерлеп тұрып жатқа айтып береміз.
Балалар, бүгінгі сабақта ештеңе айта алмағандарың келесі сабақта мақал - мәтелдерді де, өлеңдерді де, әндерді де жақсылап жаттап келерсіңдер деген үміттемін. Өйткені ата - бабаларымыздың бізге қалдырған аманаты, асыл мұрасы бізге оңай жеткен жоқ. Осы жолда қаншама қан төгіліп, халқымыз небір нәубетті басынан кешірді. Ал енді бүгінгі ұрпақтың адам баласы үшін ең қасиетті деп саналатын - атамекені, туған жері туралы білмеуі, өзін қазақпын деп санайтын әр азаматтың атына сын.
4. Сөздікпен жұмыс: Балалар тақырып бойынша синоним сөздерді дәптерлеріне жазып, осы сөздермен бірнеше сөйлемдер құрастырады.
Атамекен –
Батыр –
Парасатты –
Отаршылдық –
Тәуелсіз –
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен -
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады...
«Ата – қоныс жер қымбат,
Туып - өскен ел қымбат», - демекші, балалар, бүгінгі тәрбие сабағында айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік. Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендерсіңдер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің. Сендерге менімен бірге ат салысып қатысқандырыңыз үшін рахмет! Келешекте, тәрбиелі, ақылды, адамгершілігі мол, білімді азамат, азаматша болуларыңа тілектеспін.
ІV. Бекіту.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Менің сүйікті Жезқазғаным!

Менің сүйікті Жезқазғаным!

Мақсаты: Оқушыларға туған қалалары жайлы мағлұмат беру, туған қаласындағы көрнекі орындар мен ескерткіштермен таныстыру. Оқушылардың туған қаласына...
Менің сүйікті Жезқазғаным!

Менің сүйікті Жезқазғаным!

«Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің №21 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Өткізген: Керимкулова М. Б...
Туған жер

Туған жер

Апырай! Туған жер - ай! Теңдесер кім Бұл жерге сен болмасаң келмес едім. Кіндігімді байлаған қазағым - ай Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім...
Менің Қазақстанымды әлем таниды!

Менің Қазақстанымды әлем таниды!

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының «№21 жалпы білім беретін мектебі» бастауыш сынып мұғалімдері Сауытбаева Гульмира Серикбаевна Керимкулова...
«Туған жерім – Қазақстан»

«Туған жерім – Қазақстан»

«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С Тақырыбы: «Туған жерім – Қазақстан» ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×