Тақырыбы:«Білгірлер сайысы»
Мақсаты: алған білімдерін саралай отырып, оқушылардың қазақ тілін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру;
- Туған тілдің қадірін білу, сол жолда аз еңбек, ерлік істемейтінін ұғындыру;
- Оқушыларды өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу;
- Көрнекілігі: Тіл туралы қанатты сөздер, мақал – мәтелдер
- «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» (А. Байтұрсынов)
- «Ақыл көркі - көңіл, тілдің көркі - сөз» (Мақал)
- «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмытпау - бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмытпау» (Б. Момышұлы)
Қайырлы күн құрметті көрермендер, ұстаздар! Бүгінгі өткелі тұрған « Білгірлер» атты сайысқа қош келдіңіздер! Сіздердің алдарыңызда екі топтан құралған командалар олар: «Жас қыран», «Жас талап»
Мұғалім: Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, сайысқа тіл туралы,
Білгірлері 6 кластың шығады.
Біздің топ: «Жас Қыран» тобы
Біздің ұранымыз: «Тіл - ұлттың жаны»
Біздің өлеңіміз:
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Біздің топ: «Жас талап»
Біздің ұранымыз: «Сүйемін туған тілді – қазақ тілін»
Біздің өлеңіміз:
Тіліміздің бұлағы,
Тірліктің ел жүрегі,
Ана тілін сүйемін,
Отан үшін күйемін.
Тақтада «ҚАЗАҚ ТІЛІ» деген жазу бар. Әр топ кезектесіп, бір - бірден әріп таңдайды. Әр әріптің ар жағында тақырыптар белгіленген. Әр тақырыпқа бес сұрақ немесе тапсырма беріледі.
(Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Жауап нақты, толық болу керек және ойланып топпен ақылдасуға болады.)
Қ. Қазақ тілі
1. көп тілді білетін адам кім? (полиглот)
2. «ҚР мемлекеттік тілі - қазақ тілі» - деп Ата Заңның нешінші бабында жазылған. (4 бап)
3. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)
4. сөз таптарын атап бер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөздер)
5. қазақ тілінде неше жалғау бар екенін атап бер (4 - көптік, септік, тәулік, жіктік)
А. Қазақ әдебиеті
1. Ыбырай Алтынсарин туралы не білесіңдер (монолог)
2. А. Құнанбаев туралы не білесіңдер? (хр. Таблица бойынша)
3. А. Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айт.
4. 5 дос пен 5 дұшпанды ата.
5. Шоқан Уалихановтың шын атын кім (Мұхамедханафия)
З. Қазақстан тарихы.
1. Ата Заң қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)
2. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсанда)
3. Қазақстанның бұрынғы 2 астанасы туралы айтып бер (Орынбор, Қызылорда)
4. Қазақстанда қандай ұлттар мекендейді? (қазақ, орыс, ұйғыр, неміс....)
5. «Алтын адам» Қайдан табылды (Есік обасынан (қорған))
А. География.
1. Қазақстанның ең биік тауы (Хантәңірі 6646 метр)
2. Қазақстан қанша мемлекетпен шеттеседі (5 - Ресей, Қытай, Өзбек, Қырғызстан, Түркменстан)
3. Ең үлкен көл (Каспий)
4. Қазақстанда қанша облыс бар (14)
5. Қазақстанның негізгі пайдалы қазбаларын ата(көмір, тұз, алтын, хром)
Қ. Халық ауыз әдебиеті.
1. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде?(мақал2 - 3сөйлемнен тұрады, мәтел қысқа болады)
2. Еңбек туралы мақал - мәтел айт.
3. Достық туралы мақал - мәтел айт.
4. Жаңылтпаш айт.
5. Ертегілер қалай бөлінеді(қиял ғажайып, жан - жануарлар туралы, тұрмыс - салт)
Т. Қасиетті сан
1. Қазақ халқының қасиетті сандарын ата(3, 7, 9, 40)
2. Үш Бәйтеректі ата. (Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сайфуллин)
3. Үш арсызды ата
4. Бес арысты ата
(Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатып, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбеп Аймауытов)
5. «Жеті атаңды» білесің бе?
І. Сен білесің бе?
1. Қазақтың атақты палуаны кім?(Қажымұқан)
2. Сөз тіркесі, сөйлемді зерттейтін ғылым?(синтаксис)
3. Шыңғыстауда(Семейде) қандай атақты адамдар туған?
4. Айша бибі кесенесі қайда орналасқан?(Таразда)(Абай, Шәкәрім, Мұхтар )
5. Абайдың мұражайы қайда орналасқан?(Жидебайда)
Л. Полиглот
(Жұмбақтың шешуін сайыскерлер шешіп, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтады)
1. Асқар тауда, қара орман. (шаш - волосы -)
2. Қимылдаса қос шебер, қыруар - қыруар іс өнер. (қол - рука -)
3. Судан шығады, судан қорқады. (Тұз - соль -)
4. Жүзіне салсаң көзіңді көрсетеді өзіңді. (айна - зеркало -)
5. бетін адам ашады - білім нұрын шашады. (кітап - книга -)
І. Мақалдарды жалғастыру.
1. Туған жердің қадірін (шетте жүрсең білесің)
2. Жердің сәні егін (ердің сәні білім)
3. Білімдінің сөзі жібектей (білімсіздің сөзі білектей)
4. Білім ауысады (ырыс жұғысады)
5. Басқа тілдің бәрін біл (өз тіліңді құрметте)
Жекпе жек (капитандар сайысы)
І топтың капитанына 10 сұрақ
1. Атақты қазақ суретшісі кім? (Әбілхан Қастеев)
2. Теңге қашан айналымға енді? (1993 ж.)
3. «Ау, қызғыш құс» кімнің өлеңі? (Махамбеттің)
4. Орхон - Енисей жазбаларын алғаш оқыған кім? (Радлов)
5. Қазақтың музыкалық аспаптарын ата (домбыра, қобыз,...)
6. Қазақстанның бұрынғы астаналарын атап бер. (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)
7. Абайдың неше қара сөзі бар? (45+1)
8. Әнұранның авторларын тап бер. (Ж. Нәжмединов, Н. Назарбаев)
9. Қазақтың актерлерін атап бер. (Шәкен Айманов, Кәукен Кенжетаев, Асанәлі Ашимов)
10. Сен неше жастасың?
11. ІІ топтың капитанына 10 сұрақ
1. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
2. Қазақстан Тәуелсіздігін қай уақытта алды? (1991 ж.)
3. «Ескендір кімнің поэмасы? (А. Қ.)»
4. Орхон - Енисей жазбаларын қайдан тапты? (Моңғолиядан)
5. Асан Қайғы қай ғасырда өмір сүрген? (ХҮ)
6. «Бәйтеректің биіктігі неше метр?» (97)
7. Абайдың неше баласы болған? (7 ұл3 қыз)
8. Елтаңбаның авторлары кім? (Шота Аман Уалихан, Мәлібек Жандарбекұлы)
9. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қайда туған? (Баянауыл ауданында)
10. Мектеп директордың аты жөні кім? (К. А. М.)
Қорытындылау
(Жеңімпаз топ анықталып марапатталады.)
«Тіл – ата - баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру - мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер!
Ана тілің - анаң. Сыйлап өтіңдер!
Туған тілін танымаған көрсоққыр,
Болып өтер ертең мәңгі өкінер.
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамыздың тарихын ұмыту»,- деген Бауыржан Момышұлы атамыз.
Ана тілін құрметтеп, сүйе білейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт. Осымен бүгінгі кластан тыс шарамыз осымен аяқталды. Көріскенше күн жақсы.
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы
Аққұдық орта мектебінің
орыс тілі пәнінің мұғалімі
Рсалина Жанаргуль Хайроллаевна
Білгірлер сайысы
- даригуль
- 10 наурыз 2020
- 40993
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Білгірлер сайысы, сайыс сабақ, жарыс
Ұқсас жаңалықтар:
Үштілділік-заман талабы
Мақсаты: Оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу. Тіл біздің ертеңіміз, бабалардан қалған мұра екенін түсіндіру. Елбасымыздың үштілділік...Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім
БҚО, Атырау облысы, Атырау қаласы, №17 мектеп - лицейінің бастауыш сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі Габдижалел Арайлым Габдижалеловна...Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім
Тақырыбы: «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім». Мақсаты: оқушыларды өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу....Нұрлы жол тіл сайысы
«Нұрлы жол» тіл сайысы 7-сыныптар Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Изтурганова Айнакул Жолдасовна...Тілім менің-тірлігімнің тірегі
Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнаулы санаториялық мектеп интернатының тәрбиешісі Қалыбаева Нұрсулу Әлижанқызы. Тақырыбы: Тілім...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.