Сайтқа кіру Тіркелу

Білім - адам баласының ортақ қазынасы (сайыс сабақ)

«Білім - адам баласының ортақ қазынасы»
Жүргізуші1: Қайырлы күн, әріптестер!. Бұл дегенің, ішіндеміз бәріміз бір кеменің
Жүргізуші2: «Білім - адам баласының ортақ қазынасы» атты сайысымызға қош келіпсіздер!
Жүргізуші1: Адам өміріндегі қызығы мол, мәңгілік естен кетпейтін балалық шағыңның айырылмас бір бөлігіне айналған адам ол - ҰСТАЗ. Жүрегі таза, пейілі кең ұстаз шәкіртінің өміріне деген көзқарасын қалыптастырып, қанат қағып ұядан қияға ұшқанша білім нәрімен сусындататын, үлгі - өнеге көрсететін абзал жан.
Жүргізуші2: МҰҒАЛІМ - мектептің айнасы, бәйтерегі. Ұстаздар жайында халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өріседі... Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз»,- деген. Бойымызға ата - анадан кейінгі ақыл - ой, адамгершілік, әдептілік, ар - ұят, ұлттық сана - сезімді сіңіруші адам - МҰҒАЛІМ.
Бүгінгі кешіміздің мақсаты: Сайысқа қатысушыларымыздың бойында ұстазға тән - көреген, инабатты, аңғарғыш, байсалды, алғыр, шешен, сыпайы, өнерге - білімге құштар, төзімді, қанағатшыл, кешірімді, асқақ. болулары шарт. Осылардың барлығы сайысқа қатысушылардың бойынан табылуы керек.
Жүргізуші1:
Өмір атты кеме кетіп барады,
Тыным таппай су сылдырап ағады
Барма екен, тоқтар жері кеменің,
Жо - жоқ, өмір таңдамас еш жағаны.
Жүргізуші2:
Өмір жылжып барады бір тынымсыз,
Ал, адамзат өтпейді арман - мұңсыз.
Келіңіз, өмір жайлы сырласайық,
Бүгінгі өмір жолаушысы Сіз және Біз.
Ендеше бүгінгі «Білім - адам баласының ортақ қазынасы» атты педагогикалық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші1: Тәуелсіздік таңының ұл - қызысыз
Біліммен, өнерменен бұлқыныңыз
Бұл өмір сайыстардан тұрады ылғи
Сайыста гүлдей жайнап құлпырыңыз - дей тұрып, ортаға «ШАПАҒАТ» тобымен «БЕС ЖҰЛДЫЗ» тобын шақырайық.
(Әр команда капитандары жеребе алып, бірінші қай топ бастайтыны анықталады)
Жүргізуші2: Бүгінгі сайысымызды саралап, әділ бағаларын беретін әділқазылар алқасы мүшелерімен таныс болыңыздар.
Ескерту: Әр командадағы мұғалімді жеке - жеке ұпай бересіздер. Содан команданың ұпайын шығарасыздар. Әр сұрақтың толық жауабы 5 - 10 ұпаймен есептелінеді.
Жүргізуші2: Бүгінгі сайысымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар:
1. Таныстыру - 3 минут
2. Сұрақ - жауап (білім, еңбек кодексі, конститутция) Ойлануға - 30 секунд
Жүргізуші1: 3. Педагогикалық жағдаяттан шығу - ойлануға - 30 секунд
4. Өз өнерлерін ортаға салу (би, халық әні, эстрадалық ән, терме, тақырыпқа сай қойылым) - 5 минут
5. Мақал - мәтел (ұстаз, шәкірт, оқу, тәрбие) ойлануға - 10 секунд
6. Капитандар сайысы (1 минутта 15 сұрақ)
Жүргізуші2: Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені, Мен қазақтың баласы!
Бірінші бөлім «Таныстыру» бөліміне кезек берейік.
Әр команданың капитандары команда мүшелерін таныстырады. Ортада нөмірі бірінші «БЕС ЖҰЛДЫЗ» командасы. Екінші нөмерлі «ШАПАҒАТ» командасы.
Жүргізуші1: «Талпынған бала, талпынған құстай, Құмары қанбас, аспанға ұшпай..»,- деп бабаларымыз дәл тауып айтқан.
Қазір ХХІ ғасырда ең бірінші орынға білім қойылды. Ұрпақ тәрбиесі мен оларға сапалы білім беру ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы білімді, шәкірт шығатыны сөзсіз. Біз тек біліммен ғана алға жылжи аламыз. Ал сол білім нәрін беруші - ҰСТАЗ.
Сырлары көп білімнің
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріңе -- дей келе екінші бөлім «Сұрақ - жауап».
Бұл «Сұрақ - жауап» бөлімінде әр командаға сұрақтар беріледі. Ойлану уақыты - 30секунд (Әр командаға 5 сұрақтан беріледі)
Онда бірінші болып «БЕС ЖҰЛДЫЗ» командасы сұрақтарды алады.
№1
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы қанша бөлімнен және қанша
баптан тұрады?
Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 - бөлімнен және 98 баптан тұрады.
2. Оқу жоспары дегеніміз не?
Оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін,
олардың зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын регламенттеріннің негізгі құжаты
№2
1. Азаматтардың білім алуы туралы қай бапта көрсетілген?
30 - бапта азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына
кепілдеме беріледі. Орта білім алуы міндетті.
2. Жұмыс берушінің актілеріне нелер жатады?
Жұмыс берушінің шығаратын актілеріне бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, ішкі
еңбек тәртібінің ережелері жатады
№3
1. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет және оның ең қымбат қазынасы?
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адам өмірі,
құқығы мен бостандығы.
2. Білім беру ұйымдарын басқару қалай жүзеге асырылады?
Білім беру ұйымдарын басқару ҚР - ның заңдарына, тиісті үлгідегі білім беру
ұйымдары туралы Үлгі ереже мен білім беру ұйымдарының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
№4
1. «Білім туралы» Заң қанша тараулардан және қанша баптан тұрады?
«Білім туралы» Заң 9 тараудан және 50 баптан тұрады.
2. Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ мерзімі қанша уақыттан аспауы керек?
Сынақ мерзімі 3 - 6 айдан аспауы керек.
№5
1. Оқу бағдарламасы деген не?
Оқу бағдарламасы - әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білімнің шеберлік пен дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті қандай палаталардан тұрады?
Қазақстан Республикасының Парламенті тұрақты негізде жұмыс істейтін екі
палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Екінші болып шыққан «ШАПАҒАТ» командасының сұрақтары.
№6
1. Кәсіптік білім беру бөлімдері қалай бөлінеді?
Кәсіптік білім беру:
a. кәсіптік бастауыш білім беру
b. кәсіптік орта білім беру
c. кәсіптік жоғары білім беру
d. жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру
e. қосымша кәсіптік білім беру.
2. Қазақстан Республикасының атқарушы билігін кімдер жүзеге асырады?
Қазақстан Республикасының атқарушы билігін Үкімет жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
№7
1. Лицей қандай оқу орны болып табылады?
Лицей – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды іске асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны.
2. Қазақстан Республикасында қандай басқару жүйе қолданылады?
Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
№8
1. Жұмыс беруші мен жұмыс алушы (Ұжымдық шарт) дегенді қалай түсінесіз?
Бір немесе бірнеше жұмыс берушілер және бір немесе бірнеше кәсіподақ келіссөздер жүргізу үшін өз ұйымын құрған қызметкерлер қол қойған жазбаша шарт түрінде рәсімделген құқықтық акт.
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы қашан қабылданды?
Қазақстан республикасының «Білім туралы Заңы 2007 жылы 15 шілдеде қабылданды.
№9
1. Түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу қандай көлемде жүргізіледі?
Түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу бір жарым есе мөлшерінен кем бөлінбейді.
2. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшысын кім тағайындайды?
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшысын құрылтайшы тағайындайды.
№10
3. «Еңбек туралы» кодекс қанша тараудан және қанша баптан тұрады?
«Еңбек туралы» кодексі 12 тараудан және 109 баптан тұрады
4. Қызметкерлерге қандай тәртіптік жаза қолданылады?
Қызметкерлерге еңбек тәртібін бұзғаны үшін, яғни қызметкерлердің кінәсін оған жүктелген еңбек міндеттерінің орындамағаны үшін жұмыс беруші, тәртіптік жазасының мынадай түрлерін қолдануға:
1. Ескерту жасауға
2. Сөгіс беруге
3. Қатаң сөгіс беруге
4. Еңбек шартын бұзуға құқылы
Жүргізуші2:
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Жүргізуші1:
Таза мінсіз асыл сөз,
Шер толқытса шығады.
Таза мінсіз асыл тас,
Жел толқытса шығады - дегендей келесі бөліміміз «Педагогикалық жағдаяттан шығу»- ойлануға - 30 секунд. Команда мүшелері келіп, сұрақтар алады.
Педагогикалық жағдаяттан шығу
Бірінші болып «БЕС ЖҰЛДЫЗ» команда мүшелері педагогикалық сұрақтарға жауап берді.
1. Кабинетке кірсеңіз оқушылар партаның үстіне шығып тұр, Сіз не істейсіз?
2. Бір оқушы екінші бір оқушының иығына мініп алған, Сіз не айтасыз?
3. Оқушыңыз Сізден «темекі тұтатып алайыншы»- деп оттық сұрады?
4. Кабинетте қыздар төбелесіп жатыр. Бір оқушы қолыңызға ұялы телефонды берді, «түсіріңіз» деп.
5. Оқушылар кабинетті іштен іліп алған. Сіз қалай ашасыз?
Екінші болып «ШАПАҒАТ» команда мүшелері педагогикалық сұрақтарға жауап
берді.
6. Көшеде оқушыңыздың мас болып кетіп бара жатқанын көріп қалдыңыз
7. Туған күніңізге оқушыларыңыз күшік сыйлады. Қалай қабылдайсыз?
8. Сіз сабаққа келгенде оқушыларыңыз теріс қарап тұр, не істейсіз?
9. Кабинетке кірсеңіз би болып жатыр?
10. Дос оқушыларыңыз бір - біріне қатты сөз айтысып қалып, Сізге келді. Не айтасыз?
Жүргізуші2:
Қайсысы күйші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам, Таланттарын табайық.
Келесі бөлім «Өз өнерлерін ортаға салу» (би, халық әні, эстрадалық ән, терме, тақырыпқа сай қойылым)
Бірінші болып «БЕС ЖҰЛДЫЗ» команда мүшелері хормен «Екі жұлдыз» әнін шырқады.
Екінші нөмірде «ШАПАҒАТ» команда мүшелерінен Қозыбақов Сүндет «Жұлдызым» әнін орындады.
Жүргізуші1: Ендеше келесі бөлімде Мақал - мәтел сайысы. Ойлануға - 10 секунд
Мақалдың бастапқы сөзі жазылады, қалған сөздерін жарысқа қатысушылар табуы керек. Мақал - оқу, білім, еңбек жайында болмақ.
Бірінші болып «БЕС ЖҰЛДЫЗ» команда мүшелері ортаға шығып мақалдың жарты жауабын табады.
1. Білімдіден ақыл шығар.......... (Ақылдан нақыл шығар)
2. Білім алмай «болдым» деме........... (Еңбек етіп «толдым» деме)
3. Білімсіз адамның сөзі білектей......... (Білімді адамның сөзі жібектей)
4. Тәрбиелі адам................... (тағаланған атпен тең)
5. Әдепсіз өскен баладан........... (Тәртіппен өскен тал артық)
Екінші «ШАПАҒАТ» тобына
6. Білгенге тоғыз........................... (Білмегенге тоқсан тоғыз)
7. Көп оқығаннан сұрама.................( Көпті көргеннен сұра)
8. Шәкірітсіз -............................ (ұстаз тұл)
9. Балаға байқап сөйлесең ақылыңа көнер..........(Байқамай шет сөйлесең, көп ішінде өлер)
10. Қадіріңді білмегенге,............................................ (қадіріңді кетірме)
Жүргізуші2: «Соңғы түйенің жүгі ауыр» - дегендей соңғы бөлім «Капитандар сайысы» Мұнда бір минутта 15 сұрақ қойылады. Дұрыс жауабы 10 баллмен есептелінеді.
Ендеше ортада бірінші нөмерлі «БЕС ЖҰЛДЫЗ» команда капитанына
1. Қасиетті сандар 3. 7. 9. 13
2. Жануар туралы ғылым (Жануартану)
3. Күрішті аймақ (Қызылорда қаласы)
4. Ең жүйрік құс (Страус)
5. Рамазан айының қасиетті түні (Қадір түні)
6. «Отырар алқабы» газеті қай жылдан бастап атауын өзгертті? 1992 жылы
7. Орнынан қозғалмай жүретін не? (сағат)
8. Ең жоғарғы спорт көрсеткіш? (рекорд)
9. Тігуге де оңай, бұзуға да ыңғайлы үй (киіз үй)
10. Бірінші жауған қардағы аңшылық? (қансонарда)
11. Иіс сезу мүшесі (мұрын)
12. Жердің ортасында не бар? (е)
13. Ең қомағай жәндік (инелік)
14. Қай аңның ізі адамның ізіне ұқсайды? (аю)
15. Ненің мұрты аяғынан ұзын? (тарақан)
Жүргізуші1: «ШАПАҒАТ» команда капитанына
1. Әр адамның шағын отаны (Отбасы)
2. Қуанышты күн (Мереке)
3. Жылбасы не? (тышқан)
4. Есту мүшесі (құлақ)
5. Мұсылманның жаңа жылы қашан? 22 наурыз
6. Көлікті күтетін жер? Аялдама
7. Ел басқару саласындағы ең басты тұлға (Президент)
8. Футбол ойынының ұзақтығы (45 минут)
9. «Отырар алқабы» бұрынғы «Қызылқұм» газеті қай жылдан бастап шығады?
10. Құлагер кімнің аты? Ақан сері
11. Алтын адам табылған жер? Алматы облысы, Есік қаласы
12. ОҚ облысының әкімі? Асқар Мырзахметов
13. Дүние жүзіндегі ең терең көл (Байкал)
14. 30 ақпанда не болады? (ештеңе болмайды)
15. Құрғақ тас қайда болмайды? (суда болмайды)
Жүргізуші1:
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
Арамызда білімді достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік - деп бүгінгі сайысымызда өз мәресіне жеткен сыңайлы, ендеше әділқазылар алқасы өз шешімдерін шығарғанша «ән – шашуға» кезек берейік.
Ортаға әділқазы мүшелері шығып, қай топтың жарыс барысында қанша бал алғандығын хабарлады. Сайысқа қатысқан екі команда мүшелеріне ұжым атынан үлкен алғыс айтамыз.
Жүргізуші2:
ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл - қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше сау болыңыздар - дейміз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×