Сайтқа кіру Тіркелу

Туған елге саяхат

Тақырыбы: Туған еліме саяхат
Мақсаты: 1. Оқушылардың елжандылық қасиетін дамыту, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, туған тарихын қастерлей білуге, еліміздің рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу

2. Логикалық ойлауын дамыту
Түрі: таным сабағы
Көрнекіліктер: 1. Тақырып жазылады. 2. Рәміздер буклеті, президент суреті. 3. Жалаушалар. 4. Рәміздер, Отан туралы нақыл сөздер

Жоспар: Барлық оқушылар Әнұранды айтады.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, балалар және біздің кешіміздің қонақтары. Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналады.

Монтаж: Рәміздер туралы сипаттама үзінділер оқиды.

1 - оқушы: Астана – Елордам
Арқаның қақ төріне қоныс тепкен құт мекеннің құйқасы құнарлы, төскейі шұрайлы. Айнала көкорай бел, көк шалған. самал желі жібектей, саф ауасы саумалдай. Жасыл түгі жайнап, бозтарғайы сайрап, қызғалдағы құлпыра нұр шашады.
Ел ырысы егіні көкжиекке дейін көсіле жайқалып, теңіздей толқиды.
Осынау өлкеде жас қала - Бас қалаға айналды. Келбетіне көрік қосты, келешегіне сенім әкелді. Зәулім үйлері көбейді, оқтай түзу даңғылары ұзарды. Шаңырағы биіктеп, шаттығы әуелеген қала күннен күнге өсіп келеді. 1997 жылы Ақмола мекені – Астана шаһарына, елордасы астана қаласына айналды.

Хор: Жасай бер, жайнай бер, жас қала, еліміздің бас қаласы!

2 - оқушы: Әнұраным - өр үнім
Әнұран – тереңнен тербеп, алысқа сермеген арманшыл тілектің, қайратты білектің, бұлқына соққан жүректің жарқын үні.

«Әнұранымызға қарап күн сәулелі қыран самғау Қазақстан келбетін көреді.
3 - оқушы: Жалауымда – күн мен қыран

Жалауыма қарасам көңілді мақтаныш кернейді. Ой шарықтайды, көңіл қалықтайды. Жалауым - жасыл байрағым, әлемнің барша елдерімен терезе теңестіріп асқақ желбіреп тұр.

Оны алыстан танисың: мөп - мөлдір аспандай көгілдір түс қандай керемет. Сол көгілдір зеңгір ортасынан шұғылалы сәулесін шашқан күн, күнді қанатымен көтеріп қалықтай ұшқан қыран қандай кербез. Оған өміріміздің қайнарындай қазақтың ұлттық өрнегі өріле берілгені қандай жарасымды.

4 - оқушы: Елтаңбамда – елдігім мен ерлігім

Қазақтың кең даласы, күн сәулелі шаңырағы, құс қанатты пырағы, көгілдір нұрлы шуағы, күн сәулелі ұраны – бәрі осында. Олардан жерімнің жұпары, елімнің рухы еседі.

Ортада қазақтың қарашаңырағы, күн сәулесіндей уықтар шаңырақтан шапағын шашқандай, екі жақтағы қанатты пырақтар арынды да қарымды, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды. Жарығымен «Қазақстан» жазуы жарқырай түскендей.

5 - оқушы: Конституция – Ата заңымыз

Еліміз егемен болды. Тәуелсіздік жалауы желбіреді. Ата заңымыз қабылданды. Ол тұңғыш ата заң 1993 жылы 28 қаңтарында қабылданған.

Оның беташары: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірілген, Қазақстан халқы,» - деп басталады. Ата заңда:

- биліктің бастауы – халық,
- мемлекеттік тіл – қазақ тілі, - деген жолдар бар.
Әділеттің ақ жолы осыдан бастау алады.
Оны білу – борыш, орындау – абырой, өмір қазығы ету – құрметті.
Мұғалім: бүгінгі сынып сағатымыз 4 бөлімнен тұрады.

Ал енді І бөлімді бастайық. Ол «Тарих шертеді» деп аталады. Бұл турда мен ҚР - сы туралы сұрақтар қоямын, ал сіздер жауап бересіздер. Және әрбір дұрыс жауап бергені үшін жұлдызша беріледі. Сұрақтарға жауабы дайын оқушы өзінің қолын көтереді.

І бөлім: «Тарих сыр шертеді..»

Сұрақтар:

1. Біз қай елде тұрамыз?
2. Біздің еліміздің президенті кім?
3. ҚР - ның астанасы?
4. ҚР - ның тәуелсіздігіне неше жыл толып отыр?
5. ҚР - ның тәуелсіздігін алған күн?
6. Біздің қаламыздың әкімі кім?
7. Конституция дегеніміз не?
8. Кеңес Одағының батыр қыздары кімдер?
9. Желтоқсан қаһарманы кімдер?
10. Алғашқы қазақ балаларына мектеп ашқан кім?
11. Елтаңбаның суретшілері кім?
12. Қазақтың атақты үш биін атаңыз?
13. Жалаудың авторы қылқалам шебері кім?
14. Біздің Валютамыз –
Оқушылар Қазақстан туралы өлеңдер оқиды.

ІІ бөлім - «Сөздің көркі - мақал».
Бұл кезеңде мен сіздерге мақал сіздерге мақал оқимын және соның ішіндегі бір сөзді тастап кетемін, соны тауып, айтуыңыз керек. Бұл кезең 12 мақалдан тұрады.

1. Отан – отбасынан басталады.
2. Ер – елінде, гүл жерінде.
3. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол.
4. Ит – туған жеріне, ер – туған жеріне.
5. Өз елім, өлең төсегім.
6. Ел іші – алтын бесік.
7. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
8. Туған жердің қадірін, шетте жүрсең білерсің.
9. Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары.
10. Мал қонысын іздейді, ер туысын іздейді.
12. Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын.

ІІІ бөлім: «Мен өз елім үшін не істер едім?»

Уақыт беріледі. Эссе жазады.

ІV.бөлім – «Ойлан тап» сөзжұмбақ шешу

Қорытынды: сайыста І орын алған оқушы, яғни осы жарыстың лидері марапатталады.
Балалар, сендер бүгін өз білімдеріңді көрсеттіңдер, жарайсыңдар. Көп - көп рахмет, сау болыңдар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×