Сайтқа кіру Тіркелу

Құқықтық тәрбие

Сыныбы: 10 сынып
Тақырыбы: Құқықтық тәрбие
Әнұран айтылады.
- Егеменді, өркениетті елдің бүгіні мен ертеңін өрге бастар жас жеткіншектер. Бүгінгі іскерлік ойынымыздың мақсаты – құқықтық тәрбие бере отырып, тәуелсіз мемлекетіміздің жас жеткіншектерін азамат ретінде көрсете білу. Іскерлік ойынымызға екі команда қатысады. Бірінші топ «Құқық» деп аталса, екінші топ «Азамат».
Музыка ойналып, оқушылар орнынан тұрады.
«Құқық» командасының девизі: «Құқықтық тәрбие - өзекті мәселе».
«Азамат» командасының девизі: «Азамат атанған адам - өзі туған мемлекетінің міндеті мен құқығына ие».

Жүргізуші:
Ақыл білім жастарда,
Сөз берейік жастарға.
Әділдікке бас иеміз,
Әділ сөзді сүйеміз.
Жасөспірім жастардың,
Тыңдайық білім өнерін.
Әділқазылар алқасы сайланады.

I бөлім
«Кім көп біледі?»
1. Қоғам деген не?
(Саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде бірігуі)
2. Құқық деген не?
(Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)

3. Қазақстан азаматы болуды қалай түсінесіз?
(Мемлекетте тұрақты түрде тұратын азамат заң бойынша Қазақстан мемлекетінің азаматы бола алады)

4. құқықтық мәдениет деген не?
(Қоғамдағы әрекет етуші заң негіздерін білу оған құрметпен қарау, содан үлгі алу, бұл құқықтық сана және құқықтық мінез - құлық)

5. Декларация деген не?
(Декларация – хабарлау. Мемлекеттік саясаттың, правоның, халықаралық қарым – қатынастың принциптерін саналы түрде салтанатты түрде жариялайтын документ)

6. Құқықтық норма дегеніміз не?
(Қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданатын әлеуметтік ережелердің бірі. Құқықтық нормаларға неғұрлым әдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттік, адамгершілік мәні жоғары болады)

7. Адам құқықтарының жалпыға ортақ «Декларациясы» қашан қабылданды және қабылдану себебі?
(Адам құқықтарын заң күшімен қорғау қажеттілігінен туған «Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын» 1948 жылы 10 желтоқсанда
БҰҰ - ның Бас Ассамблеясы қабылдады. Ол 30 баптан тұрады. Бұл Декларация барлық халықтар үшін орындалуға тиісті міндет ретінде жарияланды)

Қандай құқықтық жүйені білесіңдер?
1) Конституциялық
2) Әкімшілік
3) Азаматтық
4) Еңбек
8. Тәртіп деген не?
(Әртүрлі әлеуметтік әдет - ғұрып, дәстүр және әдептік нормаларының әсерінен орнатылады)
9. Құқықтық мәдениеттің екінші түрі – құқықтық мінез - құлық деген не?
(Ол қоғамдағы әлеуметтік қатынастарың құқықтық тәртіпке сәйкес болуын қамтамасыз ету, құқық нормаларын сақтау)

II бөлім
«Менің құқығым және міндетім»
Адам құқығының жалпыға ортақ Декларациясында «Әрбір адамның құқығы мен қатар міндеті де бар» делінген.
1. Мектепте оқу тек қана құқық емес, сондай - ақ міндет екенін қалай түсінесің?
(Бастауыш мектеп оқушысы мектепке барудан бас тарта ала ма? Қаламасам оқымаймын. Бұл менің құқығым. Жоқ, олай емес, өйткені мемлекеттің заңында адамның құқығымен қатар міндеті де көрсетілген. Орта білім алу баршаға міндетті және тегін, ал техникалық және кәсіптік білім – көпшіліктің қолы жетерліктей болу керек)

2. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы. Баланы тәрбиелеу – ата - ананың құқығы ғана емес сонымен қоса олардың міндеті дейміз, неге?
(Қазақстан Республикасының заңына бойынша орта білім алуға балалар міндетті болса, оларға оқу үшін жағдай жасап, қамқорлық көрсету – ата - аналардың міндеті. Яғни, ер жеткенше киіндіру, асырау, оқыту, бәрін де білуге баулу, өмірге керек болатын нәрсенің бәріне тәрбиелеуге аса көңіл бөлу – ата - ананың міндеті)

3. «Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата - анасына қамқорлық жасауға міндетті» (Конститутцияның 27 бабы) дейді, қалай түсіндіресің?
(Баланың адамгершілік парызы – қартайған әке - шешесіне қамқорлық жасау. Адамның ата - анадан басқа жақын ешкімі жоқ. Бала ата - анасына көмек көрсетуге, ілтипат танытуға, адамгершілік, материалдық қолдау жасауға тиіс, оларды асырауға міндетті)

4. Оқушы ретінде қандай міндеттері білуге тиіссің?
(Мен оқушы болғандықтан өзім оқитын мектебімнің ережесін қатаң сақтай білуім керек, яғни, білім нәрін өз бойыма сіңіре білу, мектеп, сынып жұмысына белсене араласу, тәртіпті, қарапайым және кішіпейіл болу, халқымыздың мемлекеттік рәміздерін көздің қарашығындай сақтап сүю, қастерлеуге тиістімін.)

III бөлім
«Сөздік турнир»
Берілген мәліметке нақты атауын беру.
1. Заң бойынша Қазақстан мемлекетінің бір мүшесі.(Азамат)
2. Барлық мемлекетте өз азаматтарының азаматтығын мемлекет тарапынан мойындап, қамқорлық жасау.(Декларация)
3. Жалпы тәртіптік шара. (Заң)
4. Бала құқығы жөнінде халықаралық шарт.(Конвенция)
5. Мемлекеттердің арасындағы өзара көмек туралы шарт, келісім.(Пакт)
6. Бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі.
(Конститутция)
7. Жер бетіндегі халықтардың мүддесін қарайтын халықаралық ұйым.(БҰҰ)
8. Әрбір адам басқа адамдармен тең және еркін. Адамдарға өмірдегі ең қымбат нәрсе не?
(Бостандық)

IV бөлім
«Суреттер әлемінде»
Берілген суреттер бойынша тақырыпқа сай мағлұмат беру, мазмұнын ашу.
1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Адамның тұрғын үйіне сұғылмайды.
(Тұрғын үй)
2. Конвенцияда «Баланың білім алуға құқығы бар деп көрсетілген». Балалардың оқуына барлық мүмкіншіліктер жасалуы қажет. (Мектеп)
3. БҰҰ - ның алдына қойған басты мақсаты – дүниежүзілік бейбітшілікті сақтау. (Бейбітшілік)
4. Әрбір адам өмір сүруге, денсаулығын сақтауға құқылы. (Денсаулық)
5. Адамның, азаматтың ар - намысы мен қадір - қасиетіне қол сұғуға болмайды, ешкімнің де өмірін қиюға болмайды. (Қылмыс)
6. Кез - келген бала дем алуға, қыдыруға құқылы, бірақ олар адамның қалауынша болуы тиіс.
(Демалу)
7. Кез - келген бала бос уақытын тиімді пайдаланып, денсаулығын нығайтуға, көңіл - күйін көтеруге, қабілетін дамытуға құқылы. (Спорт)

VI бөлім
«Блиц турнир»
1. Қазақстан Республикасын кім басқарады?
(Президент)
2. Жер бетіндегі халықтардың мүддесін қорғайтын халықаралық ұйым.(БҰҰ)
3. Адам құқығын қорғайтын заңдарды кім шығарады? (Парламент)
4. Заң шығарушы парламент неше палатадан тұрады? (Сенат, мәжіліс)
5. Адамның, азаматтық қоғамның өзара жауапкершілігін бекітетін не? (Конституция)
6. ҚР конституциясын, заңдарды нормативтік сипаттағы президент жарлықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, мәжіліс қарауына заң жобаларын енгізетін не? (Үкімет)
7. Конституцияда бекітілген заңға қайшы әрекет ету дегеніміз не? (Заң бұзушылық)
8. ҚР мемлекеттік рәміздерін ата! (Ту, елтаңба, әнұран)

Қорытынды бөлімде 2 топтың білімдері бағаланып, озаттары марапатталады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×